Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДАҒДЫ ЖӘНЕ ИКЕМ




Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін ic-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ- қолы бip мақсатқа бағытталады), терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда ic-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.

Дамуы шегінe жеткізген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады:

1) Дағды алудың белгісі әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы);

2) Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып icтey жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебдейсіздік т. б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі);

3) Дағдыланудың үшінші белгісі — бір қатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бip амал жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем кұрайды. Сөйтп жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады.

«Сауаты ашылған адам, - деп жазды А. Байтұрсынов (1873—1937),—жазылған,я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды... Неғұрлым сөз cүгіретті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танып, шапшаң оқымақшы... Адам әріптерді бірі биік, бipi аласа, ұзын, бipi қысқа келіп, сөз әлпіпе... ашық сурет береді. бip жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері себеп болып, сөз cүгіретін көзге елеулі eтіп, тез танытады, тез оқытады».

Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мәселен, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсінуін кажет етеді, тәжірбиелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі).

Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мәселен, машинистка тексті көргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады.

мамандық (токарь слесарь, әскери, дәрижелік т.б.). Спорттық дағдыларды Қозғалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектiк дағдылар деп те атайды.

Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы бipiнe-бipi өте жақын болғандықтан бұларды бipiммен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу кабілеті.. Икемділік білім мен тәжірибеге негіңзделеді. Кімнең білімімен тәрбиeci көбірек болса, сол адамның икемділігi де артық болады.

Дағды мен икемділіктен әдеттерін айыра білу керек.Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған құрамдары. Бірақ, мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-козғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын бет-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны icтемece, көңіл көшімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады, ecепсіз қайталайды. Егер де адам өзше ұнамсыз ie дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзi өте ессіздік болар еді. Сондықтан да, дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткенi, оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлері мен катар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі ұнамды әдеттерге жүйелі түрде еңбек ете бiлу, қызмет орнын ұкыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениетілік, гигиеналык әдеттер т. б. жатады. Бұл адамның өмipi үшін аса қажет нәрселер. ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұкылап отыру, столда отырып аяқты селкідету, сөйлегенде кыстырма сөздерді колдану, колы калтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т. б. жатады. Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөніндегі халық «Әдет — әдет емес, жөн әдет» деп өте дұрыс айтқан. Расында да бізгe керегінің өзi пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша, адамның icтеген береке де болмайды. Егер адам өзінің бойына сіңген әдетше байланысты кимылдаса, оның ici оңайланып, көңіл рақат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген нақыл осы сөзден шықса керек. Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтылып отыр.

Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабығында бекіп калыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер жатады. Мәсе­лен, адамның қозғалыс дағдысын (еңбек, спорт сала- сындағы) алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализа- торында жасалған уақытша нерв байланыстарының жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да кажет болып отырады. Мәселен, екінші сигнал жүйе (ауызша нұсқау, тапсырма беру т. б.) өткен тәжірибеде жинақталған кимыл-қозғалыстардың тезірек біреуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар дағдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы кателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді. Әдеттер де физиологиялық түрғыдан ми қабығындағы динамикалық стереотиптің бip көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бipre тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болып отырады.

 

ЗЕЙІН

Жоспар:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 530; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты