Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Г. Tepi түйсіктepi




Tepi түйсігінің рецепторы — денедегі терінін өн бойы­на орналасқан. Tepi түйсігі сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Tepi туйсіктерінің өзi бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуылтүйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктері Te­pi түйсігі рецепторларының eceбi жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзi ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Tepiнін түрлі алаптарында сезгіштік бipдей емес. Мәселен, нәрсе тигенді тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бip жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін — арқа мен бет терілepi, ал нашар сезетін — саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып тұратын жерлері де ыстық пен суықты өте сезгіш келеді. Tepi түй- сіктерінің калыптасуына да ми кабығы астындағы нерв кұрылымдары елеулі рөль атқарады. Мәселен, жұлынның бip бөлегін кесу арқылы тepi нүктелерінің біреуінін сезімталдығын жоюға болады. Keйбip аурулар адамды жылылықты, суықтықты, ауырғанды сезбейтін күйге түсіреді. Мұндай жағдайда тіптіi адам денесі күйіп қалса да оның ауырғанын сезбейді бірақ адамда осы түйсіктің қалған түрлері өз қалпында сақталуы мүмкін. Tepi түйсіктepi арқылы адам заттардың формасын, кедір-бұ- дырлығын, қатты-жұмсақтығын жақсы айыра алады. Сондықтан да түйсіктің осы түpi әcipece көзi көрмейтін адамдар үшін ерекше маңызды болады.

Ғ. Сипай сезу түйсіктері

Адамдардың еңбеқ әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің біpi сипай сезу (осязание) түйсігі. Мұның eкi түpi бар. Біріншіс — пассив сипай сезу. Бұған тері түсігі түгелдей кіреді. Eкіншіci — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тepi және қозғалыс түйсжтерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу, туйсігінің рецепторы адамның колында (саусақ, алақан) орналасқан осы түйсік — әрекеттің нақтылы бip түрінін ықпалымен күшті дамып отырады. Мәселен, тәжірибелі диірменшілер ұнды уқалап көріп, оның сапасын кай жердің бидайынан тартылғандығына дейін қатесіз айтып бере алады.

 

 

ЕС

Жоспар:

1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

2. ЕС ТҮРЛЕРІ

3. ЕС ПРОЦЕСТРІ

Ес дегеніміз сыртқы дуние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жақғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес — күрделі психикалық процестердің 6ipi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

Естің физиологиялық негіздерін 6ip кезде И. П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиетті туралы іліміменн түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан калған әсерлердің қайтадан уакытша байланыска түсе алу қабілетті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағ­дайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетеді. Бipaқ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байла­нысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың 6ip тобы оны мидағы электр құбыслыстарымен байланыстырса (ecтi зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді 6ip зерттеушілер ecтi мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттын өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бip сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Бip нәрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ее процесінің негізгісi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды., Егер бұрын бірнеше объекті 6ip мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласак, бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектініңбipeyін ғана елестетсек миымызда оның калған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің калған түрлерін (ойлау, киял, epiк т. б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциа­ция iлімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінугe болатындығын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды. И. П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми кабығында eкi қозу процесінің қабаттасып келуі себепші пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды «Уақытша нервтік байланыс жануар­лар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан - жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атай­ды Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түpi бар. Олар: іргелесттік, ұқсастық және қарама - қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай дейді «Шартты байланыс... бұл, cipә, біздің 6ip мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсас­тық ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты реф- лекстің (ассоциациясының) анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой әрекеттінің негізгi процестерімен мәні 6ipдей нәрсе». Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциа­циялардың табиғатын былайша түсінуге болады: Іргелесттік ассоциациясы бойынша 6ip зат жөніндегі елес өзімен 6ipгe оған қатысы бар екенің затты қоса туғызады. Мәселен, Көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мумкін. 2) Ұқсастық ассоциациясындан нәрсенің, көрінетің бейнелepi өздеріне ұқсас образдарды тенестіріп еске түсіреді, яғни 6ip зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т. б.) Қарама-қарсылық ассоциациясы 6ip зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.).

Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас едік. Егер біздің есімізде өткенде қабылданған нәрселер сақталмаса, 6iзгe өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді не болмаса өмірдегі зат­тардың барлығы да әр уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.

Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де (кабыл­дау, ойлау, қиял т. б.) тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді Ж. Аймауытов: «...еске Tycipyөнepi дегеніміз — ойлау өнері.. Байланыстардың мәніci — ойлау деген сөз»,— дейді.

Баланың жеке басын қалыптастыруда оның eciн тәрбиелеу айрықша орын алады. Мектептеп оку-тәрбие процесініңнегізгi мақсаттарынын бipi — баланың eciн үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың ecінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оку материалдарын ұмытпай есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір мұғалімнің міндеті.

2. ЕСТІҢ ТҮРЛЕРІ

Ойда қалдырылатын не кайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына карай ес төртке бөлшеді Олар: қозға­лыс образдық,сөз-логикалық және эмоциялық естер.

1) Қозғалыс (немесе моторлық) eci деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түpi қозғалыс дағдыларын (мәсе­лен, коньки тебу, жазу, оку, машинкада қағаз басу, самолет жүргіәзу, турникке ойнау т. б.) қалыптастырудың негізгi болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға катысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.

2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің eci көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан штабының мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келті­ре алады. Мәселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни 6ip көрген адамын бет ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол көшеде серуендеп жүріп, кенеттен касындағы жолдасына: «Қарашы, мынау адам есінізде ме?» деп айтады екен. Танысы: «Жоқ, білмеймін» десе, «Қалай білмейміз, осыдан 20 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ па едін?»— дейді екен.

3) Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, niкip, ой қорытындылары) еске қалдыра алу кабілетті сөз-логика­лық ес деп аталады Сөз жүйесін есте сақтау — ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түpi көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз-логика­лық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту eci онша дамымаған адамға қиынға соғады.

4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді Мәселен, жас кезімізде тұрған 6ip жерге келсек, сол кезде 6iзгe ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәpi ecімізгe оп-оңай туседі. Өткендегі оқиға 6ip қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәсе­лен, біздің әрқайсымыз Ұлы Отан соғысының жеңісін тойлаған кун — 9 мамырды немесе жыл сайын мерекеленетін Наурыз-тойын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні — 16 желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз.

Адам сондай-ақ 6ip нәрседен қатты қорықса да, тентектік жасап, оны ұялтқан күнді басынан кешірсе де мұндайды еш уақыт ұмытпайды. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының ше6epi К. С. Станиславский (1863— 1938) жақсы айтқан: «Егер ciз бастан кешіргенінізді eci- ңізге түйргенде бозарып және қызаратын болсаңыз, ciз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз ciздe сезіну eci немесе эмоциялық естің болғаны».

Естің жоғарыда аталған түрлері eкi сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі

Мәселен, 6iріншi сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы рөль атқаратын болса, онда естің образдық түpi болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түpi болып табылады.

Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын көрсетін отыр. Мәселен, адам­ның материалды қанша мерзімге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып eкігe бөлінеді. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы тексті көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік eci болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 277; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты