Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТИПІК MIHEЗ БІTICTEPI




1) Отан сүйгіштік-кісінің бойындағы күш-қуатын, біліміi мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кip-жуып-кіндік кескен жерше білдіретін перзенттік борышы оның кісілнрін танытатын ерекше асқақ ceзімi.

2)Меірімділік пен ізгілік. Eriз қозыдай осы eкеуi қасиет-басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т. б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялык жағынан тиімді. Kiciнің нат – шадыман тіршілігі үшін маңызды. «Мейірімділік, — деп жазды К.Бови,— мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Өте тауып айтылған сөз. Әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді уакыт та жетпей жатады. Ал айналаңдағы адамдар, әсіресе егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. «Ең үлкен сән-салтанат,— деп жазды Экзю­пери,— адамдардың карым - қатынасының салтанаты». Адам кішкентайынан басқаларды өзімен карым - қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзің білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап - тілегіне, талғамы мен қамына көңіл ау­дарып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдық пен карауға машықтанған абзал. Кімде - кім өзгелердің табиғи ұмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, бас- қаның ақыл- ойы мен мүдде-тілегін дұрыс ceзiнiп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе, мұндай кici инабатты да сүйкімді. Kiciгe адал ici мен жeтicтiктepiн орындыжерде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етеді.Tiптi сол адамның ерекше абырой беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын iзгі қадам жасауға ұмтылыс талпынысын ескере отыру бip ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға кішкентайымыздан осы абзал касиеттерді дарыта жүріп естен шығармайық. «Адамда калайда болса, қашанда болса пайда келтipeтін ой мен ic ізгілік деп аталады. ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу — адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» (М. Жүмабаев). Үйде де, түзде де кicire iзгілік, имандылықпен карап, оның камын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен камқорлық жасай білу - кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік — адам біткенді сүйе беру секілді күй - ректік, көңілшек сезіммен eшбіp тоқайласпайды. Нағыз гуманист үлкен мейірбандықпен қатар коғамдық прогреске кесірін тигізетін кертартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға өшпенділігігін жасыра алмайды. Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүтін өмipiн халық бақыты үшін сарып еткен біртуар перзенттер аз болмаған (әл-Фараби, Асан-кайғы, Сырым батыр, Махамбет, А. Байтұрсынов: М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы т. б.). Осынау тамаша қасиет халқымыздың ұлттық пси- хологиясынан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын деректер жетерлікті.

3) Адалдық пен шыншылдық. Бұл eкeyi 6ip-6ipiмeн бірre кайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам — адал. Адалдық — сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның ic-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық - адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу-еңбек пен білім алуға, жалпы ic-әрекетке дұ­рыс көзбен карау, инабатты .тіршілікте тиянақты, прин­ципа болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кici әділетті де, кішіпейілділік пен кайырымдылық, қарапайымдылық етін жүреді бұлар кісінін аты мен абыройына дақ түсірмейді.«Сырты бүтін, іші түтін», яғни босқа көлгірситін көзқарас пен мінездеті түрлі жалған көріністер (eкi жүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күнделікті, штарлық, мактаншақтык, тәкаппарлык т. б.) нағыз адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды. бipey жасынан ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз көп сөйлейтін, кисынды-кисынсыз eтірікті 6eтi шімірікпестен айта салатын боп өседі Есейе келе мұн­дай адамның тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз от басын да алдайтын, eкi жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес. Өйткені «адалдық кайда болса тіршілік сонда» (К- Насыри), «...Шындык- ауа,онсыздем алуға болмайды» (И. С. Тургенер), «Шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді (Ғ. Мұстафин.).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 244; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты