КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
А) Тоқтамға келгіштікТоқ тамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын- қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жузеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу yшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әpбip істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы iciн дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тындау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық — тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Адамның өз әрекетін дұрыс түciнyi, icтeгeн iciніп азды көп кемшілікктерін көребілуі оның акыл-ой парасатымен байланысып жатады. Бipey тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді ал екінші бipey көптеген кателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсанға түседі, ал үшінші 6ip адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бipaқ, оларды көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жіерін жегідей жеп мұқалтады. Ә) Табандылық Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол кажымайталмай әрекет eтіп, осы жолда нe6ip қиыншылыққа төзіп, оларды 6ipiнен соң бірін жеңіл отырады. Мұндай адамның epiк күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында eкi колынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бipaқ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмip cypiп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмip сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сурап алып, бақайымен жазу жазды. Каламды аузымен тістен сурет салуға да машықтанды. Бip күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл онын мақсатына жету жолын 6ip табан жакындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да ecipген. Үш айлық шоферлер курсын 6iтіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып ктеген. Осындай жауапты қызметте жүре 6ip жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды кағаз бетше түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйініштігін, табандылығының арқасында өмір кызығын татып отырған карапайым еңбек адамының ерлік ici тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек тепсе темір үзетін, кол-аяғы балғандай, жеті мүшеci сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекгі жан-тәнімен суйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кici тандамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетін, icкe мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет. Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады: 1) Баланы жас кезінен қолына алған iciн ылғи да аяқтатып, оның қолынан ic келетіндігіне сезімін арттырып отыру қажет; 2)Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен куресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешнің өзi өнеге көрсетін отырса тіптен жақсы; 3)Баланы коллективтегі ортақ мудде үшін куресе 6ілуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігі өтеуге жұмылдыру, оған берілшген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау — табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары. Б) Ұстамдылық Ұстамдылық дегенміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, icтеп тетігін анғара отыра әрекет етеді. Ол ағат icтергe бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күшжігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. «...нағыз зор epiк дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу) емес,— дейді. А. С. Макаренко,— сонымен 6ipсe керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен өзін бас тарта 6iреуге мәжбүр eтyi керек. Жiгep дегеніміз — құр тілекпен Қанағаттану емес, бұл 6ip мезгілдегіТілек те, тоқталыста, тілектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес» Осындай қасиеттер адамнын түрлі қиыншылыктарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе 6еруi үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалактық, жеңілтектік, дегбірсіздік адамның катты жігерленіп, icкe белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күшін жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық иен тартыншактыққа, орынсыз ұшкалақтыққа жол бермеу — адамның өз бойын тежеп ұстай алуының, ұстамдылығының белгілі өзін-өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді кайткен күнде де орындауға адамнын өзін жеге алуы. Eріктің бұл сапасынсыз карапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес. Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетін келеді. Осындай тамаша қасиеттің 6ip көрінісін А. Фадеев өзінің «Жас гвардия» романында фашистердің қолына түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінез-құлқы арқылы өте жақсы көрсеткен. «Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолын қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбонг Сережканың жарасына iтіктi сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шықырлатты... Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді... Сережка — үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де 6ip- қатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар. Сережканың шешесі келіп кірдi. Олар он 6ip баланың анасы болған кәpi әйелдің киімін қоймай шешіп жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережкаміз бақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап соқты. Б1рақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіптi Фенбогтің де eci шығып кеткендей темip cүймeндi ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып жi6epдi. Сережка боп-боз болып керрi, маңдайы тершіп қоя 6epдi. Ол:— Болғаны осы...— деген жалғыз ғана сөз айтты» Күштi epiк адамның осындай ауыртпалықты жеңіл отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шындала түседі онан сайын қатайып, беки береді, яғни М. Горький айтқандай, «тіпті аз ғана өзінді жену адамды зор куат нeci етеді. Ұстамдылық, өзін-өз меңгере алу — адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты epiк сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу ceзімінеe билетпей, көңілге алғаи iciн қажетінше icтеп шығады. Адамда осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап отыруға бой ұсындыру, коллектив мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі Tepic қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сезімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді (босқа, лепіру даурығу, ұшқалақтық т. б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет. В) Тәртіптілік пен жинақылық Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллективтің ырқына бағындыра алу қабілет. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сезіммен, белсенділікпен әрекет eтіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігі жақсы түсінеді Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілігі жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, ic-әрекетің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта 6ip icкe керісінше оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның коғамдық әрекепмен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
|