Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕС ПРОЦЕСТЕРІ




Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Ол арнайы есте қалдыру және epiкciз есте қалдыру болып eкiгe бөлшеді.

А. Есте қалдыру

Epiкciз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекетті сөзі т. б.) сол әрекеттің ағымына карай есте қалып отырады. Ал (ар­найы ырықты) есте калдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиістi мотивтер болады. Қандай объектіні болмасын әдемілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды орындап отыру қажет болады:

1)Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңыз алады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін — оған қатты зейін кою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, анық мақсат қойылу керек. Мәселен, оқушыларға 6ip әңгіме айтып, оны үш-төрт күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші 6ip әңгіме айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіндер десе, балалардың 6ipaзi сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл eкi тәжірибеннің арасындағы айырма: соңғыда материалды есте 6epiк сақтау мақсат eтіп қойылған, ал 6ipіншi жағдайда мұн­дай анық мақсат қойылмаған еді.

2)Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның кажетіне де байланысты болады. Мәселен, окушылар қандай 6ip шығарманы оқымасын 6ip қажетіне керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.

3)Окылатын шығарманы жоспарлай алу — есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар мумкін болғанша анық, айқын, дәл болсын. Қалай болса солай кұрыла салған жоспар естебepiк сақтауға негіз бола алмайды. Оқитын шығарманын iшінен еске тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектің әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу — еске қалдыруды нәтижелі етеді.

4)Мағыналы есте қалдыру дегеніміз — нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан мағыналы түсіну ойлау npoцeciмен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып, терең тусіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу — оны анализдей, синтездей, салыстыра, жуйелей білуді керек етеді.

5)Оқып отырған шығарманың байланыс, жүйелерін елестетуге, еске Тірек боларлық ой-желісін табуда схе­ма, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы шартты белгілер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі. Мәселен, ол штаптың не дәптердің жиектеріне «өте нәзік және терең», «әбден дұрыс», «әсем айтылған», «тамаша», «өте дұрыс», «тапқырлық», «жақ­сы айтылған», «Бұл диалектиканы ұғуға өте маңызды» т. б. сөздерді жазып, автордың пікірлеріне макұлдаса, енді бірде марксизмнің дұшпандарының штаптарына «Шатпақ — өтірік жаза!», «тұрпайылық!», «құдайды қимайды, идеалист оңбаған!», «сөз болғаның», «шатастырып отыр», «шіркін-ай десеңізші», «бұл қандай сандырақ десеңізші», «бұл — ботқа!», «дұрыс емес»—дегендей сөз тіркестерін жазады екен.

6)Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен кұрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала мұғалімнің айтқанын не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретін болса, мұн­дай жағдайда оның eci жақсармайды.

7)Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндгі режимге мән бермейтін, өзін көлденеңнен кез келген нәрселер билеп кететін адамдардың есте қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды. Ондайлардың Абай айтқандай, «ой кеселдеріне» қарсы тұруға шамасы жетпейді Абайдын түсінігінше, ой кеселді нәрселерден қашық болу — (яғни уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлдіретін не 6ip қайғыға салыну) естіген нәрсені ұмытпаудың басты шарттарының бipi.

8)Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Әдетте оқу материалын 6ip қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қажеті жоқ.; Мәселен, өлеңді бірден жаттап алса, ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, 6ipaқ, арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын шығар­маны тұтас күнінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, оны бөлшектеу қажет. Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай eтіп бөлген пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ болады да және ол есте ұзақ сақталады.

Сондай-ақ жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, OHЫ ҰМЫТПАИ ТҰРЫП ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК, ӨЙТКЕНІ ...қайталауды ecеipin, құлап бара жатқан үйде жөндеу үшін емес, үйдіi 6eрік нығайта отырып, үстіне eкіншіi қабатын салу үшін жасайды. Әр- 6ip ілгерілеп басқан адым бұрынғы өткендерді қайталап отыруға негізделу керек» Қайталауды түрлендіріп оты- рудың, оны уақыт жөніне дұрыс кұрудың маңызы жөңінде К. Д. Ушинский былай дейді «Бұдан бұрын жаттап алынғандарды сол күнінде аудармай, айтып берудің еш- 6ip қажеттілігі жоқ... ал, кездейсоқ кездескенді, жаттап алғанды жаңа түрмен айту, яғни жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап айтып беру әлдеқайда пайдалы».

Жаттаудың мнемоникалы2 әдісінің бipi механикалық (мағынасына түсінбей) — есте қалдыру. Егер мағы­налы есте қалдырудың мәнісі құбылыстардыңiшкi мәніне, олардың 6ip-6ipімен байланысына түсінy болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы байланысқа түседі Мұның басты шарты — қайтала Естің бұл түрінің кей жағдайларда icкe керек болып қалатын кездері болады. Шетел сөздерінің жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен атауларды, хронологиялық даталарды, көше, жер, су аттарын, телефон нөмірлерін есте қалдыру қажет болған кезде механикалық еске калдырып жаттаған дұрыс. Есте қалдырудың соңғы тypi жасанды ассоциациялар арқылы мнемоникалық әдіспен жузеге асып отырады.

Мәселен,бip зерттеуде 4-кластағы «Ана тілі» сабағында тексті жаттау және оның мағынасын түсінудегі оқушылар есінің салыстырмалы ерекшелігі мынадай болған: текст бойынша қайталағанда бip күннен кейін шығарманың 72 проценті; он күннен кейін 58 про­центі, бip айдан кейін 51 проценті, екі айдан соң 41 про­центі жатталатын болса, материалдың негізгі мағына­сын есте қалдыру бip күннен кейін 100 процент, төрт күннен кейін 99 процент, он күн өткен сон 95 процент, бip айдан соң 92 процент, eкi айдан кейін де 92 процент болып келген. Соңғы цифрлар мағыналы түрде есте қалдырудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Ә Қайта жаңғырту және тану

(Кайта жаңғырту epiкciз және арнайы қайта жаңғырту депeкігe бөлінеді. Epiксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны ic-әрекеттің барысы туғызып отырады. Қайта жанғыртудың осытүpi көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетімен мазмұндас болады. Мәселен, музыкант мелодияларды қалай болса солай жаңғырта береді. Epiксіз қайта жаңғырту кездейсоқ туып отырғанмен, ол белгілі жүйеде жүріп жатады. Мәселен, мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенде мүмкіндігінше балаға бұрын өтілген шығармаларды көбірек беретін болса, мұндайда оқушының білетін шығармалары өзінен-өзі қайта жаңғырып, ол білгеннің үстіне біле түсед.

Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, epiк күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс, тәсілдер қолданумен жүзеге асады. Арнайы қайта жаңғырту — әдейілеп еске түcipy, ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс. Қайта жаңғыртудың да көптеген әдістері бар. Олардын кейбipi мына төмендегілер:

1)Көлемі үлкен шығармаларды қайта жаңғырту үшін жазбаша немесе ойша оның жоспарын жасау қа­жет болады. Жоспар жасаудың өзі қажетің шығарманы жинақты, белгілі арнаға жүйелейді. Мұның өзi қайта жаңғыртудың сапалы болуына көп жәрдемін тигізеді.

2)Қайта жаңғыртуда бұрын оқылған, кабылданған объектьтерді бip-бipімен салыстырып отыру да аса пай­далы. Мұндайда нәрселердің бip-6ipiнен ұқсастықтары не айырмашылықтары тез ажыратылады. Мәселен, адам өз еліндегі аққуды Австралиядағы аққумен салыстырғанда оның дене бітіміндегі ұқсастықтары мен(пішіні,мінезі т. б.) катар айырмашылықтарын да (қауырсыны, мамығы, қара түсті аяғы қызыл т. б.) көрсетсе, материалдың жеке бөлштері түсін қалмай, ол толық жаңғыратын болады.

3)Қайта жанғыртуда ассоциацияларды, бұлардың мағыналы байланыстарын пайдаланған жөн. Мұндайда адам6ip мағыналы нәрсені қазық қылып, ұмытқанын соның төнірегінде eciнe түсіреді. Ал қалай болса солай кездейсоқ нәрсемен байланыстырса, ондай қайта жаң­ғырту адамды шығарманыңнегізгі қазығынан адастырады.

4)Оқыған нәрсеге жауапкершшкпен қарау, мұнда табандылық, тұрақты қызығудың болуы да қайта жаң­ғыртудың нәтижелі болуының қажеттің шарттары болып есептелінеді.

Қайта жаңғыртудан тану процесін ажырату керек.

Тану — қайта жаңғыртудың қарапайымтүpi. Тану — бұрын қабылдағандар мен қайтадан кезіккенде көрінетін еспpoцeci. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне карай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәсе­лен, бipey бip нәрсені қиналмай, тез және толық таниды,eкінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші бipey шала таниды, ал төртінші бipey қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш бо­луы шарт. Ес процесінде болатын қателердіңкөбi дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс танн алмаудың өзi алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады. Мәселен, адам алғашқы рет6ip жерге келгенде (бұрын кермесе де) оған көп нәрсе таные, өзі бұрын осында болғандай көржеді. Мұндайда ол ертеде ұшырасқан нақтыбір жағдайды қaзipгi кездескен жағдайға ұқсатады.

 

ҰМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ұмытупроцесі — есте қалдыру процесіне қарама- қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру — адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсені барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидыңбірқалыпты жұмысын қиындатар еді. Эксперименттік тексерулерге қарағанда қайта жаңғыртылған материалдардың дәл болып келуі өте сирек кездеседі. Материалды қайтадан құрастыру кезінде оның көлемі кемиді онша маңызы жоқ ұсақ жерлері шығып қалады да, негіз түпкі мағынасы ғана қорытылып есте қалады. Қабылдаған материалдың біздің тіршілік қажетімізге жарайтындары ғана (түрлі жолдармен арнайы есте қалдырыл- ғаны) көбінде ұмытылмайды. Ал біздің тірлімізге тікелей байланысы жоқтары өзнен-өзі ұмытылып отырылады. Ұмыту түрліше жағдайлардакөрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдемілеп ескетүсіруге не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні кате тану, не әдейлеп ескетүсіре алмаудан болады. (Материалды оқыған бойда (көлемді күрделі түрлерін) оны бірден қайта жаңғырту кейде қиынға тү­сіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ, бұларекі үш күнненкейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кeшігіп еске түсіруді психо­логияда реминисценция құбылысы деп атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейін балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі үлкен, күрделі материалдарды бірден толық ай­тып беруге шамалары келмейді де, ойларына келген жеpiн айта береді. Ой-әрекетінің (Біртіндеп күрделенуіне және есте қалдырудың меңгеребілуге байланысты ересек адамдарда реминисценция құбылысы көп кездеседі.

ОЙЛАУ

Жоспар:

1. ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ¥ҒЫМ

2. ОЙ ТӘСІЛДЕРІ

3. ОЙЛАУ ФОРМАЛАРЫ

Сыртқы дүнині толық тануға түйсік, кабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бip-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

О й л а у дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Tүйсік пен қабылдау танымның бiрінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс eшбip ойлау болмайды. Ойлау ceзім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кен.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреуeкінші бipеугe пікірін білдіргенде өзін ecтісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелінетін дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жннаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әpi жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені біріншi сигнал жүйесінің қызметті арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түpi оның танымын онша кеште алмайды. Баланын тілi шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөз бен ойдың бірлесіп алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінін білмегенін eкіншici біліп, ақыл - ойын молайта түскен. Ал мен ойдыңбір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегімнің бәрі тілімде, тілдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінін көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақ­сы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы ic- әрекетімен шарттас болумен катар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ой­лау npoцeci тек адам баласының пснхикасына ғана тән процесс болып табылады. Keйбip психологтардың (Л. Левн-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта калған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз бо­лып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялык даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың iшкі мазмұны коғам дамуыменбipгe өзгеріп отырады. Коғамілгepi дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пай­да болып, калыптасады, бұрынғылары ecкіріп қатардан шығады. Мәселен, бұрын атом бөлінбейді деген ұғым болса, Kaзіргi ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.

Адам сыртқы дүние кұбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауыла жетіле түседің. Kaзip ой­лаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы құдыреттілігімен өміргe жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалык операц-иялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауының зор табысқа жетіп, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтар мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыкка айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.

Ойлау — өзіндік iшкi қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және icкe асуының қозғаушы күштеpi болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығу- дың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мә­селен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға Heгіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда бipeyден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небіp көріністерін байқауға болады.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет коябілуіқажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін. Өмір тәжірбиесі мен білімі жеткілікті кici алда тұрған міндеттін тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, тepic пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Tүйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар. Әйтсе де ойлау кұбылыстардың мәнің eкi жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, теренірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау — сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтіреді.Қазіргі есептегішмашиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес тексті бipтілден екінші тіліне аударады, сөйленің тұрған сөзді ма­шина тіліне яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бipaқ, оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға карағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Маши­наға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын кусырып, әзip асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл — сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына тиістi міндет қойып, оған программа беретін — адам. Осы міндетін қоя білу үшш адамға мол білім қажет. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайды, онда «ақыл» жоқ. Eceптегі машинаның құндылығы — адамның оны дұ­рыс пайдалана білуше байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетің дами түсінуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасай­ды. Әрқашанда идеяның нeci болумен 6ipгe, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру — адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептеген машиналар қанша «ақылды» болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі- бақи сақтап қалады.

Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде ло­гика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікіp, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл eкeyi бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді. Ойлаудың физиологиялық непздері И. П. Павловтың 6ipінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі ілімінее байланысты түсіндіріліді. Ойлау — ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв байланыстары жетекші рөль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв қызметтінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей .Олардың айырмашылықтары мынада: егер 6ipiнші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, eкіншi сигнал жүйеci оларды жалпылап отырады.

2. ОЙ ТӘСІЛДЕРІ

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау түйсік пен қабылдаудақы анализ бен синтездің жана мазмұнға ие болған тypi. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мэнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтер біріктіреді. Анализ бен синтез бірімен-бірі тығыз байланысты, 6ipiнсіз 6ipi болмайтын құбылыс. Бұлeкeyi —бірінен-біріешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компонент- терініңбipi кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ беп синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен кұрастырсақ, синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы ана­лиз, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилыкөрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екәге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бipaқбipiнен екіншіснің айырмашы­лығы жер мен көктей. Бөбектің қағаздыeкігe бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсіл ретінде көрінеді.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын операциясы пайда болады. Салыстыруда заттар­дың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айкындалады.| Бұл операция салыстыратын заттардың бip түрлі белгі­лерін көрсетумен қабат, басқа белгілердегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түрінне, құрылысына, атқаратып кызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының күрдел түр — абстракция мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерімен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция бо­лады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секлді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау — абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетш жеке ұғымдармен түсіндіру , яғни жеке зат­тар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жал­пы ұғымды кұлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетік болсақ, мұндағы жылкының жеке түрлері нақ- тылауға мысал бола алады. Нактылау абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі eтіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекі құрал — нақтылаудың түрлі формалары.

Жалпылау дегеніміз 6ip текті заттардың, қубылыстардың ортақ қасиеттерін оймен 6ipiктіpy. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, epiк, мінез, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсіл 6iзгe сыртқы дуние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді өйткені «...ең қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардыц (niкіррлердің, қорытындылардың etc) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы — дүниенің барған сайын неғұрлым терец объективтік байланысын адамның тануы де­ген сөз».

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді Жүйелеудің жоғары Tүpi — классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке , тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), кұрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтінше карай да топтастыруға. болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б., қой жейтіндерін жоңышқа, қына десек, жылкы отына — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т. б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрісшебелу де ойдың осы тәсіліне жатады. Мәселен, жылқыны жасына орай: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті т. б. десек, оны жынысына қарай құнан, тай, дөнен, бесті байтал дейтін болсақ, сиыр малын бұзау, баспақ, жынысына карай тайөгіз (epкегi), қашар (ұрғашысы) т. б. деп белуге болады.

3. ОЙЛАУ ФОРМАЛАРЫ

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі корытылады. «Адамнық ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, 6ipi eкіншісіe құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірдi көрсетпейтін болады».

Ұғымдар дара және жалпы болып белгіледі. Мәселен, «Шымкент қаласы», «Ғ. Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» т. б. жалпы ұғым болады, Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «жиналыс» (студенттер жиналысы), «кітапхана» (бала­лар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының тycyi ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге колайлы жағдай туғызады.әp6ip ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бүл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, «Ана Тілі» сабағында мұғалім үй жануарлары мен жа- байы аңдар туралы түсіндіргенде олардың 6ip-6ipiнің негізгі өзгешеліктерін керсетумен катар, ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада «жабайы аңдар», «үй жануарлары» дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын ecipy науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүрпзиетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігін де қатты ескеріледі. Мәселен, екінші класс окушыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мұғалім зат есімдердің септелуін, олардың классификаңиясын, мате­матика сабағында «белгілнрін», «белгілі» сияқты ұғымдарды 6ipiнен-6ipi олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым — жалнылай алудың нәтижесі Бастауыш класс окушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көкірек мән беретіндіктен, жалпылау көбшесе олардың сыртқы белплеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын түсіндіргенде, «күн жарқырайды» немесе «жылытады», «өсімдік өседі», «шөпп мал жейді, «сиыр — үй жануары», «ол сут береді, «құс ұшады, сайрайды» т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның iшкi мәніне бармайды. Бала өзi кермеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі класс оқушылары китті көбінесе балық деп санайды.

Төртінші кластағылардың жалпылауларымен заттың iшкіi мәнін, оның негізгі ерекшеленіп, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мәселен, олар су, ауа, металл т. б. денелердік қысым ұлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды «елі табиғат» ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отыратындығына байла­нысты «Tipi табиғат» ұғымына жатқызады.

Бip зерттеуде төменгі класс оқушылары «құс», «ба­лық» ұғымдарының мәнді және мәнсіз белгілерін қалай-ша ажырата алатындығы тексерілен.

Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәні белгілерің ажырата алуы класы жоғарылаған сайын арта түсетін, олардың зат туралы белгілі ұғымы бipтe-бipтe қалыптасып отыратындығын байқатады. Егер 6ipiншi класс оқушысы «құс» ұғымының мәнді белгілі бар бол­ғаны 26 процентке керсете алса, төртінші класс оқушысы 87 процентке (тугелге жуық деуге болады) жеткізген, сөйтіп, төртінші класс оқушысында «құс» туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады. «Құс», «балык» ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкіндігіше (қай класс оқушылары бол­сын) осы ұғымдардың негізгi, мәнді белгілерін білуге ұмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көшіп бөлу біртіндеп азая тусетінтігін көрсетеді Мәселен, төртінші кластағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 процентін ғана атап өткен. Төртінші кластағылар заттардың жалпы белплерімен катар жеке белгілерін де жақсы ажырата алады. Осы кластағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгіci — жыртқыш аң екенін көрсетін береді.

Ұғымына заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бip-бipiмен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлык, кеңістік пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнелейтін отырады. Мәселен, жоғары - төмен, жақын — алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұғады. Бірінші екінші класс окушыларына заттың кеңіетікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңіетіктің негізгіi өлшемі — ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрліні өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжі рибиемен (балалардың өздеріне өлшетін үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен Kepiп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенің аңғарады.үшінші, төртінші класс окушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысыпікірлерден көршеді. Пікiр — бұл 6ip зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мәселен, «Астана — Қазақстан Республикасының астанасы десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір бола­ды да, ал «Атом — заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлеп» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әp6ip пікірдерде үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде «Алматы»—логикалық бастауыш. «Қазақ республика­сының астанасы»—логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.)пiкip де кө­бінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тиіді материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлем-дердің негізінде ғана туып,өмip суре алады. Пiкip мен сөйлем бip-бipiмен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны 6ipey. Пікірлердің түрлері жөн. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттepi, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді.

Ойлаудың күрделі формаларының бipi — ой қорытындылары.Ой қорытындылары дегеніміз 6ipнешe niкipлерден жаңа 6ip niкip шығару тәсілі. Қорытынды шыға­ру үшін оны белгілі тәртіпке 6ip-6ipiмeн байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, «Барлық дельфиндер — жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген eкi пікірдің арасында eшбip логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бip пікірдің туы мүмкін емес.

Ой қорытындыларының үш түpi болады. Біріншісінде - Дукциялық, eкіншісі индукңиялық, ал үшіншісі аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, біз тipi организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тipi организмнің бipi десек, олай болса, балық oттегi жоқ жерде Оршшк ете алмайды деген қорытындыға келеміз. Индукция — жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада «барлықтipi организмдер тіршілік ете алмайды» деген қорытындыға келеміз Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактьлерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д. И. Менде­леев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бip- бipiмeн қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай байланыста болады. Аналогия дегеніміз— ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түpiнe cүргеннен. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсcipece құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түащируде аналогияны келпрдк Ана­логия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.

4. ТҮСІНУ-ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГ1С1

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардыңнегізгі қасиеттерне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсіну арқылы ғанабiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарды байланыстыратын,бip-бipiнe тәуелділігіне шығутeгi мен да­му жолын ажыратамыз. Түсінудің басы — шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп, білуден басталады. Өйткені қандай нәрсені болмасын «ұғыну үшін, ұғынуды, зерттеуді эмпириялық жолмен бастау» қажет.

Түсну күрделі ой жұмысын керек етеді. Мәселен, «Бұл не нәрсе?» деп сұрақ қоюдың eзi де түснудің қа­рапайым формасы, ал «Бұл қалай және қашан пайда болған?», «Бұл не үшін жасалынады?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы шындықтағы құбылыстардың негізгi белгілерін, олардың байланыстарын ашып, түсну қабілетімізді білдіреміз.

Заттар мен құбылыстардың текішкі мәніне түсінудің арқасында ғана түрлі амал-әрекеттің ceбeбiн, олардың бip-бipiмeн байланысын, ішкі мазмұнын, яғни ғылымның тұжырымдарын аңғарамыз. Бұл айтылғандармен бipre түсіну сан алуан құбылыстың бөлштері мен ұсақ-түйетеріне айыруда, басқа біреудің сөзінің мәнін ұғуда да (мәселен, интонация, пауза, метафора, әзіл, қалжын т.б.) ерекше көрінеді бірақ барлық жағдайда да дұрыс түciнy үшін адамға білім қоры, дағды қажет.

Tүciнy сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады (Түсіну қысқаша, жалпы, кең, деталды т. б. болып келуі мүмкін). Түсінудің бұлай түрліше болып келуі адамның алдына қойған мақсатына, жеке психологиялық ерекшеліктер, ана тілі ішкі заңдылықтарын білуіне, сол адамның cөзi мен iciнeбайланысты болады. Бip нәрсеге дұрыс түсінгендіктің көpiнici — сол материалды өз сөзімен түрлендіріп айтып, ic жүзінде орындап көрсету болып табылады.

Tүciнyeкiгe бөлінеді оныңбipiнiшi түpi — т i к е л е й түciнy. Тікелей түсіну жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас процесс. Мәселен, бiзге жақсы таныс сөздер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар, адамдардың қылықтары т. б.

Түсінудің eкiнiшi түpi — жанама түciнy.

ИЯЛ

Жоспар:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 896; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты