Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТЕМПЕРАМЕНТ




Жоспар:

1. ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

2. ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Темперамент — нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінң бipi. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Тем­перамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктері мен, әсіpece жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық кұбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай кимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен терендігінен де (мәселен, 6ipey өжет, алғыр болса, екінші 6ipey керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (6ipey сабырлы, екінші 6ipey күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелп Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460—356) еңбектерінде бұл жөнінде бipaз пікірлер ай­тылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіңде төрт турлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпе- раментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттepi адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың 6ip-6ipінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангнус»— қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма»— шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»— кара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе — өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйыктардың 6ipіншісінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарнхын түсіндіруге де жарайды деді ол мидың рөлін түсінбейді, оны бездердің бipi деп санады. Бұл — адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің саның он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатының, денеа салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогресеивті маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін тepic пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темперамента организм­дегі химиялық заттардың кұрамына байланысты түсіндіругe тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрлеріне физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, iшкi секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Heмic философы И. Кант (1724—1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түpi туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез үғымдарын 6ip-6ipiнe балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теорнялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең epic алады. Мәселен, немic анатомы Гей­не темпераменттердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833—1902)1 ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837— 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдтне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекі eтіп түсіндірген академик И. П. Павловтыц ілімi темперамент туралы түсінік ғылыми сара жолға түсіреді.

Нерв жүйесінің типтepi ми қабығындағы қозу, теже­лу процестерінің үш негізгi белгісінің (күшті, тепе-теңдігi, қозғалғьиитығы) жиынтығынан құрастырылады.

Нерв процестерінің күшіне — ми кабығының жұмыс icтeу қабілетті, яғни сыртқы ортанын түрл тітіркендіргіштерінe мидын төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тәжелудің 6ip-6ipiнe тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғалғыштығы деп олардың біріншінің eкіншісінe алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Сөйтіп И. П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әp6ip типінін үш белгici болады. Мәселен, күшті типтердің 6ipi — ұстамсыз тип. Ұетамсыз тип — жұмыс icтey қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері 6ip-6ipiмен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншici — ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері 6ip-6ipiнe тең келіп, тез алмасып оты­рады. Күшті типтің үшіншісі — қозу мен тежелу 6ip-6ipiнe, тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестepi баяу көрініп отырады. Күштi тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отыра­ды. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келeтiн түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негізде- piн жақсы түсіндіреді.

Павлов сангвиниктерді — ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді—ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі 6ip-6ipiнe тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — нерв жүйесі әлсіз тиістi адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгi типтерден баска да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бi- рақ аз да болса козуы басымдау тұратын), сонымен катар козу мен тежелудің күшін тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбиесінің бip қорытындылары адам темпераменттерінің физиоло­гиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көр­сете келіп, темпераментке мынадай" анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әp6ip индивидиумның барлық әрекетіне белгіліi кейін беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы»\ Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896—1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түстін Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теп­лое пен оның шәкірттepi осындай тәжірибелі адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйе­сінің төрт түрлі типі туралы ілiмi адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене үсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бipi В. Д. Небылиңин (1930—1972) осындай зерттеулердің біріне нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күштi екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға беімделе алу қабілеті мол екіншіден зерттелді.

2. ТЕМПЕРАМЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша эр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күнін, 6ipi екіншісінe тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, кү- йіп-пісугe ылғи да дайын тұратын куйгелек адамдар. Icтi бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын 6ip ситеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераменттің өкілдері Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленіп, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Сангвиник темпераменттің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, eтi тірі бірақ кез-келген icтi бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетің, беріліп кететін, басқа адамдармен тез тіл таба біледі ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, бы­лайша айтқанда, ақ көңіл, қызу iстін адамы. Онын осал жері — ic жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді енді бірде жеңіл мінездлікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментшдегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге ceзім білдіреpe бермейді асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бip осал жері — қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң- тайлылықтың жоқтығы. Бірақ, мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістepi үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

1. Сангвиник темпераментi басым оқушының ерекшеліктepi: ашық, көпшіл, сөзшең, кісігe қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйісіп, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл куйі жиі өзгеріп келеді көп нәрсеге қызығады, бәрін бөліп алуға тырысады, бipaқ бipey бағыттап отырмаса, тез суып кетyi де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның cөзi жылдам, анық, түсініктіi, паузалар мен интонаңияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-кұлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өміргe икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2.Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді тұрақты, бip қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді көрсе қызар емес, мәселені тез ше­шуге асықпайды, салқынқанды. Бip icтi бастаса салпақтап сонынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетшен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екінші баяу келеді аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераменттеп балалардың көпшілік мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемдіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктepi. Бұл ұшынқонып тұратын, куйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі тұрақсыз, соқпа мінезді белсещи пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой- әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой - әрекеттінің белсенділігі оку тапсырмаларын орындауынан жақсы көршеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалар­дың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді Өз эмо- циялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісіруге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қиянқы, ұнамсыз icтepгe әуес. Бұлардың сөзi жыл­дам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндеп бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез бepiледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

3. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерек шеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді өкпелегін, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көршгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім онытақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызарандап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның ecінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпера­ментіндеп окушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге туспей, жай ғана жүріп тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұ­йық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы-құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т. б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, cipкeci су көтермейді бірбет, қыңыр, қисық келеді.

MIHE3

Жоспар:

1. MІHE3 ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

2. МІНЕЗДІҢ ТИПТІК БІТІСТЕРІ

Әр адам сыртқы дүниенің саңсыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрлеріне жауап қайтарып отырады. Бұл жа­уап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша катынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамнын үйреншікті әдетше; мінез-кұлқының мәнеpiнe айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрлі қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын. осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін кұрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып калыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де бола­ды. Мәселен, біреудің катал, не; тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты калыптасып кеткен әдеттердің жатуы ықтимал.

Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекеттінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелігі. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістepi көп. Олардың бәpi де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістepi болып саналмайды.

Мінезді даралық өзгешеленетің өзегі, адамның негiзгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адам­нын сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді мінез — кең мағыналы үғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелшгі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары бо­лып есептелінеді.

Рухани дүнueci бай қажеттері мен қызығулары, талға­мы мен ой-өpici кең адамдарды толық мінездi адам дейдi. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты (Әл-Фараби). Мінез сапаларының 6ipi — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтін ылғи да сөз бен icтін бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мiнeзi бірқалыпты да келеді. Бұл eкeyi мінездің егіз қозыдай, бipінен eкіншіci ешқашан ажырамайтын қасиеттерің мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түйсіктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмip cүретін мән-мағынасын, әрекетін. мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді оның өзінің белгілі көзқарасы, принціпi, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің кушіне максатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. «Бойда қайрат, ойда көз, болмаган соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың бірінe оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен cенімінеe байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сезімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Җаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адам­да біp мінез бітіci болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, бipeуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ түрлі жағдайда түрліше қылық көрсететін де мүмкін. Осыған қарап оның мiнезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйт­кені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түcyi мүмкін мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптігі сол кісінін мінез бітісі деп санауға болады.

Miнез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байла­нысты. Адамда қабілетерінің дамуы кейбір тиістi мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйіспеншілік, энту­зиазм сияқты мінез бітістерін қабілеттер үшін ерекше маңызды eкіншісi түсініктi. Ал темперамент болса, мінез бітістеріндe өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кей6ip нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің косар үлеа зор. еркi күшті адамның мінезі де берік. жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.

И. П. Павлов адамның мінез бітістерің жоғары нерв қызметінің тума типтері мен өмір суру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «...адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйе­сінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмip сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынаеында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үй­рету жұмыстарына да байланысты болады»1.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтін ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндipic коллективі, қоғамдық ұйымдар т. б.) тығыз бай­ланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуін рөль атқарады. Мінез өзгермейтің тума қаеиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбip бала туысынан «еңбек cүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезi, ұзақ жылғы өмip суру барысын­да өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процестің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ор­тамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «...Сөз жүзінде емес, мінез-кұлықты ic жүзінде жүзеге асыруға болады» (Әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол ортасынатиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақ­тылы ic-әрекеті де мінез бітістердің қалыптасуында шешуші рөль атқарып отырады.

2. MIHE3 БІТІСТЕРІ

Адамдардың өмip жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа бipeyде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзi өмip cypiп отырған . қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан 6ip адамның мінезi жөнінде сөз болғанда мінездің дара жә­не типтік бітістерің қоса еске алып отыру қажет. Тип­тік мінездер — белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі типтік мінезден эр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшеліке сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады.Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірлерін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдай­да көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітестерді. Бұларға: коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жа­тады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз iciнe, еңбегіне катынасын білдіретін мінез бітістepi де жатады. Бұларға еңбек сүйіспеншілік, құнттылық, иниңитивалық, салақтык, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгi бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап коя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік, мактаншактық, жасқаншақтык т. б. жатады.

Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі мең­гере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері кұрайды. Бұл топты мінездің epiктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсе- тінен мінез бітістерін мазмұнынан тыс қарауға бол­майды .Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы урының жылпос «пысықтығын» мінездің epіктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.

Мінездің epiктік сапаларының өзі күштi және әлсіз, яғни нашар мінез болып eкіге бөлінеді Күшті мінезге — мақсатқа талпынғыштық, дербестшк, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылык, тәртіптік, жинақылык, ерлік т. б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қьнырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т. б. кіреді. Мінез сондай-ақ ауыр, жеңілтек, мінeзciз, сотқар, тен-тек, бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 320; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты