Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тауар өнімдерін өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметті білім беру мекемелерінде ұйымдастыру.




Білім беру мекемелерінің экономикалық дербестігінің ауқымын ұлғайту, олардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу – өз қаражатының мүмкіндіктерін іске қосу мен қосымша қаражат табу көздерін іздестіру, білім беру мекемелері үшін ерекше маңызға ие болмақ.

Білім беру жүйесін дамыту ҚР-ң мемлекеттік саясатының басты бағыты болып саналады. Бұған негіз болатын ҚР «Білім туралы» заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспары», Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде білім беру саласында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері яғни жеке балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орталықтары, мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары және басқа да қосымша білім беретін ұйымдарға қолдау көрсетілуде.

Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызметтің түрлері: білім беру мекемелерінің құрылымдық базаларында тауар өнімдерін өндіру; білім беру қызметі; қосымша білім беру қызметі; білім беру қызметіне қатысы жоқ қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңы, Мемлекеттік білім беру мекемелері «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
өткізуден түскен ақшаны жұмсау» ережесіне сәйкес білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері белгілі:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімдері мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады.

Мемлекеттік білім беру мекемелері мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы тағайындалған жерде мынадай ақпаратты орналастырады:
1) осы мемлекеттік білім беру мекемелері көрсететін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар прейскуранты;

3) үлгілік шарт нысаны. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері. Жеке меншік білім беру ұйымдарды, мектепке дейінгі ұйымдарды (балабақша, шағын орталықтар) ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынылым.

Қазақстандағы заңдар, жарлықтар, қаулылар, мен бұйрықтар түрінде бірқатар нормативтік – құқықтық құжаттар

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 150; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты