Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алдын ала ескертулер. Түстерді қабылдау кез келген адамның, оның ішінде баланың эмоциялық өмірімен тығыз байланысты




Түстерді қабылдау кез келген адамның, оның ішінде баланың эмоциялық өмірімен тығыз байланысты. Бұл байланыс көптеген эксперименталды-психологиялық зерттеулерде дәлелденген және баяғыдан психология-педагогикалық зерттеулерде қолданылуда. ҚТТ проективті әдістеме болып табылады, яғни баланың жауаптарының сипаты оның ұсынылған ұғымдарға қатынасының ерекшеліктерімен анықталады деп ойланылады. Дәл сондықтан мұнда дұрыс немесе дұрыс емес (жақсы немесе жаман, ақылсыз) жауаптар жоқ.

Бұл әдістемені жүргізу шарасының қарапайымдылығы оны кіші жастағы мектепке дейінгі (3-4 жас) балалармен жүргізуге мүмкіндік береді; ол сондай-ақ ықшамды, жүргізуде және нәтижелерді өңдеуде көп уақыт алмайды.

«Альтруизм» және «эгоизм» сияқты ұғымдарды түсіну мектепке дейінгі жастағы балаларға қиындық туғызатындықтан, ҚТТ олар мәні бойынша жақын «мейірімді» және «мейірімсіз» деген ұғымдармен ауыстырылды, осылайша бұл жағдайда осы ұғымдар синонимдер деп есептеледі.

Әдістемені жүргізу

ҚТТ жүргізу үшін ақ қағаз парағы (210x290 мм) және түсі әртүрлі (көк, жасыл, қызыл, сары, күлгінкөк, қоңыр, қара, сұр) 8 карточка қажет.

 

 

 


Зерттеу жеке дара жүргізіледі. Баланың алдына ақ қағаздың үстіне сегіз түрлі-түсті карточканы кез-келген тәртіпте орналастырып, былай дейді: «Бұл сиқырлы терезелері бар, сиқырлы үй деп ойлап көр. Бұл терезелердің ар жағында әр түрлі адамдар тұрады. Мен саған адамдарды атаймын, ал сен кімнің қайда тұратынын таңдайсың. Келістік пе? Жақсы! Қай терезенің ар жағында жақсы адамдар тұрады? Ал жалқаулар ше?»

Одан әрі ұғымдардың барлық тізімі аталады. Мүмкіндігінше оң және теріс (бірақ қосарлы емес) адамгершілік қасиеттерді алмастырып отырған дұрыс. Мысалы: мейірімді, жалқау, жомарт, жалған (өтірікші), еңбекқор ... және т.т. Бұл жерде түстер қайталануы мүмкін, яғни бала әртүрлі ұғымдар үшін бірдей түстерді таңдауы мүмкін.

Хаттамада әр ұғым үшін таңдалған түс және баланың оған түсініктемесі жазылады.

Нәтижелерді өңдеу

Нәтижелерді талдау кезінде әрбір ұғымға берілген түсті және осы түстің эмоциялық мәнін сәйкестендіру қажет. Төменде ғалым-психологтар берген әрбір түстің, оның эмоциялық-психологиялық мәнінің қысқаша сипаттамасы келтірілген.

КӨК: адал, салмақты, біршама суық.

ЖАСЫЛ: өз бетінше, табанды, кейде қырсық, ынталы.

ҚЫЗЫЛ: жылы шырайлы, көпшіл, жігерлі, сенімді, шамданғыш.

САРЫ: өте белсенді, ашық, көпшіл, көңілді.

КҮЛГІНКӨК: мазасыз, эмоциялық қызба, рухани байланысқа деген қажеттілік.

ҚОҢЫР: тәуелді, сезімтал, босаңсыған.

ҚАРА: тұйық, өзімшілдік, дұшпандық, шеттелінген, қабылданбайтын.

СҰР: енжар, пассивті, сенімсіз, немқұрайлы.

Қатынастардың түстік тестінің нәтижелерін талдау кезінде балаларда әртүрлі адамгершілік ұғымдарға эмоциялық қатынастарының қалыптасуы біркелкі болмайтындығын ескеру керек. Тәжірибе, әдетте балалар төмендегілерді таңдайтынын көрсетеді:

МЕЙІРІМДІ — сары және қызыл түстер. Басқа сөзбен айтсақ, балалар мейірімді адам, ол – қарым-қатынасқа жақсы түсетін, ашық, жылы шырайлы, сүйкімді адам деп есептейді. «Мейірімді» түсінігіне деген пара-пар қатынас балаларда 4-5 жасында қалыптасады.

МЕЙІРІМСІЗ — көк (3-4 жаста), қоңыр (4-5 жаста) және қара (5 жастан). Бұл түстер суықтықты, оқшауланғандықты, өзімшілдікті, дұшпандылықты, шеттелгендігін көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, мектепке дейінгі балалар тұлғаның бұл қасиетін қабылдамайды.

АДАЛ — сары және қызыл түстер. Яғни, балаларда бұл түсінік қарым-қатынасқа жақсы түсетін, ашықтық, жылы шырайлылық сипаттамаларымен ассоцияланады.

Балалардың мұндай қорытындыға бірден келмейтіндігін атап өткен жөн. 3-5 жастағы балалар көбіне адалдықты оған қара түс беріп теріс қасиеттерге жатқызады. Тек үлкен жастағы мектепке дейінгілер мен төменгі сынып оқушылары бұл қасиетті сенімді түрде қара түсті таңдамай, оны ашық күн түсіне «бояп» оң қасиеттерге жатқызады.

Бұл бірқатар себептерге байланысты болады. Біріншіден, балалардың өтірік айтуының басты себептерінің бірі ересектер жағынан болатын жазалаудан құтылуға тырысуы, яғни бұл жағдайда алдау бала үшін игілік, ал адалдық пен шындық жазалауға алып келеді де, ол үшін «мейірімсіздік» болып табылады. Екіншіден бұл өсекшілікпен (немесе сөз тасушылықпен) байланысты, бала біреудің жаман қылығы жайлы шындықты айтқан кезде ересек адам оны бұл үшін айыптайды. Бұл жөнінде айқын ұстаным ересектердің көпшілігінде ғана емес ол сондай-ақ бүтіндей қоғамда жоқ. Осылайша, ересектер әрдайым жалғандықты айыптайды, бірақ шындықты да олар әрдайым құптай бермейді. Бұл алдауға теріс қатынасты жылдам игеруге және адалдықа деген қатынасты ұзақ қалыптастыруға алып келеді.

ЖАЛҒАН — қара түс. Балалар бұл түсті кездейсоқ таңдамайды, тек ол қырсықтық, дұшпандық, өзімшілдік сияқты тұлғалық қасиеттермен ассоциацияланады. Ең кішкентайлардың өзіде (3-4 жасында), «өтірікші» үшін қара түсті таңдай отырып, оның арамдығы мен өзімшілдігін белгілейді. Осылайша, «жалған» ұғымына сәйкес қатынастың төрт жаста қалыптасатындығын айтуға болады.

ЖОМАРТ — қызыл және күлгінкөк түстер. «Жомарттық – сараңдық» тұлғалық қасиеттер диадасының мектепке дейінгілер үшін өте күрделі болып табылатындығын, сондықтанда оған деген қатынастар қарама қайшылықты болып мектепке дейінгі балалар бойында қалыптасатындығын атап өту қажет. Балаға оның ерте жасынан «бөлісу керек», «сараң болу жаман» және т.т. жайлы айтады. Сонымен қатар «бөлу» процесі балада көбіне теріс эмоциялармен (ойыншығымды сындырып қайтарды, оның тәттілерін жеп қойды және т.б.) байланысты. Осылайша, «сараң болмау – жақсы» екендігін білу, баланың өз тәжірибесіне қайшы келетін сияқты көрінеді.

«Бөлісу» сөзімен белгіленетін мінез-құлықтың үш түрі бөлініп алынады: а) өз ойыншықтарымен бөлісу (олар уақытша беріледі); б) балалар бақшасында бар ойыншықтармен бөлісу (олар ешкімге тиесілі емес және олармен ойнағанда кезекті сақтау қажет); в) тәттімен бөлісу (біреуге қайтарусыз беру). Жағдайлардағы бұл өзгешеліктер сондай-ақ «жомарттық – сараңдық» ұғымдарын игеру үдерісін қиындатады.

Дәл сондықтанда бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта «жомарт» ұғымы үшін ең басым түстерді бөліп алу мүмкін емес. Бұл ұғым үшін қара түсті қолданудың оның жоғары мектепке дейінгі жаста толық жоғалғанға дейін кеміп отыратынын атап өтуге болады, бұл осы қасиетті оң деп есептейтіндігін куәләндіреді. Тек кіші мектеп жасында жоғарыда аталған түстерді бөліп алу мүмкін болады.

САРАҢ — қызыл және қара түстер. Яғни балалар оны батыл, күшті, агрессивті, өшпенді деп есептейді. Балаларда сараңдыққа деген мұндай қатынасы бірден қалыптаспайды. Осылайша, кіші мектепке дейінгілер сұр түсті таңдайды. 3-4 жастағы балалардың сараң адамды сұр түспен беруі кіші мектепке дейінгілердің сараңдықты мінездің теріс қасиеттеріне жатқызғандағы сенімсіздігін, көрсетеді. Ол олар үшін қалаулы болып табылады. Есейген сайын бұл ұғым үшін қара түсті таңдайтын балалар саны артады; ересек мектепке дейінгілер мен бастауыш сынып оқушылары сараңдықты теріс қасиетке жатқызып, одан бас тартады.

ЕҢБЕКҚОР — күлгінкөк және сары түстер. Басқа сөзбен айтқанда, еңбекқор адам өте белсенді, қайратты, белсенді іс әрекет жасауға дайын, әбігер болуы мүмкін. Мұндай түстерді 4 жастан үлкен балалар таңдайды, ал ең кішкентайлар қоңыр және қара түстерді қалайды. Бұл кіші мектепке дейінгі жастағыларға еңбекпен байланысты үлкен талаптар қойылмайтындығымен байланысты және тұлғаның осы қасиеті олар үшін көкейтесті болып табылмайды. Оларға бұл қасиет әлі түсініксіз, және оған деген эмоционалдық қатынасы сәйкес емес.

ЖАЛҚАУ — қоңыр, сұр, көк түстер. Яғни балалар жалқау адамды әдетте әлсіз, іске тартылмаған, сылбыр, белсенді емес, сондай-ақ суық деп есептейді. Мектепке дейінгі бала неғұрлым үлкен болған сайын, бұл қасиет одан бетер тартымсыз, ол үшін ол қажетсіз бола береді. Алдыңғы жағдайдағыдай, бұл қасиетке сәйкес эмоциялық қатынас мектепке дейінгілерде 4 жастан кейін қалыптасады, ал кішкентайлар жалқау адамды қызыл және сары түспен береді. Яғни бұл жастағы балаларда жалқаулыққа деген теріс қатынас жоқ, себебі олар әлі қарама-қарсы – «еңбекқор» ұғымын түсінбейді, жоғарыда айтылғандай ата-аналары да кішкентайлардың еңбегіне жоғары талаптар қоймайды.

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Баланың Т.А. Адамгершілік ережелері Таңдалған түс Баланың түсініктемесі
1. - мейірімді, - жалқау, - жомарт, - жалған, - еңбекқор, - сараң, - мейірімсіз, - жомарт, - адал - - - - - - - -    
2.      

Жалпы хаттаның үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Қатынастардың түстік тесті (ҚТТ)
  Саны % Ескерту
Барлық зерттелген бала      
Адамгершілік ережелері Қандай түс қаша рет таңдалды %
- мейірімді, - жалқау, - жомарт, - жалған, - еңбекқор, - сараң, - мейірімсіз, - жомарт, - адал - - - - - - - - -  

3. «Бірге жасайық» әдістемесі

Мақсаты:құрдастарымен қарым-қатынаста көрініс беретін, бала тұлғасының адамгершілік дамуының мінез-құлықтық деңгейін бағалау.

Алдын ала ескертулер: Баланың құрдастарымен өзара әрекеттесуінің шынайы жағдайы оның адамгершілік дамуының деңгейін бағалау үшін кездейсоқ таңдалмады. Бұл салада жүргізілген, көптеген зерттеулер балалар қалай әрекет ету КЕРЕК екенін 4-жастан бастап біледі, бірақ, өкінішке орай, бәрі ылғи өз мінез-құлықтарында адамгершілік қағидаларын іске асыра бермейді. Мысалы, басқалардың затын иесінің рұқсатынсыз алуға болмайтынын біле тұра, алып әрдайым осыдан туындайтын жанжалдардың куәсі боламыз.

Бұл әдістеме өз қалауын және өтінішін дұрыс жеткізу, әріптесімен қарым-қатынас ұстау, ынтымақтастыққа дайын болу, әріптесіне көмектескісі келіп тұруы, әріптесіне қамқорлық жасау, онымен бөліскісі келуі сияқты параметрлерді ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдістеменің артықшылығы баланың адамгершілік дамуының мінез-құлықтық компонентін объективті бағалау мүмкіндігі.

 

Әдістемені жүргізу:Бала тұлғасының адамгершілік бағыттылығын зерттеуге бағытталған әдістемені жүргізу үшін, мозаика және саны онша көп емес мозаикалық фигуралардан тұратын заттар бейнеленген суреттер қажет.

 


«Үй» «Қайық» «Шырша»

 

 


«Зымыран» «Робот»

 

Зерттеуге жастары бірдей екі бала қатысады. Қосақты таңдағанда балалар өздері сүйіспеншілікпен қарайтындарға қарым-қатынас жасауда адамгершілік қағидаларын ұстанатындығын ескеру қажет. Сондықтан да қосаққа екі досты алмаған дұрыс. Бір бірімен таныстығы аз, тұрақты қарым-қатынас жасамайтын балалардың болғаны жақсы. Ересек адам оларға «Балалар, қазір біз сендермен мозика ойнаймыз. Одан әртүрлі оюлар құрастыруға болады. Келіңдер, біз мына сурет бойынша ою құрастырайық. Байқап көріңіздер!»

Балаларға үлгі-сурет ұсынылады. Балалар ойынды игереді. Ересек адам балалар сенімді түрде фигуралармен құрастырулар жүргізіп жатқандығын көргеннен кейін, оларға келесі суретті ұсынады: «Ал енді әрбіреуіңе фигуралар берем, бәрің бірге мына суретті құрастырыңдар».

«Бірге» деген сөзді басып айтады. Балаларға ұсынылған суретті құру үшін қажетті ғана фигуралардың дәл саны беріледі; фигуралар балалар арасында теңдей бөлінеді.

Әдетте зерттеу жүргізу үшін екі-үш сурет жеткілікті (жаттығуға арналған үлгі-суретті есептемегенде). Балалардың қайсы бірі басым болған жағдайда оған әріптесіне қарағанда айтарлық аз фигуралар беріледі. Орташа есеппен зерттеу шарасы 15-20 минут уақытты алады.

Тапсырманы орындау кезінде ересек адам олардың жұмысына араласпайды, көмектесіп айтпайды, ұсыныстар жасамайды, ескертулер жасамайды, егер балалардың біреуінің іс-әрекеті оған сәйкес емес болып көрінгеннің өзінде (әріптесін итереді, барлық фигураларды өзіне алады немесе, керісінше, терезеге қарап, тапсырмаға қызығушылық танытпайды) оған түсінік бермейді. Ересек адамның міндеті – балалардың іс-әрекетін жазып отыру.

«Бірге жасайық» әдістемесін орындау мысалы

Қатысушылар — Диас (6 жас 2 ай) және Света (6 жас 3 ай).

Ересек адам балалардың алдына «Шырша» суретін қойып, әрбір қатысушыға мозайкалы фигураларды береді. Балалар бірден бәрі тапсырманы орындауға кіріседі. Диас столдың ортасына өз фигурасын қойып Светаға үн қатады.

Диас (Светаға). Осылай ма?

Света (Диасқа). Солай, солай. (Света орындығынан сәл тұрып, зейін қоя суретке қарады. Балалар кезекпен фигураларын суреттегідей етіп қояды.)

Диас (Светаға). Ал қой.

Света (Диасқа). Қайда? (Диас көрсетеді.) Дайын болып қалды!

Диас (Светаға). Қазір жасылды қою керек. (Балалар фигураларды дұрыстайды. Шырша тиянақты болып шықты.)

Диас (ересек адамға). Болды! Біз тағы тұрғызсақ бола ма?

Света (ересек адамға). Біз тұрғыздық! (Балалардың жүзі жарқын, олар тапсырманы орындағандарына риза.)

Нәтижелерді өңдеу

Хаттамаларды талдау кезінде белгілерді бөліп алады, оларды 4 кешенді параметрге біріктіреді:

1. Тұлғаның теріс адамгершілікке бағыттылығы:

а) әріптесінің фигураларын тартып алады (алады) – 0 ден 2 балға дейін,
бұл белгінің көріну дәрежесіне байланысты;

б) өзінен фигураларды алғанға теріс, жағымсыз жауап береді, — мысалы,
қолын итереді, фигураларды ұстап қалады немесе оларды қолымен жауып басады («Бермеймін!», «Менікі» түріндегі репликалар) – 0 ден 2 балға дейін;

в) әріптесінің іс-әрекетін реттеуге тырысады, оның әрекеттерін бағалайды («Қане жаса!», «Сен не, мүлдем...?») – 0-2 бал;

г) сөйлегенде әр түрлі «мен», «маған» сияқты есімдіктерді қолданады – 0-1 бал;

д) «бірге» деген сөзді түсінбейді, тек өзінің фигураларын қолданып тапсырманы орындауға ұмтылады – 0-2 бал;

е) жалғыз өзі жұмыс істейді – 0-1 бал.

2. Тұлғаның оң адамгершілікке бағыттылығы:

а) әріптесіне көмектеседі, — мысалы, оның фигураларын туралайды, ақыл айтады («Қазір мен саған көмектесем», «Кел көмектесейін» деген сияқты репликалар) – 0-2 бал;

б) өз фигураларын береді, оларды стөлдің ортаңғы бөлігіне жылжытады немесе әріптесіне жақынырақ, әріптесінің жағында жұмыс істейді – 0-2 бал;

в) сөйлегенде көпше түрдегі «бізді», «біз» есімдіктерін қолданады – 0-1 бал;

г) «бірге» деген сөзді бірден түсінеді және ынтымақтастық орнатуға тырысады – 0-2 бал;

д) әріптесімен бірге жұмыс істейді – 0-1 бал.

3. Баланың адамға үйірлігі, жалғасулығы:

а) әріптесіне қаратып сөйлеуі – әрбір репликасына 1 бал беріледі, бірақ 5 балдан артық емес;

б) ересек адамға қаратып сөйлеуі - әрбір репликасына 1 бал беріледі, бірақ 5 балдан артық емес;

в) әріптесінің ақылдарына әрекетпен жауап береді – 0-2 бал.

4. Ұсынылған әрекетке ынталылығы:

а) өзі немесе әріптесімен бірге тұрғызады, яғни тапсырманы белсенді орындайды – 0-2 бал;

б) әріптесінің жұмысын бақылайды – 0-2 бал;

в) жұмыс бойынша ақыл және репликалар айтады – 0-2 бал.

Балдар әрбір параметр бойынша қосылады. Мысалы, келтірілген мысалда қатысушылардың әрқайсысы келесідегідей бал санын алады:

Диас. Теріс адамгершілік бағыттылық — 1 бал. Оң адамгершілікке бағыттылық — 8 бал. Көпшілдік — 6 бал. Әрекетке ынталығы — 6 бал.

Света. Теріс адамгершілік бағыттылық — 0 бал. Оң адамгершілікке бағыттылық — 8 бал. Көпшілдік — 5 бал. Әрекетке ынталығы — 6 бал.

 

Жекедара хаттаманың формасы:

Баланың Т.А. Параметрлер Балдар Ескертулер
1. - теріс адамгершілік бағыттылық - оң адамгершілік бағыттылық - үйірсектік, контактілік - Ұсынылған әрекетке ынталылығы      
2.      

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Бірге жасайық» әдістемесі
  Саны % Ескертулер
Барлық зерттелген балалар      
Параметрлер Орташа бал (балалар саны) %
- Адамгершілікке қайшы бағыттылық - Адамгершілікке оң бағыттылық - үйірсектік, байланысушылық - Ұсынылған әрекетке ынталылығы - - - -  

4. «Топтағы психологиялық климат» әдістемесі

(Т.Д. Марцинковскаяның «Екі үй» тестінің модификациясы)

Мақсаты:топтағы тұлға аралық қатынастар құрылымындағы баланың статусын анықтау.

Материал:топтағыбалалар саны бойынша қағаз (формат А4); жай қарындаш, ластик (тәрбиеші үшін); әдемі және әдемі емес үйлердің суреттері.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 249; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты