КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Білім беру саласындағы консалтинг1. Басқарушылық кеңес берудің әдіснамалық негіздері 2. Білім беру консалтингі саласындағы зерттеуші, эксперт, кеңес беруші 3. Басқарушылық-педагогикалық кеңес беру Қазіргі отандық нарықтағы консалтингтік қызметтің дамуымен бірқатар ұғымдардың енгені анық: «кеңес беру», «басқарушылық кеңес беру», «ішкі және сыртқы консалтинг» және т.б. Шет елдік консалтингтік орталарда да консалтинг ұғымының нақты белгіленген анықтамасы жоқ. Консалтинг нарығына мейлінше терең зерттеу жүргізген Еуропалық экономика және басқару бойынша кеңес берушілер ассоциациясының федерациясы шетел кеңес берушілерінің тәжірибелеріне сүйеніп бірқатар анықтамалар берген. Консалтингтік қызмет – бұл бизнесті басқару саласындағы әлдекімге көмек беруге бағытталған жан-жақты қызмет түрі болып табылады. «Менеджмент-консалтинг» термині, ағылшын тілді елдерде пайда болған, көбіне «басқарушылық кеңес беру» деп түсініледі, бірақ бұл ұғым консалтингтің толық мәнін бере алмайды, дұрысында «экономика және басқару бойынша кеңес беру» деген жөн. Бұл консалтингтік экономикалық мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Ю.В.Чернов, С.Ф. Фомишин и А.И.Тищенко бүгінгі күнге дейін басқарушылық кеңес беру дефинициясының бір тоқтамы жоқ екендігін жазады. Аталған авторлар және болгар зерттеушісі К. Чакыровтың «басқарушылық кеңес беру» ұғымына берген анықтамасы оның мәніне жақын деп тоқталамыз, ол бұл ұғымды ұйым басшыларына көрсетілетін жоғары білікті қызмет, бизнес-ұйымның еңбек өнімділігін арттырушы тәуелсіз жаңа экономаны қалытастырушы мамандар ретінде қарастырады. Бірақ жоғарыда аталған ұғымдар консалтингтің ұйымдастыру сияқты маңызды сипатын қарастырмайды. Консалтинтің мәнікүннен күнге өсіп келеді және қазіргі нарықтағы алатын орнына байланысты жаңа мәнге ие болды. Консалтинг бизнестегі барлық процесстерді дамытуды жандандырудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Бүгінде бәскеге қабілетті болу деген сӛз – технологияны, техниканы, өндірісті, еңбекті, қызметкерлердің басқарушылық қызметін ұйымдастырудағы ғылыми-ұйымдастырушылық ізденісті жандандыру болып табылады. Басқарушылық кеңес беру осындай жандандырудың бір түріне жататындығын дәлелдеді. Жандандырудың негізгі процестеріне, біріншіден, ӛндірістік объектілерге ӛндірісі мамандандырылуын анықтауда жан-жақты кӛмек беру, екіншіден, қиын қаржылық жағдайға тап болған бизнес-ұйымдарға іс-тәжірибелік, ғылыми негізделген кеңестер (банкроттықтың алдын-алу жолдары, әлеуметтік дауларды шешу және т.б.) беру болып табылады. Консалтингтің тағы бір маңызды ролі ұйымдарға жаңа білімдер енгізу, ұйымның және жекелеген қызметкерлерінің білімдерін басқару. Менеджмент бойынша еуропалық анықтамалық-кӛрсеткіште қазіргі уақытта консалтингтік қызметтің 84 түрі белгілі, ол 8 топқа біріктірілген: 1. Жаппай басқару бойыннша кеңес беру. Бұған бизнесті бағалау, ұйымдастырушылық құрылымын, нарық конъюнктурасын, дамуын, стратегиялық жоспарлауды, қосылуды, сапаны және жобаны басқару сұрақтарын, жекешелендіруді және т.б. зерттейді. Әкімшілік кеңес беру – құжат айналымын талдау, жұмыс орындарын жоспарлау, оларды жарақтандыру, офисті басқару және бәсекені реттеу сұрақтарын қарастырады. 2. Қаржылық басқару бойынша кеңес беру – салық салу, есеп жүйесін, табыстарды арттыру, шығындарды тӛмендету сұрақтарын қарастырады және т.б. 3. Маркетингтік кеңес беру – нарықты зерттеу, маркетинг стратегияларын дайындау, сатуды басқару, сонымен бірге, жарнама, дизайн, фирма беделін, брэндін қалыптастыру және т.б. сұрақтарын зерттейді. 4. Кадрларды басқару бойынша кеңес беру кәсіпорын қызметкерлерімен атқарылатын барлық экономикалық және психологиялық тұрғыларды қамтиды. 5. өндіріс консалтингі процессті автоматтандыру, материалдарды бөлуді реттеу, еңбек өнімділігін арттыру, эргономика және т.б. қарастырады. 6. Ақпараттық технологиялар – бұл басқару мен жобалауға автоматтандырылған жүйелерді, ақпараттық-ізденушілік жүйелерді, әкімшілік ақпараттық жүйелерді және т.б. енгізу. 7. Мамандандырылған консалтингке келесі қызмет түрлері енеді: юристік, инженерлік, экологиялық, ақпараттық, телекоммуникациялық, электроэнергетиканы басқару бойынша консалтинг, мемлекеттік сектор консалтингі, білім консалтингі.
|