КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ТҮРТКIЛЕР МЕН ҚАЖЕТТЕРСтр 1 из 14Следующая ⇒ Жарықбаев Жалпы психология ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ Жоспар: 1. ЖЕКЕ АДАМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ TYCIHIK 2.ТҮРТКIЛЕР МЕН ҚАЖЕТТЕР 3.ҚЫЗЫҒУЛАР 4.ДҮНИЕТАНЫМ, CEHIM ЖӘНЕ МҰРАТ
Адам — белгілі 6ip қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын 6ip іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибeci, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бiрақ, әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, ic-әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, ceнімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам — тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялык) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттepi біp сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Җеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгepyi қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен 6ipre оның түрлі ерекшеліктер де дамып, өзгеpiп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмipгe келісімен пайда болмайды. Адам белглі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кей6ip психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. ТҮРТКIЛЕР МЕН ҚАЖЕТТЕР Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын 6ip түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның 6ip мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске Tүciп отырады. Осыған орай оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі Түрткінің өзгеруі ic-әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі ic-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни 6ip нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмip cүpyi үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекет1 еңбек құралдарымен пайдалану секілді нeгiзгi материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, кажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы тарихи дамудың елеулі 6ip кезең. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын нeгiзгi түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде ic-әрекет icтeyre талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, онын күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті кұралдарды іздecтipiп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын нeгiзгi себептердің 6ipi болып табылады,білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері ic-әрекетінің нeгiзгi мотивтері, яғни онын, психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе табиғи қажеттер) өмip сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмip сүру үшін тиістi жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмipi үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуден адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өcyiнe кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл — биологиялық сипаттағы қажеттер. Җануарлардың қажеттepi — олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады.
|