Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Иял түрлері




 

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрсететін, тек адамға ғана тән психи­калық процессі «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттар­ды модельдендіре алады» (Әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бірнешеci туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жуйесі шешуін рөль атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбip ерекшеліктерді төмендегінше топтастыруға болады:

1)Әр адамның киял ерекшелжтері оның жеке қызы-ғулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттін, машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2)қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де кеп, өмip тәжірбиеci мол, әр таранты білімі бар ересек адамның киялы мен енді ғанаөміргe аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын 6ip өлшемге салуға болмайды;

3)қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты дакөрініп отырады. «Җаратылыстың құшағында,— деп жазады М. Жұмабаев,— меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иістіi жасыл кілем үстінде, күнмен 6ipгe күліп, түнмен 6ipгe түнеп, желмен 6ipгe жүпрш, алдындағы малымен 6ipгe epiп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуга тиістi».

4)қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жузеге асырудың жолдарын iздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл — қиялдың ерікпен байланысьша җақсы мысал. Қиялдың ойлау процесшде алатын" орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адам­ды шығармашылық әрекетке жетелейдй Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді Ойлау мен киял 6ip-6ipiмен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы eкeyi де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бipaқ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелiгi болады. Қиял-мәселеш суреттеу, жандыкөрініc ар­қылы шешсе, ойлау онытipi суретсіз жалпылай, ұғым, пiкip, тұжырым турінде шешеді;

5) адам қиялы еңбек процесінде, ic-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағынегізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, icтейтін еңбектің нәтижесін күніi бұрын көре білу, яғнн оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әртүрлі формадаi әртурлі формада киюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажетілікпен тәуелді бола тұрып, оны белсеңди кызметке итермелейді творчестволық iciнe күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адам­ның бүкіл рухани өмip жүйесінде елеулі орын алады. Кісінін өмip жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралыққасиеттері ic-әрекеттің құрылымы, өмip салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам саласының жануар психикасынан басты айырмашылығы адам да ойлаумен қатар қияп әрекеттің болғандығында.

Айдардың бейнесін Италияның атақтыcypeтшіci Леонардо да Винчи қиял аркылы былайша суреттейді. «Қөкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз, оған басқа мысықтың көзін саламыз, қүлағы yкінікіi болады, мұрыны тазынің ceнімдіi, қасы арыстанды, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзi шындықта бар нәрселерді топтастыру арқы­лы туып отыр. Бipaқ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін кере биуүшін адамға ең күшті өрен жүйріп қиял қажет.

Қиял процесінің адам әрекеттінң кандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзi осы әрекет ар­қылы өзгеріп, дамып отырады. В. И. Ленин фантазияның маңызы туралы айта келіп, оның тек ақындар үшін ғана керек емес екінші, тіптi дәл ғылымдар саласында да соның ішінде математикадағы дифференциал және интегралдарды табуда да, фантазияның елеулі маңызы болғанын айтады.

Тіптi бала қиялындағы фантастикалык образдардың өзi де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибиені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзi баланың психологиясына қатты әсер eтетіні байқалады. А. П. Че­хов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылымшегіп әдеттенген жеп жасар балаға ешбip сөз әсер етпей қойған. Бірде әкеп оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айта­ды:«Kәpi патшаның патшалыққа мұрагер болатын алғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бip ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көмрек ауру болып жиырма жасында өліптi. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Җау келіп, шалды өлтipin, сарайды қиратып тастапты, сонымен eндi бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күштi әсер eткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойла- нып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен:— Мен eндi шылым тартпаймын...— дедi»..

Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынатын — географиялық карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді көргізіп отырады.

Эксперименттік зерттеулердің 6ipiнінше географиялық картамен жұмыс істеу оқушылардың ой белсенділігін ше, түрі объектілердің арасындағы (байланыс-іліктестікті) ұқсастық айырмашылықтарды іздей тусуге, түрлі кеңістіктен бағыт-бағдар іздестіруге себебін болатындығы, сөйтіп қайта жасау қиялы адам психикасын активтендіре түсетіндігі анықталған.

Творчестволық қиял деп өзмдік жаңа образдар жа­сау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғылымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қара­ғанда, әpi күрделі әpi қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы окып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер кайраткерлерінің ic-әрекеттерінде үл­кен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой - толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды ceзім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді.

Творчестволық киял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл тypi, әcipece, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас едік

Актив қиялдың ерекше бip тypi — а р м а н. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұнын творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тшеген келешекке бағытталған қиял npoцeci. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бipiншi дайындық сатысы.

Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына бай­ланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат бepiп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігіттен дәрмен жоқ» деп өте тауып айтқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 172; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты