Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алдын ала ескертулер




Суреттердегі бейнеленген кейіпкерлер бірінші кезеңде көрсетілген адамгершілік қасиеттерді көрсететіндей етіп таңдалған. Бала суретте бейнеленген қылықтарға моральдық баға беруі керек, ол балалардың осы ережелерге қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкестікті бағалауға ерекше зейін қойылады, яғни баланың эмоциялық реакцияларының моральдық ережелерге сәйкес келуіне: адамгершілікті қылыққа оң эмоциялық жауабы (күлімсіреу, мақұлдау және т.т.) және өнегесіз қылыққа теріс эмоциялық жауабы (айыптау, ұнатпау және т.т.).

Әдістемені өткізу

Зерттеу жеке дара жүргізіледі. Балаға: «Суреттерді, бір жағында жақсы қылықтар, ал екінші жағында жаман қылықтар болатындай етіп орналастыр. Суреттердің әрқайсысын қайда және не үшін қоятыныңды айтып түсіндір». Хаттамада баланың эмоциялық жауа және сондай-ақ оның түсініктемелері (мүмкіндігінше сөзбе сөз) жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәтижелерді өңдеу

0 бал — бала суреттерді дұрыс топтастырып жинамайды (бір топтаманың ішінде оң әрекеттер мен қатар теріс әрекеттер бейнеленген суреттердің болуы), эмоциялық жауабы сәйкес емес немесе мүлде жоқ.

1 бал — бала суреттерді дұрыс топтастырып жинайды, бірақ өзінің әрекетін негіздей алмайды; эмоциялық жауабы сәйкес емес.

2 бал — бала суреттерді дұрыс топтастыра отырып, өзінің әрекетін негіздейді; эмоциялық жауабы сәйкес, бірақ әлсіз көрінеді.

3 бал — бала өз таңдауын негіздейді (моральдық ережелерді атауы мүмкін); эмоциялық жауаптары сәйкес, айқын, мимикадан, белсенді ымдық қозғалыстарынан (жестикуляциялардан) және т.т. көрінеді.

Балалардың «Сюжеттік суреттер» тапсырмасын орындау мысалдары

Ересек адам қатысушыға оң және теріс қылық бейнеленген суреттерді береді. Данияр суретті алып, мұқият қарайды және түсіндіре отырып орындарына қояды. Данияр. Мына бала жаман қылық жасады, себебі ол кәмпиттерді ешкімге бермей өзі жалғыз жеп тұр. Ол сараңдық танытты. (Оның бет әлпеті байыпты, қатаң. Оның түрінен баланың қылығын ұнатпағандығы көрініп тұр. Бұдан кейін көзін басқа суретке салып, жымиды.)

Данияр. Ал мына бала жақсы қылық көрсетті, себебі ол барлық балаларға кәмпитінен беріп тұр. Ол сараң емес. Барлық балаларды сыйлауы керек. Мен балалар бақшасына кәмпит немесе печенье алып келген кезімде, мен ылғи Сережаны, Азаматты және тағыда біреулерге кәмпит сыйлаймын. Олар да маған сыйлайды.

Бағалау:3 бал, себебі Данияр суреттерді қараған кезде сәйкес және айқын эмоциялық жауаптар көрсетті, өзінің өмірінен мысалдар келтіреді.

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Баланың Т.А. Балдар сандары Баланың эмоциялық жауаптары, оның суреттерді түсіндіруі Ескертулер
1.      
2.      

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Сюжеттік суреттер» әдістемесі
  Саны % Ескерту
Барлық зерттелген балалар      
0 бал алғандар    
1 бал алғандар    
2 бал алғандар    
3 бал алғандар    

2. Қатынастардың түстік тесті (ҚТТ)

(М. Люшердің Түстік тестін модификациялау)

Мақсаты:баланың адамгершілік қағидаларына эмоциялық қатынасын зерттеу. Әрбір ереженің жеке дара мазмұнын, оның сапалық сипаттамаларын зерттеу.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 231; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты