Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. 1. Access –те «Товарлар сатылымы» деп аталатын деректер базасын құрыңдар.




1. Access –те «Товарлар сатылымы» деп аталатын деректер базасын құрыңдар.

2. Конструктор көмегімен Операциялар деп аталатын келесі таблицаны құрыңдар:

 

Өрістің атауы өрістің типі Сипаттау
операцияКоды Счетчик Дқ уникалды өрісі
Дата Дата/время Сатылу датасы
товарКоды Сандық Товардың шифірі
сатыпалушыКоды Сандық Сатыпалушы фирманынң шифірі
Бағасы Сандық  
Саны Сандық  
Соммасы Сандық  
Төлеу форм Текстік Төлеу формасы

 

3. Дата өрісіне Значение по умолчанию қасиетін орнатыңыз. Ол кестені толтырған кезде автоматты түрде ағымдағы датаны қояды. Қажет болған жағдайда оны өзгертуге болады. Ол үшін Значение по умолчанию қасиетіне апарып =Date() текстін енгізіңіз. Формат поля қасиетіне краткий формат даты мәнін орналастырыңыз.

4. Соммасыөрісіне значение по умолчанию қасиетіндегі 0 мәнін жойыңыз. өріс форматын денежный деп өзгертіңіз.

5. Датаөрісіне условие на значение мәнін беріңіз. Ол бүгінгі датадан кем болмауы керек. Сообщение об ошибке өрісін толтырыңыз.

6. Саны, бағасы, соммасыөрістері үшін условие на значение қасиеті нолден үлкен болу керек.. Сообщение об ошибке өрісін толтырыңыз.

7. ОперацияКоды–на кілттік өріс беріңіз.

8. Конструкторды жауып кестені операциялар деп сақтаңыз.

9. Конструктор режимінде аналогты түрде Товар кестесін құрыңыз:

Өрістің атауы өрістің типі Сипаттау
ТоварКоды Счетчик Дқ уникалды өрісі
Атауы Текстік  
ӨлшБірл Текстік Өлшем бірлігі

10. ӨлшБірл өрісі үшін Тип элемента управления қасиетінен поле со списком мәнін таңдаңыз. Тип источника строк қасиетніне список значений таңдаңыз.

Источник строк қасиетін келесіні жазыңыз: кг;бул;пач;дана;лит. Кілттік өріс ретінде ТоварКоды өрісін көрсетіңіз.

11. Конструкторды жауып кестені Товарлар деп сақтаңыз.

 

12. Операциялар кестесін ашып, аналогты түрде тізімді өріс төлеуформасы өрісін енгізіңіз: бар(бартер); а/т(ақшалай төлеу); а/сыз/т (ақшасыз төлеу).

 

13. Сатып Алушылар атты 3-кестені құрыңыз:

 

Өрістің атауы өрістің типі Сипаттау
сатыпалушыКоды Счетчик ДҚ-ның уникалды өрісі
сатыпАлушы Текстік  
РНН Сандық  
т/с Сандық Төлемдік счет
Адрес Текстік Төлеу формасы
Телефон Текстік  

 

 

14. Телефон өрісі үшін маска ввода қасиетіне ###\-##\-## енгізіңіз.

15. РНН және т/с үшін де маска енгізіңіз. РНН 12 цифрдан, ал т/с 6 цифрдан тұрсын.

16. Кілттік өріс ретінде – Сатыпалушы Коды.

17. Конструкторды жауып Сатыпалушылар деп сақтаңыз кестені.

18. Құрылған кестелерді ашып толтырыңыз:

19. Деректер схемасын ашып, барлық таблицаны көрсетіңіз.

20. Кестелерді байланыстырыңыз. Қандай кесте қандай өріс арқылы байланысатынын анықтаңыз.

21. Операциялар кестесін ашып тексеріңіз.

22. Дата өрісі арқылы кеңейтілген сүзгі жүргізіңіз.(записи-фильтр-расширенный фильтр).Январь айындағы операцияларды сұпрыптаңыз.

23. Сүзгіні өшіріңіз де, Бағасыөрісі арқылы бағасы 100ден көп товарларды сүзіңіз.

24. ТөлеуФормасы өрісі арқылы ақшасыз төлемдер тізімін шығарыңыз.

Форма құру.

25. Шебер көмегіменСатыпалушыларкестесіне форма құрыңыз. (форма түрі – бір бағанға, стилін өзіңіз таңдаңыз). Форманы СатыпАлушылар деп сақтаңыз.

26. Форма режимінде кестеге екі жаңа жазба енгізіңіз.

27. Автоформа арқылы Товарлар кестесіне форма құрыңыз. Форманы Товарлар деп сақтаңыз.

28. Шебер көмегімен Операциялар кестесіне де форма құрыңыз.

29. Шебер көмегімен Операциялар, Товарлар,Сатыпалуышлар кестелеріне форма құрыңыз, ол келесі түрде болу керек:

 

30. Форманы Тапсырыс деп сақтаңдар.

31. Келесі түрдегі Даталар бойынша операциялар формасын құрыңыз:

 

 

 

Есептерді құру.

1. Сатып алушылар сұранысы негізінде Продажа атты автоотчет құрыңыздар.

2. Тапсырыссұранысы бойынша автоотчет құрып, тапсырысшылар деп сақтаңыздар.

3. Товарларкестесіне ленталық автоотчет құрыңыз.

4. МартОперацияларысұранысы бойынша автоотчет құрыңыз даМартОперацияларыдеп сақтаңыз.

5. Конструктор көмегіменСчет-фактураатты есеп құрыңыз.

6. 3 есептелу өрісін құрыңыз: Соммасы өрісі келесі формуламен есептеледі: =саны*бағасы; НДС өрісі сомманың 15пайызын құрайды. НДС ескеруімен соммасы соммасы және НДС өрістерінің қосындысы:

 

 

7. Есепке колонтитул қойыңдар: төменгісі – топтың атауы, жоғарғысы - өздерінің аты-жөндерін.

8. Алынған есепті қарап шығып, сақтаңдар.

9. Товарлар кестесін конструктор режимінде ашып ФОТО атты өріс қосыңдар, оның типі поле объекта OLE.

10. егер компьтерде товарлар суреті бар болса, қойыңдар. Не болмаса paint көмегімен салыңдар.

11. Кесте режиміне көшіп, ФОТО өрісіне курсорды қойып, Вставить командасын орындаңыз.Аналогты түрде басқаларын да орналастырыңыз.

12. Товарлар формасы арқылы нәтижесін байқаңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Access – тің негізгі элементтерін атаңыз

2. ДҚ-ның негізгі объектілерінатаңыз

3. Кестемен жұмыс істеудің қандай режимдерін білесіз?

4. Access ДҚ-да конструктор дегеніміз не?

5. Кілттік өріс не үшін қолданылады?

6. Не үшін ДҚ-да кестелерді өзара байланыстыру қажет?

7. Кестелер арасындағы байланыс түрдерін атаңыз.

8. Кестелер байланысы 0андай шартқа сәйкес орындалады?

9. «Бір-біріне», «Бірдің көпке», «көптің-көпке» қатынастарын қалай түсінесіз?

10. деректер біртұтастығы дегенді қалай түсінесіз?

11. Форма не үшін қолданылады?

12. Форманың қандай түрлерін білесіз? Әртүрлі кестедегі өрістер бойынша форма құруға бола ма?

13. Есептер құру жолдары? Есептер не үшін қолданылады?

14. Форма құру жолының есеп құру жолынан айырмашылығы?

 

 

№8Тәжірибелік жұмыс

Әртүрлі сұраныс түрлерін жасау. Іріктеу сұраныс. Параметрмен сұраныс.Қиылысқан сұраныс. Қортынды сұраныс.

 

Қысқаша теориялық мәліметтер

Сұраныстар–жазуларды таңдау, кестелерді жаңарту және оған жаңа жазуларды енгізу үшін керек.. Сұраныстарды берілген шартты қанағатындыратын, нақты жазулардын топтарын тандау үшін қолданылады. Сондай-ақ сұраныстар әртүрлі кестелерде болатын ақпаратты қиыстыруға мүмкіндік береді және берілген кестелердін байланыстырған элементтерге бірынғай түрін қаматамасыз етеді.

Қарапайым сұраныс шеберін қолдану

Бұл мастер (шебер) тек қана мәліметтерді іріктеу қарапайым сұраныстарды жасайды, сондықтан оны кәсіпқор емес қолданушылар қолданады. .

Қарапайым сұраныстардын басқа сұраныс түрлерден айрмашлықтары:

1 Сұранысқа таңдау критерияларын қосуға және сұраныстын сұрыптау реттін анықтауға болмайды.

2 Сұраныста өрістердін реттін өзгертуге болмайды; шебердің бірінші терезесі ашылғанда, өрістер таңдаған реттінде көрсетіледі.

3 Егер бір немесе бірнеше өрістер сандық болып табылса, шебер қосынды сұранысты жасауға мүмкіндік береді. Ол цифралық өрістін сома, орта, минималды немесе максималды мағынасында беріледі. Сұраныстын нәтижелер жиынтығына жазулардын саның қосуға болады.

4 Егер бір немесе бірнеше өрістердін типі Date/Time болса, қорытынды сұранысты жасауға болады. ол мәліметтерді диапазон – күн, ай, квартал ,жылдары бойынша топтастырады.

Сұраныстын конструкторды қолдануы.

Қарапайым сұраныс шебердін мүмкіндіктері шектеулі болып тұрады. Бланк запрос деген, сұраныстың конструктордың графикалық терезесін қолдануы ең жақсы амал болып табылады Бұл Access ішіндегі ең күшті құрал болып табылады.

Бланктін жоғарғы жақта кестелерді қосып және жойып, іріктеу үшін қажетті өрістерді төменгі жағында ауыстырғанда, керек болса кестелердін арасындағы байланыстарын өзгертіп, біз сұранысты SQL тілінде іс жүзінде қалыптастырамыз.

 

Запуск , батырмасн басып жасалған сұраныстын нәтижесін көреміз.

Сұраныс түрлері.

Access программада 4 негізгі сұраныстын түрлерін жасауға болады:

1. Іріктеу сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді алу.

2. Қиылысқан сұраныстар - электронндік кестесіні түрде бір немесе бірнеше МҚ кестелерден мәліметтерді жинақтайды. Осы сұраныстар графиктер мен диаграмма жасағанда және мәліметтерді,көп жазулардын санмен көрсетiлген өрiстерiнiң мәндерiнiң сомаларында негізделген, талдау үшін пайдалы

3. Өзгеріске арналған сұраныстар . Бұл сұраныстар жаңа мәліметтер қорынын кестелерін жасайды немесе кестелерге үлкен өзгерістерін енгізеді. Сондай сұраныстар кестеге жаңа жазбаларын қосуға немесе алып тастауға мүмкіндік береді, кірістірілген сұраныс конструкцияларға, өрнектер арқылы жазбаларға өзгерістер енгізу

4.Параметрмен сұраныстар – сұрыптау шарттарға қажетті емес өзгерістерін енгізіп, бар сұраныстарды қайта қолданамыз. Параметрмен сұранысты жасаған соң Access диалогтік терезесін ашып, пайдаланушыға жаңа сұрыптау шарттарын енгізуге ұсыныс береді. Параметрмен сұраныстардың функцияларын қалған 3 сұраныстардың түрлеріне қосуға болады.

Сұраныстын оптимизациясы

1. Нақты критериялар берілгенде, желілер арқылы жіберілетін жолдардын санын ықшамдауға мүмкіндік береді..Мысалы тек қана қазіргі айдын тапсырысын таңдауға болады. Пайдаланушылар үшін жеке сұранысты жасау мүмкін, мысалы «соңғы ай», «осы квартал», «сонғы квартал».

2. Негізгі деректер ұсыну үшін алғашқы сұранысқа мақсаты түрде керекті өрістерді енгізуге керек.

3.OLE Object және MEMO типті өрістерін алғашқы сұраныстарға енгізуге болмайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 169; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты