Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ПЛАЦЕНТА (БАЛА ЖОЛДАСЫ) ПАТОЛОГИЯСЫ




Плацента (бала орны, жолдас) ана-бала функционалдық жүйесінің негізгі элементі. Ол іштегі баланың тоқтамастан дами­тын және бірте-бірте пісіп жетілетін провизорлы (уақытша) агза-сы. Бала жолдасында ана мен бала арасындағы зат алмасу процестері қарқында түрде жүріп жатады. Тек жүктіліктің 36-аптасынан кейін ғана бүл үрдістер саябырлай бастайды. Бала жолдасы қызметінің жетіспеушілігі дегенде ана мен бала арасындағы зат алмасу үрдісінің толық қамтамасыз етілмеуін түсінеміз. Міне, осы жағдайдағы іштегі бала организмін қоректік заттармен оттегі жеткілікті мөлшерде түспей туа біткен гипотрофия (бала салмагының аз болуы) және іште дамыган гипоксия белгілері пайда болады.

Бала жолдасы қызметінің бүзылуъш алғашқы (біріншілік) және екіншілік жетіспеушілік деп екі топқа бөледі (Федорова М.В., Ка­лашникова Е.П., 1986).



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


21 бөлім. Балалар аурулары



 


Бала жолдасының біріншілік жетіспеушілігі ата-ана үрықтары-ның, зиготаның, бластоцистаньщ өртүрлі (гендік, эвдокриндікжөне т.б.) өсерлер нәтижесінде дамитын өзгерістеріне байланысты имп­лантация мен плацентация үрдістерінің бүзылуынан болады. Бүл патология бала жолдасы қүрылысының, жайғасу орнының өзгерістерімен жөне де хорионның пісіп жетілуіндегі жөне тамыр-лануьшдағы (васкуляризация) өзгерістерімен көрінеді.

Бала жолдасының екіншілік жетіспеушілгі пісіп-жетілген пла-центаға экзогенді факторлар әсерінде дамиды. Оның негізгі себептеріне ананың созылмалы аурулары (гипертония ауруы, ревматизмдік аурулар және т.б.) немесе жүктілікке байланысты дамитын сырқаттар (гестоздар, қантты диабет жөне т.б.) жатады. Бала жолдасы жетіспеуішілігінің жедел жөне созылмалы түрлерін ажыратады.

Бала жолдасының жедел жетіспеушілігі плацента мерзіміненбүрын көшіп түскенде немесе оның ауқымды инфарктында пайда болып, іштегі баланың өлімімен, оның өз мерзімінен бүрын туы-луымен аяқталады. Бала жолдасының созылмалы жетіспеушілігі іштегі бала гипотрофиясына немесе гипоксиясына соқтырады, бала көбінесе өз мерзімінен бүрын туылады.

Енді осы өзгерістердің негізгілеріне тоқтап өтейік.

Бала жолдасында болатын кемістіктер. Бүл имплантация жөнеплацентация қүбылыстары бүзылганда пайда болады. Оларға біріншіден бала жолдасының сыртқы пішініндегі өзгерістер кіреді. Мысалы, плацента шеттерінің білеуленіп қалыңдауы немесе қүрсауга оралганадай қатып қалуы. Бүл жағдай бала жолдасының алғашқы даму кезеңінде шеттерінің жиырылып қалуынан болады. Миркос-коппен қарағанда осы жерлер некрозданған бүрлерден жөне де-цидуалы тіндерден түрады. Некрозданған тін фибриноидты өзгерістерге үшырап жүктілік кезінде қан ағуға, баланың мерзімінен бүрын немесе өлі туылуына соқтыруы мүмкін.

Екі бөлікті, көпбөлікті және "саңылаулы" плацента баланың дамуына көп өсер етпейді. Қалыпты жағдайда бала жолдасының орташа салмағы 500-600 грамм, көлденеңі 17-20см. Оның салмағы 400 грамм немесе оннан кем, көлденеңі 16 см-ден кем болса, ги-поплазияланган плацента деп аталады.

Ал салмағы 700-1000 грамм және одан да ауырырақ, көлденеңі 25-30 см болса, оны гиперплазияланган плацента деп атайды. Ги­перплазия сәбилердің гемолиздік сырқаттары, туа болған мерез, қантты диабет үшін тән фетопатияларға жатады.

Бала жолдасы әдетте жатыр түбінде немесе оның бүйірінде орналасады. Оның басқа жерде орналасуы туа болған кемістіктер


қатарына кіреді. Мысалы, бала жолдасының жатырдың ішкі ернеуінің шетінде немее ортасында орналасуы оның мерзімінен бүрын көшіп түсуі, толғақ кезінде өте күшті қан ағуына, баланың іште өліп қалуына себеп болады. Бүл патология бластоцистаньщ өте томен имплантациясымен түсіндіріледі.

Бала жолдасының жатырга жабысып қалуы децидуалы қабық-тың негізгі (базалы) қабатының қабыну процестерімен (эндомет­рит) байланысты. Осы жағдайда хорион бүрлері миометриге дейін бойлап өседі де бала жолдасының ажырап шығуы қиындайды. Осыған байланысты жатырдан өте көп қан кетеді.

Бала жодцасының жедел жетіспеушілігі себептерінің біріне оның мерзімінен бүрын көшіп түсуі жатады. Бүл патология бала жолдасы орналасуында туа біткен ауқаруларында ғана емес, ол қалыпты орнында түрғанда да кездеседі. Оның бір шеті немесе орта бөлігі қан қүйылу нөтижесінде көше бастайды. Соның саддарынан бала жолдасының артында (ретроплацентарлы) гематома пайда болады немесе шетінен қан ағады. Бала жолдасының 1/3 немесе 1/2 бөлігінің көшіп түсуі, баланың жатырда өлуімен аяқталады.

Бала жолдасы дамуының бүзылуы. Бала жолдасы дамуының бүзы-луының бір түріне қан тамырларының (негізінен капиллярдың) жеткілікті болмауы жатады. Бүрлеріндегі қан тамырларының азаюы оның қызметінің бүзылуына, іште дамитын гипоксияға немесе баланың іште өліп қалуына соқтырады.

Бала жолдасының мезгілінен бурын жетілуі шала жене мерзіміненбүрын туылған балалардың 10%-да байқалады. Себебі белгісіз. Мезгілінен бүрын пісіп жетілген плацента оңдағы орын толтыру және бейімделу қүбылыстарының аяқталғанына байланысты ба-ланьгң өрі қарай дамуына мүмкіндік жасай алмайды.

Бала жолдасының өте жай жетілуі сөбилердің гемолиздіксырқатында, қантты диабетте, кейбір инфекцияларда (туа болған мерез, токсоплазмоз) байқалады. Бүл кезде ол көпке дейін өзінің үрық кезеңіндегі қүрылысын сақтап қалады, ал қан тамырлары-ның өте аз болуы баланың қалыпты дамуын бүзады.

Бала Жолдасы қызметінің бүрлер жетілуіндегі айырмашылық (диссоциация) нәтижесінде бүзылуы. Бүл патология хорионбүрлерінің өртүрлі дәрежеде жетілуімен сипатталады. Бала жолда-сын тексергенде қалыпты қан тамырлары көп, жақсы жетілген бүрлер арасында үрьгқтьщ кезёңге сәйкес келетін жетілмеген бүрлер табылады (203-сурет). Жетілмеген бүрлерде қан тамырлары өте аз. Осыған байланысты іштегі баланың қанменен қамтамасыз етілуі бүзылады (нашарлайды).

Бала жолдасындагы қан айналымының бүзылуына байланысты



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


21 белім. Балааар аурулары



 


203-сурет. Жетілмеген үрықтық бүрлер

дамитын өзгерістер. Ана мен бала арасындағы қан айналымы бүзылғанда бала жолдасында мынандай өзгерістер көрінеді: 1) бала жолдасьшың ишемиясы; 2) бала жолдасының ісінуі; 3) геморраги-ялық (нағыз) инфарктар; 4) жалған (ақ) инфарктар; 5) бүрлер ара-сындағы кеңістіктің тромбозы.

Бала жолдасының ишемиясы көбінесе ана қанының кенеттен келмей қалуына байланысты дамиды. Ишемияға үшыраған жер-дер қансызданған, ақшыл түсте көрінеді. Микроскоппен қараған-да ишемия аймағындағы капиллярларда қан болмайды.

Бала жолдасының ісінуі кейбір фетопатаяларда (нәрестелердің гемолиздік сырқаты және т.б.), гестоздарда байқалады. Оның сал-мағы 2-3 есе артып, ол өте ісініп, үлкейген бүрлерден түрады.

Геморрагиялық инфарктар негізінен бала жолдасының ана қан айналымына тәуелді бөлігінің патологиясы болып саналады. Осы қан тамырларда фибриноидты некроз, тромбозға тән өзгерістер көрінеді. Геморрагиялық инфарктардың өзі жедел, жеделдеу және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел қызыл инфаркт жүмсақ, қып-қызыл. Жеделдеу инфаркта оның түрі қоңыр, шекаралары анық болады. Созылмалы инфаркт, осы жердегі эритроциттер толық ыдырап кеткені үшін реңсізденіп, ақшыл түрге кіреді (нағыз не-


кроз ошағы). Олардың көлденеңі 3 см-ге дейін жетеді. Шекарала­ры анық, қатты.

Жалеан (ақ) инфарктарды кесіп қарағанда олар өртүрлі пішінді, ақшыл-сары түсті. Бүларды инфаркт емес, ақ некроздар деп ата-ған жөн. Олардың пайда болуы хорион бүрлеріндегі (үрықтық) қан айналымының бүзылуына байланысты. Бағаналық бүрлердің қан тамырларында тромбоз көрінеді, ал үсақ бүрлерде қан тамыр-лары болмайды. Микроскоппен қарағанда ақ некроз ошақтары бір-біріне фибринмен жабысқан, некрозданған, склерозданған,негізінен бағаналық бүрлер екендігі анықталады. Осы жерде цитотрофоб-ласт элементтері де көп табылады.

Бурлер арасындагы кеңістіктің тромбозы бүрлерді қоршаптүрған трофобластар зақымданғанда немесе осы бүрлерден іщтегі баланың, тобы сәйкес келмейтін, қанының шығуына байланысты пайда болады. Олар бала жолдасының орта бөлігінде, жақсы ше-караланған, көлденещ бірнеше сантиметрге жететін, қан қүйылу ошағы түрінде көрінеді. Тромб реңі оның пайда болу мерзіміне қарап қызыл, қоңыр, сары немесе ақ. Тромбтар негізінен фибрин жіпшелері мен эритроциттерден түрады.

Бала жолдасының қабынуы. Бала жолдасының қабынуы бала-ның мерзімінен бүрын туылуының, оның жатырда туылу кезінде немесе туғаннан соң өлу себептерінің бірі болып есептеледі.

Инфекция гематогенді жөне жоғары өрлеу жолдарымен түседі. Гематогенді жолмен инфекция өуелі бүрлер арасындағы кеңістікке, одан зақымданған трофобластың қабаты арқылы бүрлердің стро-масына, осы жерден қан тамырларына және үрық ағзаларына өтеді. Жогары өрлеу жолымен инфекция қыннан жатыр мойнының өзегі арқылы қағанаққа (амнионға) өтеді. Бала жолдасының қабынуы өрдайым іштегі бала ағзаларының қабынуымен аяқталмайды, кейбір инфекциялар бала жолдасын қабындырмай-ақ іштегі бала организміне тікелей өтіп кетеді.

Этиологиясы. Бала жолдасының қабынуы әртүрлі вирустар, бактериялар, микоплазмалар және т.б. инфекцияларға байланыс­ты. Вирустық инфекциялар әсерінде тіндерде вирустарға тән ци-топлазмалық жөне ядролық қоспалар табылады. Бактериялық ин­фекциялар үшін іріңді қабыну тән. Туберкулезде казеозды некроз ошақтары, гранулемалар пайда болады. Токсоплазмоз үшін некроз ошақтарында нағыз цисталардың, жалған цисталардың және еркін жатқан паразитгердің табылуы тән.

Бала жхшдасының бөлігінің қабынуына қарай оның томендегі түрлерін ажыратады: бүрлер арасындағы кеңістіктің қабынуы {ин-тервиллузит); бүрлердің (виллузит); базалды пластинканың (ба-


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

залдыдецидуит); хорион табақшасының (хориоамнионит), бала жол-дасының бүтіндей (плацентит) (204-сурет) қабынулары.

Бала жолдасының ісіктері. Бала жолдасының өзінің ісіктеріне гемангиомалар жатады. Олар хорион қан тамырларьшан өсіп шыққа-ны үшін хорыоангиома деп аталады. Морфологиялық түзілісі бой-ынша капиллярлы немесе кавернозды гемангиомаға жатады. Ге­мангиомалар кейде тек микроскопией көрінетін майда, кейде көлденеңі бірнеше сантиметрге жететін қоңыр қызыл түстегі түйін түрінде өседі. Сирек жағдайларда бала жолдасының тератомалар табылады.

Кіңцікбау патологиясы. Кіндікбау узындыгының ауыткулары. Оньщ қалыпты үзындығы 57-60 см. Егер үзындығы 40 см немесе онан қысқа болса, қысқы кіндікбау, 62 см-ден үзын болса, үзын кіндікбау деп аталады. Кіңдікбау өте қысқы болғанда бала өз мерзімінен бүрын туылады немесе туылу кезінде бала жолдасы өз орнынан ерте көшіп түсіп бала асфиксиядан өледі, кейде кіндікбау үзіліп кетеді. Бүл өзгерістер баланың іштен өлі туылуына себеп болуы мүмкін.

Кіндікбау үзын болғанда ол баланың мойнына, денесіне ора-лып қалады немесе түйіліп қалады. Бүл жағдайда кейде іштен ту-ылған асфиксияға соқтырады.


204-сурет. Іріңді плацентит

Кіндікбау бекітілуінің ауыткулары. Әдетте ол бала жолдасы-


21 бөлім. Балалар аурулары___________________________________________ Joy

ның ортасына бекіген. Егер ол бала жолдасының шетіне немесе қабықтарында бекіген болса, кіндікбау қан тамырларының басы-лып қалуына байланысты іштегі баланың қалыпты дамуы бүзыла-ды. Бала гипоксия нәтижесінде ана жатырында өліп қалады неме­се шала туылады, кейде оларда әртүрлі кемістіктер үшырайды. Кіндікбау қан тамырлары ауытқуларына оның артериясының біреуінің болмауы немесе саңылауының бітіп кетуі жатады. Бүл ауытқулар басқа да іштен туа болған кемістіктермен бірге кездеседі.

Үрық қабықтарының патологиясы.Үрық қабықтарының мерзімінен бүрын жарылып (ашылып) кетуі өртүрлі инфекцияның дамуымен және кіндікбауының түсіп кетуіне байланысты дами-тын патологиямен асқынады.

Қаганақ суының мөлшері туылу алдында 600 мл-ге жетеді. Қаганақ суының көбейіп кетуі (кейде ол 2 литрден де көп болады) (polihydroamnion) көптеген фетопатиялармен қатар кездеседі.

Қаганақ суының аз болуы (oligohydroamnion) (500 мл және онан да азырақ) іштеіі баланың, бала жолдасының ошоплазиясында жөне эмбриопатияларда кездесетін патология.

Амниондық тутасулар деп (Симонарт созылмалары) амнион-нан іштегі бала денесіне қарай тартылған қатты дәнекер тінді со-зылмаларды айтады. Олар көбінесе қағанақ суы аз болғанда пайда болып іштегі толық жетілген бала агзаларының (қол-аяқ бармақ-тарының, білектің, иықтың, санның) кесіліп қалуына (ампутация) соқтырады. Эмбрион (үрық) кезеңінде пайда болган созылмалар қол-аяқ гипоплазиясьща немесе іштен туатын кемістіктеріне альш келеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 1117; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты