КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ТҮЙСІК ТҮРЛЕРІСыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер ету ұшін пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін,иісін, дәмін, катты жұмсактығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді касиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен онын кеністікке орналасуын, жеке бөліктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол-білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыннан көзін жұмуын өтетін, оның алақанына белглі аз 6ip затты тигізсең, сосын одан оның не екенің сұрасаң, ол: «Қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бip нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестepi түйсік болып табылады. Түйсіктер-заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттеpiн ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секонттың 1/100 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бipaқ оның калай деп аталатының білмейді. И. П. Павловтың нерв қызметі туралы ілім түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомнялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануар- ларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-кайсысы болмасын (көру, есту, козғалыс т. б.) үш бөліктен кұралады. Олар: біріншi сезім мүiueci (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркегдіргішті нервтік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын нерв талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен козуларды мидың түрлі бөліктерше жеткізін отырады. Анализатордың үшінші компоненті (кұрамы) — мидағы түрлі нерв орталықтары. Бұл тітіркендіргіштер нәзік айыра алуға қабілетін нейрондардан тұрады. 2. ТҮЙСІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ A. Сезгіштік және табалдырық Психологияда адамның түйсігіне алу қабшетің сезгіштік деп атайды. 1) Сезгіштік абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп eкіге бөледі Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштері түйсігінe алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолютік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіргендіргіштердің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы.Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезінетігі арта түседі Мәселен, 6ipey алақанындағы бip мм квадрат аумаққа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші 6ipev осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы eкi есе артық та, абсолюттік eкi есе кем екендігі көршеді. Егер тітіркендіргіштің шамасы табалдырықтан тө- мен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денеснее конған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін көрмейді құлақ әлсіз дыбыстарды естмейді. Өйткені осы тітіркендіргіштің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ. Айырма сезгіштік деп сезіш мүшелерің тітіркендіргіш, арасындағы болмашы айырмашылықты түйсігі не алуын айтады. Айырма сезпшттік сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бip грамм қосса, салмақтың артқаны біріншіден оны айыра білу үшін 3—4 грамм қосу керек. Айыру тадалдырығы түйсіктін әр түрінде түрліше болып келеді Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың куші 1/100-ге тең келеді Бұл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді 100 шамдық жарық күніне тағы 6ip шамдық жарық қосылса, сонда жарықтын аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кici катынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордын даусы аздап болса да көтершеді. XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э. Вебер (1795—1878) мен С. Фехнер (1801 — 1887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді. Осы заң бойынша тітіркендіргіштерді күші геометриялык прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалык прогрессия жолымен өседі. Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіш әсерін бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады. Ә. Адаптация Сезім мүшелеінің ceзгіштігi әсер етушіi тітркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгерт отырады. Бүл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын, немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай- қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегi адаптацияны алайық.Карық жерден қараңғы үйге кipy бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қаранғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетің жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөзі Көздің караңғыда көрінетінe торлы қабықтың шетне орналасқан таяқшалардың әсе- pi өте күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30—40 минуттан кейін караңғыдағы көру ceзгіштігі 200 мың есе артады. Ал караңғыдан жарыққа карай сезгіштің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз epіксіз жұмылады. Бірақ төрт-бес минуттан кейін көз бұған үйренеді де, көздің көpyi қалпына келеді. Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады. АдаптацияTepi (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мәселен, судың бірқа- лылты салқындығына дене тез уакыт ішінде төселед1 де, адамныңтepici суыққа тітіркенбейтің болады. Иісі түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иici 1—2 минуттан кейiн сезілмейтін болса, горщица мен нашатыр спиртің иісіне адаптациялану тезірек болады. Ауырсыну түйірсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жұмысының бұзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация құбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштерге анализаторлардын қалай да бейімделе алатындығын байқатады. Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация Егер адаптация анализаторлардың сезгіштің түрлi жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсететін болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын гана көрсететің құбылыс болып табылады. Сезім мүшелерінің біреуінің. әсерінен басқаларының ceзгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер eтіп тұрған басқа тітіркендіргіштің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсіктің сезімталдығының артуына да ceбепшi болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Сыртқы дүниенің заттары 6ip ғана анализатормен түйсінілмейді. Бip сезм мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді түйсіктердің бір-бірімен байланысқа тycyi сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігіi (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, тұз epiтіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көршеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де де де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысынын өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-карсылық) кұбылысы. Мәселен, айналасын ақ туске бояған сүр тік бұрыш айналасын қара туске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу көршеді. Ал осы сұр тік бұрыштың айналасын коңыр туске бояса, жасыл тартып, сары туске бояса, көгілдір болып көршеді Тым - тырыс кезде дыбыс жақсы ecтіледi, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсетілен мысалдарда түйсіктердің қарама-карсылығы нерв процестердің өзара индукция заңдылығымен (бip мезгілдік индукция) түсіндіріледі. В. Синестезия Тітіркендіргіштің сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте баска түйсжтердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар 6iреудін сөзін есткенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де ceзінуi мүмкін. Мұндай адамдардың бipi кызғылт түстен жылылықты, екіншілеpi — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иic, дәм түйсіктерінде кездесін отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысынын, мөлшерден тыс дамыған бip көрінісі. Г. Бip ізді образдар Tiтіркендіргішi әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бip i3дi образдар деп атайды. Бұлар көру, есту. иic, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі Мәселен. адам 2—3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса (көзді жұмғанда кабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен калқалау керек), жарықтың iзін айқын көре алады. Бip iздi об- раздардын бұл түрі оң 6ip iздi образдар деп аталады. Колымызға eкi парақ ақ кағаз алып, бipiн ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл кағаз жапсырайық. Бұдан кейін осы қызыл қағаздан көз алмай 20—30 секундтай қарап отырып, көзі мізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір тусті көруге болады. Бұл тepic бip iзді образдардың мысалы: Соңғы тус алғашқы қызыл шаршының тepic бip ізді образы. Кино ленталарындағы жеке кадрлардың арасындағы істерді байқамау осындай он бip ізді образдардың кызметі болып табылады. Өйткені, мұндайда бip тітіркендіргіш eкішісімен жалғасып отырады. Бip iздi образдар көбінece адамға байқалмайды. Өйткені, көздің тор қабығы унемі қозғалып тұрады да осыдан адамның көзi талмайды. Орталық нерв жуйеасін жоғары белістерінде турлі қозулардан қалған iзедер — бip iздi образдардың физиологиялық негізі болып есептеледі. Бip ізді образдарға ұксас зандылықтың бipi — эйдетикалық кұбылыс. Бұл — эйдонс деген грек сөзiнен алынған ,мағынасы көру, сурет, бейне, идея деген мағынаны білдіреді. Keйбip адамдарда бұрын кабылдаған заттар мен құбылыстарды, сол объектілер көзден таса пайда болған жағдайда да кepiп тұратындай кабілет болады. Осы жағдайға байланысты шыққан қисынды психологияда эйдетизм деп атайды да, осындай кабинет бар адамдарды эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естің елестеріне сондай-ақ түйсікте, ілеспе,бip iздiобраздарға табиғаты жағынан ұксас келеді Эйдегикалық бейнелерді естің елестері мен iліспe бейнелерден бip ерекшелеп мұнда адам жоқ заттарды ұсақ-түйектеріне дейін нақтылы тәптпіштеп түсіне алады. Яғни, алдында жоқ нәрсені бүге-шігесінe дейін жақсы «көре алады» бірінен екіншісіне көзін оңай жүгіртеді. 3. ТҮЙСІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ Түйсіктердің түрлері улкен үш топка бөлуге болады. Сыртқы дуниедегі заттар мен кұбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын туйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардын рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иic, дәм, тepi түйсіктері жатады. Ішкі мушелеріміздің күйін беннелейтін (хабарлайтын) туйсіктерге түрлі органикалық туйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды. 3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктep хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік. А. Көру түйсіктepi Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етушінің нәтижесінде пайда болады. Егер бip уақыттын ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дщ 1/1000 ООО бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгi түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180 дей жеке түрлерің және оң мыннан астам реңктерің ажырата алады. Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстері) болып eкігe бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі. қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түсің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесi. Мәселен, ақ түс ең жарық түс. кара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады. Түстердің өңі дегеніміз бip түстің eкіншіi түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдемесі сұр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою тус — қызыл түс болады. Көру мүшeci — көз. Оның непзп бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түстің тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе. Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұксас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген Tycciз мөлдір касаң кабықка (роговица) айналады. Мөлдір касаң қабық аркылы көз алмасының iшiне жарық сәулесі енеді Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Касаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің Tүci осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліне болып келеді Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ең iшкi, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деи аталатын фоторецепторлары орналаскан. Онда 130 миллионға жуық таяқша, 7 миллиондай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Шақшалар торлы қабыктың ортасына, ал таякшалар оныц шетк1 жағына орналаскан. Таякшаның клеткаларында көру пурпуры (зрительный пурпур) деген зат болады, бұл жарықтың әсершен химиялык жол- мен бөлшу арқылы көру нервтерш қоздырып отырады. Көру мүшесі үшін ми қабығы (оның желке бөлімін деп көру орталығы) сондай-ақ көмекші анатомиялық аппараттардың да (қабақ, кірпік, қас т. б.) тиісінше қызмет атқаратыны түсінікті. 3аттардың түстерін көру «үш тусті көру» теориясымен түсіндіріледі Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, оны одан ары дамытқан немic ғалымы Г. Гельмгольц Осы аталган ға- лымдар көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бip-бipiнeн айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрлше сезетіндікте деп жорамал жасады. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда 6ipіншi жұмыр клеткалар қозу күшінде келеді де, осының нәтижесінде қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады, ал үшінші жұмыр клеткаларының қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді Осы ұш жұмыр клетка қатар қозатын болса, Kici ақ түсін түйсінеді, ал бұлардың қозу күші әр түрлі болып келсе, аралық түстер түйсніледі. Заттың түстерін дұрыс айыра алмау көздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларыныц жұмысына зақым келуден болады. Заттың түсін сезбейтін адамдарды ахроматтар деп атайды. Оларға айналадағы нәрсенің барлығы 6ip түсті болып көрінеді. Tiптi осы клеткалардың 6ipeyінің кызметі бұзылса да адамға заттын түстерін дұрыс түйсіну киын соғады. Түстерді көре алмайтын адам зор азап шегеді. Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистери шоферлер мен трамвай жургізушілер түстерді жақсы ажырата білуi қажет. Өйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық транспорттын апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түстіi айыра білу қaбiлeттepiн дәрігерлік комиссия аркылы анықтап отырады. Түстерді бipiмен-бipiн араластыру, яғни бұлардың қоспасынан жаңадан бip түс шығару да белгілі зандылықтарға негізделген. Мәселен, қосарлап алынған таза спекторлық түстердің косындысынан (қызыл мен жасыл, көк пен сары) ахроматикалык, бояусыз түстер (ак, қара түс) шығады. Хроматикалық түстердің осы айтылғаннан басқа кез келген еш жұбын араластырса, қандай болмасын 6ip аралық түс — түстің peнi келіп шығады. Мәселен, қызыл мен сары түстің косындысынан күлгін түс пайда болады. Басқа түйсіктер тәрізді көру түйсігi де тарихи дамудың нәтижесі. Адам көзінің заттың түсін ажырата алу кабілетін 6ірден калыптаспаған. Талай ғасырлық дамудың нәтижесінде еңбек процесінің үстінде, заттың түсін ажырата алу кабілеті 6іріншіден қалыптасқан. Бұл пікipдің дұрыстығын мына 6ip мысал жақсы көрсетеді. Жаңа туған балаға айналасындағы заттар мен кұбылыстар біркелкі болып көршеді. Ол заттың түсін тек 5—6 айдан былай қарай айыра бастайды. Баланың осы кабиетін дамытуда бояулы ойыншықтар үлкен рөль атқарады. Ал көру түйсіктерінің дамуына еңбек процесінің, адамның нақтылы мамандығының қалайша әсер eтiп отыратындығын мына 6ip мысал жақсы дәлелдейді. Мәселен, қара мата тоқитын тәжірибелі тоқымашылар 6ip қара түстің өзінен-ақ оның 40 қа жуық ренкін ажыратса, қалған адамдар осының 2—3 түрінен зорға айырады. Ә. Есту түйсіктері Ecту мүшесінін тітіркендіргіштерін ауа бөлшектер бітістері — дыбыс толкындары. Ауа бөлшектер белістері тербелудің жиілігі амнлитудасы (құлашы) жэне тербелудің түріне карай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйактерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленyi, дыбыстың қаттылығы— бұл тербелу амплитудасынын сәулеленуі тембрі — тербелі түрінің сәулеленуі Біздің құлағымыз бip секунд ішінде 16 тербеліктен немесе герцтен 22 мың герц (тербелк) ішігндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиіліп бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жінішке, ультра дыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да кұлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай тypiн инфрадыбыстар деп атайды. Tүйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дурал, гүрсіл-сарыл т. б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдыларын консонас, жағымсыздарын диссонанс дыбыстары дейді. Есту мүшеci — кұлақ үш бөлімнен тұрады. Оның 6iріншіci — сыртқы құлақ, сыртқы құлакқа дыбыс түтінмен қосылған кұлақ қалқаны жатады. Ортаңғы қүлаққа (бұған дыбыс жарғағы, және үш есту сүйекшелер: балғашық, төстік, узенгі кіреді Есту мушесінің үшінші бөлiгi — iшкі құлақ. Ішкi құлақтың бітісі өте күрделі. Оныц өзі үш бөліктен: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл нeгізгіжарғақты бойлай к о р т и мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі Корти мушесінің аса маңызды бөлігі — өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецептюрлар деп аталынады. Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады Г. Гельмгольц кору мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал кысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікіp айтқан. Бұл жорамал кейіннен И. П. Павлов лабораториясында да эксперимент арқылы дәлелденген. Мәселен, иттің негізгі жарғағындағы ұзын талшықтарды сылып алып тастағанда, ол төменті дыбыстарды кабылдай алмаған, ал қыска талшықтары кесіліп алынғанда, бұрынғы үйренген жоғарғы дыбыстарды қабылдаудан қалған. Есту түйсігi де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әcipece тілді меңгеруге аса кажетін түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және 6ipeугe айтып беру дұрыс есту мейілінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу — есту түйсігі жөнді жетілмеген адамға қиынға түседі. Ал есту түйсігіндегі кемістік адамның пснхологиясына да кepi әсер етеді. Мәселен, кұлағы нашар еститін адамдардың көңіл күйінің жабырқау болатыны да осыдан. Музыканы eciтy қабілеті адамдарда біркелкі емес. Бұл олардың (күйдің) арқауын сезініп, дыбыстың гармониялық ара қатынасын ажырата білуге байланысты. Музыкалық қабілет абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді бірінші тypi өте сирек кездеседі. Б. Иiс түйсіктері Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына турлі химиялық заттардың әсер eтyi нәтижесінде иic түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезініп клеткалары бар. Ауамен 6ipгe мұрынға кіретін иісті заттар иіс мушесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйактерінің түрлері көп (хош иic, сасық иic, өткір иіс т. б.). Бipaқ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Өйткені оларды дәм түйсжтерінен ажырату кейде қиынға соға- ды. Сондықтан да біз көбінесе белгілі бір иістін атын атаудан гөрі, иic шығарып тұрған затты атаймыз (темекі иісі, түтін иісі, шөп иci т. б.). иic түйсікктepi адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына карай да ерекше дамып отырады. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің иісін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады, олар иістi ең жақсы аншы иттерден артық біледі. Индияда жыланның жатқан жерін шешен біліп табатын адамдар бар. Иістi жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен «таниды». Үйге кірген адамды да, таныс көшесін де, тұрған үйін де олар иicіне қарап оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның көңіл күшне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер калдыруы мумкін. Мәселен, жұпар иісті гүл — адамның көңілін cepгітce, шылымның түтіні — басты ауыртады. Парфюмериялық затардың сапасын арттырып отыру — адам психикасына қолайлы әсер етудің бip факторы екендігі даусыз. Мектеп оқушыларының иic түйсіктерін тәрбиелеу — мұғалімдердің тел icтерінің, бipi. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мәселен, ауаның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гулденген бақтың, шабындықтың хош иістерін, қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісі, теңіз жағалауындағы ауаның тұзды-сортаң иiсiн сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иic тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болсын. В. Дәм түйсіктepi Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктepi. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға epiгіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы., тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, Дәм түйсіктepi бірімен-бipi ара- ласып жататындықтан адам кебінесе дәмді де дұрыс айыра алмайдын Мәселен, тымауратқан адамның дәмді айыруы бәсең алатындығы — дәм, иic түйактерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрлше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді— тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбi, қышқылды — тілдің eкi жақ иістi, тұзды тілдің ұшы мен eкiншісі жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам кешке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткенi, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды. Балада дәм түйсігі ерте дами бастайды. Бұлар түрлі тамақ заттарының қасиеттерін айыра алу жолымен жетіседі. Дәм түйсіктepi де адам психологиясына түрлше әсер eтіп, iз қалдырып отырады. Мәселен, дәмді тағамдар — адамның тәбетін арттырады. Тәбет — дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне iшy адамға қай жағынан да, қандай жағдайда да қолайлы әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты дәм түйсіктерін де адам қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегустаторлардың) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген.
|