Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЫЗЫҒУЛАР




Қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсендікпен танып, білуге бағытталған адамның 6ipшама тұрақты жеке ерекшелігінің 6ipкөрінісі. Сонымен қатар қызығуда 6ip нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық нeгiзi —«Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, 6ipeyді «футболға қызығады» десек, ол адамнын футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, 6ipeyмeн әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп, адамның қызығуы 6ip нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, Kәciптiк, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бipнeшe түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т. б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне т.б. орай бөлініп жатады.

Адам объекте түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан кызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жаткызуға болады. Жанама қызығу бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның icі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады.

Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның ic-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бip адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екіншi біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші 6ipeyлep ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.

 

ДҮНИЕТАНЫМ, CEHIM ЖӘНЕ МҰРАТ

Җеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін нeгізгi компоненттердің бipi - адамның дүниетанымы мен ceнімi. Дүниетаным — адамның табиғат, қоғамдық өмip туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі ғылымға негізделетіндігі Бірден-бір ақиқат — дүниенін даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғы­лымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Kici еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше реакцияшыл болады. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы 6ipшaмa қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы бepiк сенімнен туады. Адамның дүниетанымына бepiк ceнiм нақты ic-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүние­таным бepiк болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл eкeyi, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Бepiк сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та бол­майды. Ceнiмi калыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмip толқыны бipеce анда, бipece мұнда соқтырады да, мінез- құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның ceнiмiмeн, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші сенім. Ceнім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Ол адамға бірден келмейді сенім өмip көріністерін топшылау, Keciп, пiшіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бipi — м ұ р а т (идеал). Бұл — адамның өзіне өмірден өнеге iздeyi, бipeyдi ардақ тұтып, қастерлеуі Мұрат — адамның алдына Қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәpiн пайдаланады. Өзін тәрбиелеугекipiceдi. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниета­ным, айқын сенім, сөз бен байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу — бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бipi.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бipi талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Талғамға адамның бiлімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-кұла, көзге қораш киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені, дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.

Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын-соңды өзіне кездеспеген кедергінi алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психиологияда фруст­рация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл- күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Мұндайдан кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көрніс жасөcпipiмдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма беру, оны әлі келмейтін нәрсеге орынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдің орнығуына жол бермеу — мұғалімнің психологиялық қырағылығын, шебер тактiсiн қажет етеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 295; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты