Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы




Адамның зейіе бip объектіге немесе 6ip жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің түрақтылығы дейді.. Мысалы, Өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұ­мыс үстіндегі зейіннің осыған жатқызуға болады.

Зейінді 6ip жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам iстеп отырған iciн тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеге алудың басты 6ip белгісі болып табылады.

Зейінді осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бip нәрсеге не белгілі 6ip әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейіннің тиістi объектеіге жинақтай алатын болады.

Ересек адамдар жұмыс үстінде зейіннің 40 минуттай 6ip объекте тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің 6ip нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап icтeyre мүмкіндік береді. Адам соншалық epiк-жігері мен зейін салып жұмыс icтeген жағдайда да оқтын- оқтын ойы бөлініп, басқа 6ip затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын з е й i н н i ң т о л қ у ы дейді.. Толқу — зейіннің табиғи қасиеттерінің 6ipi. Мәселен, бар ылтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейінің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөліне, зейіннің тұрақтатуына бөгет болмайды. Keйбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндей билей алмауы себеп болады.

Ә. 3eйіннің аударылуы

З е й i н н i ң аударылуы деп 6ip объектіден eкінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физио­логиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудын ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелігіне байланысты. Kейбip адамдар бip жұмыстың түрінен eкінші 6ip жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі.Екінші біреудің зейіні керісінше, баска объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнінді жетілмеген бол­са, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмін. Мектеп жағдайында балалардың зейіннің 6ip пәннен екінші пәнге, бағдарламаның 6ip бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың 6ip түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түрне (жаңа сабақты тыңдау кез) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының epiк сапалары 6ipaз дамыған кезде, әcipece оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай eтіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, 6ip ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т. б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.

Б. Зейіннің бөлінушілігі

Адам санасының бірмезгілде 6ipнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігідейді.Адам зейіннің екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді6ip уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен,оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тындайды т. б) Студенттер бip мезгіл ішінде лекция тыңдайды,түсінгеннен жазып отырады,кiтan оқып отырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т. б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі тусінікті. Олар 6ip кезенде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б. Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді.Мұғалімдік қызметте де зейінді 6ipнеше объектіге бөлудің маңызы зор. Мұғалім 6ip мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық класс коллективі мен же­ке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.

В. Зейіннің көлемі

Зейіннің көлемі деп 6ip уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.Адам 6ip мезплде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әpiптә қамти алатынын, 12—14 әрәптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімді қамтитынын көрсетіп отыр.

Г. Алаң болушылық

Алаң болушылық деп белгілі 6ip объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі.Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бip-бipiмен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелкі әрекет ету қиынға соғады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені, олар әлі күрделі ic-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.

Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның 6ip жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс icтеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді.Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінім уақытында бөле алмаушылықтын кемшілігі — зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 453; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты