Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


IC-ӘРЕКЕТ TYPЛEPІ. ОЙЫН ТҮРЛЕРІ




Ойын — бала әрекетінің негізгі бip түрі. Ойын ар­кылы адам баласының белгілі бip буыны қоғамдық тәжірбиені менгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерің қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара карым-қатынас жасайды. Ал мұның өзi оның дамуы үшін ерекше ма- ңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бip сыдырғы байқалатынын А. С. Макарен­ко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,— деп жазды ол,— балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы бола­ды».

Ойын адам әрекеттің бip түpi болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетін сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасын- дағыларды өзінше «емдейді». Бірақ, бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы куші— баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкiн. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өінім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойын­ның ешқандай маңызы жок деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетің қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенің байқап көреді. Keйбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бipi жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері—ойын баланың артық энергинясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді. (Г. Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рақат табудың бip көзi (К- Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғам­дық фактордың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г. В. Плеханов өз еңбектерінде ойын жөніндегі идеалистік теорияларды сынап бала ойынының үлкендер ең- бегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.

Баланың жақсы өсумен катар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бip жастағы бөбектердің ойыны м а н и п у л я ц и я л ы қ (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінуімен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетінше көңіл аударады, заттың iшкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары кажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізі максатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін демеу қажет. Осындай ойын аркылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» болып саналғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойы­нына үнеі1 дұрыс басшылық eтіп отыру — oй-өрісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланыс­ты жүргізілетің жұмыстардың басты 6ip бөлегі.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды.Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т.б.) көбірек ойнай­тын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететің сюжетік ойындар­ды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші кластағылар қуыршактарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бipi мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бей- неленуі екінші класс балаларында біртіндеп кеми бас­тайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөpі бала олардың бip-бipiмен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерің көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден ecтіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

Бастауыш класс оқушылары ойындарынын басты ерекшелігі — оның ұжымдык, сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені, бұлар ұжымдық өмip сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы eкі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші класс оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жау- апкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы — бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, үжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына себебін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы Miнез-құлықтың Keйбip тepic бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бiрақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бip бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екіншідігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің калыптасуына да әсер етеді Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.

Бастауыш класс оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сактау, бip-бipiмeн жарысу момeнттepi күшті болады. Сондықтан да мұндай ойындар иниңиативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді өз қимылдарын жолдастарының қимыл - қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бipiнен-бipi озу жағы да көзделеді. Төменгі класс окушылары спорттық ойындарға тән тиістi дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімдігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бip жақсы жері сол, балаға ceкipy, лақтыру, карғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйреініп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптік секілді адамгершілік касиеттерге баулиды.

Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұ­рыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

ОҚУ

Оқу — ic-әрекеттің нeгізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді дағды мен икемді жүйелі турде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекетті— оқу. Оқу аркылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бipгe жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекеттің, ғылым-білім жүйелерің мең- гереді, сөйтіп, өзің практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру — ұзақ уакытты керек ететін курделі процесс.

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның 6iрiншісі кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігін жай- лы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибиеде орындап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесіншісі кезенде балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын бо­лады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бip нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді мұндағы себеп пен нәтиженің занды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса, тутін шығады» дегенде оттың жануы түтінің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәpi де бip-бipiмен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жеті ұ ғ ы н у деп аталынады. Бастауыш класс оқушылары оқу материалдарының мәнісінe тереңдеп бара бермейді Оларды жай жаттап алады да өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны көршеді. Мұғалім окушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бip-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәнше толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практи­калық мәнәі кеми түседі Kейбіp мұғалімдер баланың белсенді ойлау проңесін дамытудың орнына оның ес-қабілеетін ecкеругe ерекше мән береді бұдан баланың eciн дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бip-бipiмен салыстырғызып, талдап жйнақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды жаттап алу, оның мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.

Психолог П. Я. Гальперин (1902—1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу т. б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап, және іштен айта алатын болады да сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкi ой әрекетіне айналады дейді.

Баланың білім меңгеруің мұғалімнің сабақ оқытуы eкеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын нәрсе. Мә­селен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тиектерін ұдайы канағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбекпен білуге құштарлығын дамытуы қажет.

ЕҢБЕК

Адам психикасын қалыптастыруда роль атқаратын әрекеттің бipi — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмip cүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінінң қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде Қ. У. Ушинский: «...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр-аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Мака­ренко былайша түсіндіредi: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, онан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, eшбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бip мағына болса ғана туады». Ұлы педагогог еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсніуге болмайтындығын, енбек адам психологиясын, кісілердің бip-бipiмен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек әрекеттің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелеп— оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі кызметкерде арнаулы білім жүйесі дағды, икемділікктердің болуын, зейінділікті, күшті epiк күшін, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 293; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты