Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ынталандырушы материал




Тізім А (терминальдық құндылықтар):

- белсенді әрекетшіл өмір (толықтық және өмірдің эмоциональды
қанықтылығы);

- өмір даналығы (өмірлік тәжірибемен келетін ойланылған тұжырым және дұрыс ой);

- денсаулық (физикалық және психикалық);

- қызық жұмыс;

- табиғат пен өнер сұлулығы (табиғаттағы және өнердегі тамашалықты сезіну);

- махаббат (кез-келген адаммен рухани және физикалық жақындық);

- материалды қамтамасыз етілген өмір (материалдық қиындықтардың болмауы);

- жақсы және сенімді достардың болуы;

- қоғамда белгілі болу (айналадағылардың ұжымның, оқу мен жұмыстағы жолдастарының құрмет);

- таным (өз білімін, ой-өрісін жалпы мәдениеттілігін, интеллектуальды дамуын);

- өнімді өмір (өз мүмкіндіктерін, күшін және қабілеттерін барынша толық пайдалану);

- даму (өзімен жұмыс істеу, тұрақты түрде физикалық және рухани жетілдіру);

- ермектер (ұнамды, ауыртпалықсыз уақыт өткізу, міндеттердің болмауы);

- еркіндік (дербестік, ойлау мен әрекеттегі тәуелсіздік);

- бақытты жанұялық өмір;

- басқалардың бақыты (жақсы тұрмыс, басқа адамдардың, бүкіл халықтың, бүтіндей адамзаттың дамуы мен жетілдірілуі);

- шығармашылық (шығармашылық қызметтің мүмкіндігі);

- өзіне сенімділігі (ішкі гармония, ішкі қайшылықтардан, күмәндерден бос болу).

Тізім Б (инструментальдық құндылықтар):

- ұқыптылық (кір жуытпайтын), заттарын ұқыпты ұстай білуі, істеріне ұқыпты қарау;

- тәрбиелілік (жақсы мінез-құлықтар);

- жоғары сұраным (өмірге жоғары талаптар және үлкен ұмтылыс);

- жарқын жүзділік (қалжыңды ұнату);

- орындаушылық (тәртіптілік);

- тәуелсізділік (өзбетінше, батыл әрекет жасау қабілеттілігі);

- өзіндегі және басқалардағы кемшіліктерге ымырасыз болу;

- білімділік (білім кеңдігі, жалбы мәдениетінің биіктілігі);

- жауапкершіліктік (парыздық сезім, сөзін орындай алуы);

- рационализм (дұрыс және қисынмен ойлай алуы, ойланылған және рационалды шешім қабылдау);

- өзін-өзі бақылау (ұстамдылық, өзіндік тәртіп);

- өз ойын, өз көзқарасын қорғаудағы батылдық;

- қатты жігер (өз дегенінде тұру, қиындықтардан шегінбеу);

- төзімділік (басқалардың көзқарасы мен ойларына, басқалардың қателері мен адасуларын кешіре білу);

- көзқарастарының кеңдігі (басқалардың көзқарастарын түсіне білу, басқалардың ғұрыптарын силау);

- шыншылдық (адалдық, шын жүректілік);

- істегі тиімділік (еңбексүйгіштік, жұмыстағы өнімділік);

- сезімталдық (жанашырлық).

Нәтижелерді өңдеу және талдау:Құндылықтар иерархиясын талдай отырып, студенттердің әр түрлі негіздеулер бойынша мазмұндық блоктарға оларды топтастыруына зейін аудару керек.Осылайша, мысалы, «нақты» және «абстрактілі» кәсіби өзін-өзі керсетуі мен жеке өміріндегі құндылықтар және т.т.Инструментальды құндылықтар этикалық құндылықтарға, қарым-қатынас құндылықтарына, іс құндылықтарына; жеке даралық және конформистік құндылықтар, альтруистік құндылықтар; өзін-өзіқалыптастыру құндылықтары мен басқаларды қабылдау құндылықтары, өзін-өзі көрсету және т.т. құндылықтарға топтастырылуы мүмкін. .

 

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Т. А. Құндылықтар иерархиясы (ең жоғары мәнді құндылықтан мәнділігі төменге)
1.  
2.  

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Құндылықтық бағыттарды зерттеу Саны % Ескерту
Зерттелген барлық студенттер      
Студенттер үшін маңызды құндылықтар
Өзін-өзі жетілдіру (Өзін-өзі тану)    
Істің құндылығы (сәтті оқу қызметі)    
Өзін-өзі жетілдірудің құндылықтары (өз қабілеттіліктерін дамыту)    
Мәдениеттілік құндылықтары (мәдениетке толыққанды тарту)    
Қарым-қатынас жасау құндылықтары (басқа адамдармен толық қанды қарымқатынас жасау)    
Конформистік құндылықтар (басқалардың іс-әрекетіне және талаптарына сәйкес келу)    
Кәсіби жетілдіру құндылығы (сәтті кәсіби қызмет)    
Жеке өмір құндылықтары (бақытты жанұялық өмір)    
Материалдық құндылықтар (материалдық жағдайын жақсартуға қол жеткізу)    
Басқа құндылықтар      

5. Интерналдықты, экстерналдықты диагностикалау әдістемесі

(«Локус бақылау» тесті )

 

Мақсаты:қысқабақылауды диагностикалау.

Локус бақылау – адамның өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті сыртқы күштерге немесе жеке өзінің қабілеттілігіне және күшіне жатқызуға бейімділігін сипаттайтын жеке бас қасиеті. «Локус бақылау» ұғымын алғаш рет американдық психолог Д. Роттер ұсынған.

Локус бақылаудың бірінші түрі экстернальды, яғни сыртқы деп аталады. Екінші түрі интернальды, яғни ішкі деп аталады. Психологтар интерналдардағыға қарағанда алаңдаушылық пен депрессиялар экстерналдарда жоғары, ал өзін-өзі сыйлауы төмен болады деген қортындыға келді. Интерналдар бөтен әсерлерге қарсы тұрып қана қоймай, басқалардың іс-әрекетін бақылауға тырысады. Олар тәуелсіздеу, ауыруға азырақ шалдығады. Олар өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді, себебі олардың тағдыры өз қолдарында екендігіне сенімді. Экстерналдар өзіне-өзі сенімсіздеу, ұшқалақ, мазасыз, конформды, күдікшіл. Интерналдар өз мақсаттарына жетуде табанды, салмақты, тәуелсіз.

Сауалнама 32 тармақтан (26 жұмыс істейтін және 6 бүркеме) тұрады және локус бақылаудың жалпылама көрсеткішін беретін бір өлшемді шкаласын құрады.

Нұсқау:«Тұжырымдамалар қосағының әрқайсысынан, сен бәрінен бұрын келісеті н біреуін таңда. Оған сәйкес келетін әріпті жауаптар бланкісіне белгіле, немесе қандай жауап таңдағаныңызды қағазға жаз.

Сауалнама мәтіні:

1. а) балаларды тәрбиелеудегі сәтсіздіктер көбіне ата-аналарының артық қатал болуынан;

б) қазір балалардың сәтсіздіктері көбіне ата-аналарының олармен жеткілікті қатал болмауынан.

2. а) адамдардың өміріндегі көптеген бақытсыздықтар жолы болмаушылықпен түсіндіріледі;

б) адамдардың жолы болмауы – олардың өздерінің қателіктерінің нәтижесі.

3. а) қызмет көрсету саласы жұмысындағы көптеген кемшіліктер, біздің олармен нашар күресетіндігімізге байланысты;

б) жақын аралықта қызмет көрсету саласын жақсарту мүмкін емес.

4. а) адамдарға олардың өздеріне лайық қатына көрсетіледі;

б) адамның жақсы жақтары, көбіне ол қанша тырысқанымен мойындалмаған күйінде қалады.

5. а) студенттің факультеттегі тыныш өмірі оның курс жетекшісімен қарым-қатынасына байланысты;

б) ақ ниетті студентте оқу бөлімімен дау-дамай болмайды.

6. а) оқытушылардың студенттерге әділетсіз деген сөздерінің негізді болуы өте сирек;

б) студенттердің көбі, олардың бағаларының негізінен кездейсоқтықтарға байланысты деп ойлайды.

7. а) сәттіліксіз ешкім өмірде бәріне үлгермейді;

б) егер қабілетті адам көп нәрсеге қол жеткізе алмаса, ол өз мүмкіндіктерін пайдаланбады деген сөз.

8. а) қалай тырыссаңыз да, бәрібір кейбір адамдарға ұнамайсыз;

б) басқаларға ұнамайтын адамдар, айналасындағылармен тіл таба алмайтындар.

9. а) тұқым қуалаушылық тұлғаны анықтауда басты рол ойнайды;

б) адамды оның өткен тәжірибесі анықтайды.

10. а) менің тәжірибемнен, бірдеңе болуы керек болса, онда ол болатындығы шығады;

б) белгілі бір әрекет жасау туралы шешім қабылдаудың, жағдайға сенуден жақсы екендігіне көзім жетті.

11. а) сабаққа тиянақты дайындалатын студенттің өмірінде, әділетсіз бағаның болуы сирек;

б) жүйелі білім – күшті бос жұмсау, себебі емтихан – бұл өзінше бір лоторея.

12. а) тыңғылықты жұмыс табыс әкеледі, ол жолы болғыштықпен аз байланысты;

б) жақсы орналасу үшін, керек жерде уақытында болу керек.

13. а) студенттің пікірі, егер ол негізделген болса ескеріледі;

б) студенттер деканның шешіміне әсер етпейді.

14. а) нені жоспарласам да, мен ойлағанымды жүзеге асыратыныма сенімдімін;

б) болашақтағы әрекетті жоспарлау ылғи дұрыс бола бермейді, себебі көп нәрсе жағдайларға байланысты.

15. а) жақсы ештеңесі жоқ, кейбір адамдар болады;

б) адамдардың әрбіреуінде жақсы бірдеңесі бар.

16. а) егер дұрыс шешім қабылданса, онда менің қалағаныма қол жеткізуім жағдайларға аз байланысты;

б) көбіне біз тиынмен бал ашып шешім қабылдауымыз мүмкін.

17. а) көбіне, егер адам жетекші болса, ода оған оның сәті түскен;

б) адамдарға қажеттіні орындату үшін арнайы қабілет керек.

18. а) әлемдегі оқиғалар, біз басқара алмайтын күштерге байланысты;

б) қоғамдық істер мен саясатқа белсенді қатыса отырып, адамдар әлемдік оқиғаларды бақылай алады.

19. а) егер жатаханада іші пысатын болса, онда студенттік комитет «еш нәрсеге жарамайды»;

б) жатаханадағы өмірді көңілді және қызықты қылу біздің өзімізге байланысты.

20. а) көп адамдар олардың өмірінің қай дәрежеге дейін жағдайлармен анықталатынын түсінбейді;

б) шындықта жолы болғыштық деген нәрсе жоқ.

21. а) адам кейде қате жіберуге құқылы;

б) әдетте өз қателеріңді «жасырып» қойған дұрыс.

22. а) біздің кейбір адамдарға неге ұнайтынымызды түсіну қиын;

б) сенің достарыңның қаншалықты көп болуы, сенің қандай тұлға екендігіңе байланысты.

23. а) бізде болатын сәтсіздіктер, сәттіліктермен теңестіріледі;

б) бақытсыз тағдырлардың көпшілігі – қабілеттіліктің болмау нәтижесі, жалқаулықтың көптігі.

24. а) магистрант – бұл бұрынғы бос, еңбексүйгіш студент;

б) магистратураға түсу үшін, «таныстар» керек.

25. а) кейде мен ненің негізінде оқытушылардың баға қоятынын түсінбеймін;

б) менің еңбегім мен бағаның арасында тікелей қатынас бар.

26. а) жақсы көшбасшы ұжымда, әр қайсысы өзі оған не істеу керек екендігін шешеді;

б) ұжымдағы жақсы көшбасшы әрқайсысының не істеу керектігін анықтайды.

27. а) қазір өз еркіңмен істеп, болашақта ең жақсы жетістіктерді өзіме қамтамасыз етем;

б) атақты ғылыми жаңалықтардың көбі – айтып біліп болмайтын ашылудың нәтижесі.

28. а) менімен болатын оқиғаларға менің әсерімнің аз екенін бірнеше рет сездім;

б) жолы болғыштық пен сәттіліктің менің өмірімде маңызды орын алатындығына сенбеймін десемде болады.

29. а) адамдар жалғыздықта болатын себебі, олар дастық қатынаста болуға тырыспайды;

б) адамдарға сүйкімді болуға тырысудың қажеті не, - егер оларға ұнасаң, онда былайда ұнайсың.

30. а) жоғары мектепте денешынықтыруға қажетінсіз көп көңіл бөлінеді;

б) спортпен айналысу – мінезді тәрбиелеудің жақсы құралы.

31. а) менімен болатынның бәрі, - менің өзімнің әрекетім мен қылықтарым;

б) кейде маған, менің өмірім өзімен өзі жүріп жатқадай көрінеді.

32. а) жай студентке деканаттың ненің негізінде өз шешімдерін қабылдайтындарын түсіну қиын;

б) егер деканат қатал шара қолданса, көбіне студенттердің өздері кінәлі.

Нәтижелерді өңдеу:

Алынған жауаптар кілітпен салыстырылады.

Интернальды альтернативтер 2б, 3а, 4а, 5б, 6а, 7б, 8б, 10б, 11а, 12а, 13а, 14а, 16а, 17 б, 18б, 19б, 20б, 22б, 23б, 24а, 25б, 27а, 28б, 29а, 31а, 32б.
Экстернальды альтернативтер 2а, 3б, 4б, 5а, 6б, 7а, 8а, 10а, 11б, 12б, 13б, 14б, 16б, 17 а, 18а, 19а, 19а, 20а, 22а, 23а, 24б, 25а, 27б, 28а, 29б, 31б, 32а.
Бүркемелеуші пункттер 1, 9, 15, 21, 26, 30.

Талдау: бақылауды субъективті локализациялаудың көрсеткіші сыналушының бақылау локусының түрлерінің әр қайсысы бойынша таңдаға альтернативтерінің қосындысына сәйкес келеді. Бақылаудың макималды локусы 26 ға (32 тұжырымнан алты бүркеме тармақ – 1, 9, 15, 21, 26, 30 алып тасталынады) жетеді. Негізінен сыналушылардың бақылау локусының көрсеткіштері оның орташа мәндерінің төңірегінде топтасады.

Интерналды оқушылар, яғни бақылаудың ішкі локусы баолар оөіне сенімдірек, қойылған мақсатқа жетуде бір ізді және табанды, өзін-өзі талдауға бейім, салмақты және көпшіл, мейірімді және тәуелсіз. Бақылаудың ішкі локусы әлеуметтік қолдау табады.

Бақылаудың сыртқы локусына бейімділік мінездің өз қабілеттілігіне сенімсіздік, ұшқалақтық, өзі ойлағандарды белгісіз мерзімге сырғытып қоюға ұмтылуы, жанжалшыл, уайымшыл және агрессиялылық сияқты қасиеттерімен бірге көрінеді.

 

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Т. А. Интернальды альтернативтер саны Экстернальды альтернативтер саны Бақылау локусы (интернальды / экстернальды)
1.      
2.      

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Бақылау локусын диагностикалау Саны % Ескерту
Зерттелген барлық студенттер      
Бақылаудың интернальды локусы    
Бақылаудың экстернальды локусы    

 

 

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ДАМУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУЫ

Бүтіндей тәрбие жұмысын мониторингтеу үшін, рухани-адамгершілік білім берудің нәтижелілігіне мониторинг жүргізу үшін оқушылардың өздерін диагностикалаудан бөлек оқушының рухани-адамгершілік даму деңгейін педагог тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелерді пайдалану өте маңызды. Мұндай әдістемелерге негізінен, бақылау парақтары, анкеталар, сауалнамалар жатады.

 

1. Тұлғаның және оқушының қызметінің оң жақтарын педагогтің талдау әдістемесі (бастауыш мектеп және 12-жылдық мектептің орта звеносы)

 

Мектеп:педагог бағалауының негізінде тұлғаның және оқушы қызметін талдау.

Нұсқау: «Тұлға мен оқушының қызметінің берілген параметрлерін бесбалдық шкала бойынша бағалаңдар».

1) Үлгерім

1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша (1, 2, 3, 4, 5).

2. кез-келген пән бойынша (1, 2, 3, 4, 5).

3. қалған пәндер бойынша (орта) (1, 2, 3, 4, 5).

2)Интеллектуальдық белсенділік (любознательность)

1. оқу пәндері бойынша (1, 2, 3, 4, 5).

2. техника бойынша (1, 2, 3, 4, 5).

3. өнер, спорт бойынша (1, 2, 3, 4, 5).

3) Еңбектік белсенділігі

1. мектепте (1, 2, 3, 4, 5).

2. үйде, үй шаруашылығында (1, 2, 3, 4, 5).

3. жазғы кезеңде (1, 2, 3, 4, 5).

 

4) Тапсырмаларды орындаумен байланысты қоғамдық белсенділік

1. мектепте (1, 2, 3, 4, 5).

2. мектептен тыс (1, 2, 3, 4, 5).

3. үйде (1, 2, 3, 4, 5).

5) Қабілеттіліктер

1 оқу қызметіне (1, 2, 3, 4, 5).

2 техникаға, физикалық еңбекке (1, 2, 3, 4, 5).

3 өнерге, спортқа (1, 2, 3, 4, 5).

6) Тәртіптілік

1. мектепте (1, 2, 3, 4, 5).

2. үйде (1, 2, 3, 4, 5).

3. мектептен және үйден тыс (1, 2, 3, 4, 5).

7) Жауапкершілік

1. оқу істерінде (1, 2, 3, 4, 5).

2. еңбекте және қоғамдық істерде (1, 2, 3, 4, 5).

3. мұғалімдермен, жолдастарымен және ата-аналарымен қатынаста (1, 2, 3, 4, 5).

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Тұлғаның және оқушының қызметінің оң жақтарын педагогтің талдауы Ескерту
Барлық зерттелген оқушы    
Тұлғаның және оқушының қызметінің параметрлері Орташа бал
Үлгерімі «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  
кез-келген пән бойынша  
негізгі пәндер бойынша  
Интеллект. белсенділік оқу пәндері бойынша  
техника бойынша  
өнер, спорт бойынша  
Еңбек белсенділігі мектепте  
үйде  
жазғы кезеңде  
Қоғамдық. белсенділік Мектепте  
мектептен тыс  
үйде  
Қабілеттіліктер оқу қызметіне  
техникаға, физикалық еңбекке  
өнерге, спортқа  
Тәртібі Мектепте  
Үйде  
Мектептен тыс және үйде  
Жауапкершілік Оқуда  
Еңбек пен қоғамдық жұмыстарда  
Мұғалімдермен, жолдастарымен және ата-анасымен қатынаста  

Т. А. Үлгерім Интеллект. Белсенділік Еңбек белсенділігі Қоғамдық белсенділігі Қабілеттіліктері Тәртібі Жауапкершілік
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Сүйікті пәні бойынша Қалған пәндер бойынша Оқу пәндері бойынша Техника бойынша өнер, спорт бойынша мектепте үйде Жазғы кезеңде мектепте Мектептен тыс үйде оқуға техникаға, дене еңбегіне өнерге, спортқа мектепте үйде Мектептен тыс және үйде Оқу ісінде Еңбекте және қоғамдық жұмыстарда Мұғалімдермен, жолдастарымен және ата-аналарымен қатынаста
                                           
                                           
                                           
                                           
                                           

Жеке дара хаттаманың үлгісі


2. Педагогтарға арналған бақылау парағы (12-жылдық мектептің жоғары сыныптары)

Мақсаты:педагогтің бағалауының негізінде оқушылардың тұлғасын және қызметін талдау.

Нұсқау:«Оқушылардың тұлғасы мен қызметінің әр түрлі параметрлеріне баға беріңдер».

1) Оқушы тұлғасын бағалау

1. Жанжалдық қатынастарға түсеме (жоқ; егер түссе, онда сирек немесе жиі):

а) ата-аналармен;

б) оқушылармен;

в) мұғалімдермен (нақты кіммен)?

2. Көпшілдік сипаты (жоқ, таңдамалы, үлкен).

3. Қандай темперамент белгілері басым (сангвиниктік, флегматиктік, холериктік, меланхоликтік)?

4. Қоғамдық жұмыста, оқуда, құрбыларымен ойында қандай рольді орындайды (инициатор, ұйымдастырушы, орындаушы, бақылаушы)?

5. Жағымды қасиеттер мен мінез-құлық формаларын көрсете біле ме? (жоқ, егер көрсетсе де, өте сирек, жиі және әрқашан):

а) үлкендерді сыйлау;

б) ықыластылық, сезгіштік, мейірімділік;

в) сыпайылық;

г) еңбексүйгіштік;

д) адалдық;

е) ұйымшылдық;

ж) өзбетіншелік;

з) тәртіптілік;

и) басқада оң қасиеттері другие положительные качества поведения?

6. Жағымсыз қасиеттер мен мінез-құлық ерекшеліктерін көрсете біле ме? (жоқ, егер көрсетсе де, өте сирек, жиі және әрқашан):

а) дөрекілік;

б) ин­дивидуализм, эгоизм;

в) дандайсу, меменділік;

г) жеңілтектік, бейқамдық;

д) жалғандық;

е) қырсықтық;

ж) мейірімсіздік;

з) басқада жағымсыз қасиеттер

и) зиянды әдеттер (темекі шегу, жаман сөз айту және т.б.)?

7. Өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса ма (жоқ, егер айналысса, қандай қасиеттерді тәрбиелеуге ұмтылады)?

2) Оқушының тұлғасын ұжымда бағалау

1. Ұжымда қандай орын алады (көш басшы, танымал, сүйкімді, танымал емес, оңашаланған, отверженный)?

2. Қандай қоғамдық тапсырма орындайды?

3. Ұжым пікіріне қалай қарайды, жолдастарының талаптары мен сыни ескертулеріне (мейірбандылықпен, байыппен, немқұрайлы, өшпенділікпен)?

4. Қоғамдық тапсырмаларды қалай орындайды (шын көңілімен, қанағаттанарлық, нашар, орындамайды)?

5. Жолдастарына әсер етуге, оларды тәрбиелеуге ұмтыла ма (жоқ, сирек, жиі)?

6. Жақын достары бар ма, олар кімдер?

3) Оқуға деген қатынасын бағалау

1. Оқу пәндеріне қандай қатынас (берілгендік, құштарлық, парықсыз, теріс) танытады?

2. Қандай пәндерге ерекше бейімділігі мен құштарлығы бар?

3. Зейін дамуының деңгейі қандай (жоғары, орта, төмен)?

4. Материалды қалай есте сақтайды (баяу, тез)?

5. Материалды қалай ұмытады (баяу, тез)?

6. Ойлау қабілетінің даму деңгейі қандай (жоғары, орта, төмен)?

7. Өзінің оқудағы міндетін қалай орындайды (мұқият, немқұрайлы, тұрақты емес, орындамайды)?

8. Сабақта қандай белсенділік көрсетеді (жоғары, орта, төмен, көрсетпейді)?

9. Өзбетімен ми еңбегімен айналыну білімі мен біліктілігі бар ма (иә, жекелеген, жоқ)?

10. Мұғалімдердің талаптарына, олардың педагогикалық әсерлеріне қалай қарайды (белсенді-оң, пассивті-оң, пассивті-теріс, белсенді-теріс, немқұрайлы)?

4) Еңбекке деген қатынасын бағалау

1. Еңбекке үйретуге қалай қарайды (беріліп, құштарлықпен, адал, немқұрайлы, теріс)?

2. Еңбек біліктілігін қалай игереді (тез, орташа, баяу)?

3. Қоғамға пайдалы еңбекке қатыса ма (әрқашан, жиі, сирек, қатынаспайды)?

4. Жанұяның еңбегіне қатыса ма (тұрақты міндеті бар, жекелеген тапсырма орындайды, қатынаспайды)?

5) Оқушының бос уақытын бағалау

1. Қандай да бір білім саласына, ғылымға, қызмет саласына тұрақты қызығушылығы барма (жоқ; егер иә болса, онда қайсысына)?

2. Шығармашылық қызметіне қажеттілік көрсетеме (иә, жоқ):

а) техникалық;

б) әдебиеттік;

в) бейнелеу өнеріне;

г) музыкалық;

д) басқа (қайсысы)?

3. Жұмысына қатысама (жоқ; егер иә болса онда, қайсысына және қайда):

а) үйірменің;

б) секцияның;

в) факультативтің?

4. Өзі білімін көтерумен айналысама (жоқ; егер иә болса, онда қай бағытта)?

5. Мерзімдік басылымдарды оқи ма (қандайды, тұрақты, анда-санда, оқымайды)?

6) Кәсіби бағыттылығын бағалау

1. Қандай мамандықтарға қызығушылық танытады?

2. Тұрақты кәсіби ниеті барма (жоқ; егер болса, онда кім болғысы келеді)?

3. Болашақ мамндығы жайлы жеткілікті толық және дұрыс түсінігі барма (иә, жартылай, жоқ)?

4. Таңдаған мамандығының адамға қойылатын талаптары жайлы хабардар ма (иә, жартылай, жоқ)?

5. Мамандықтың қандай типіне икемі бар (адам-адам, адам-табиғат, адам-техника, адам-белгілік жүйе, адам-көркем образ)?

6. Қызметтің қандай типіне икемі бар (танымдық, ізденушілік, түрлендірушілік)?

7. Болашақ мамандығына өзбетінше дайындалуды бастадыма?

8. Өзінің кәсіби қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін белсенді түрде практика жүзінде тексеруді жүзеге асыруға ұмтыла ма (жоқ; егер иә болса, онда қалайша)?

9. Оқушының кәсіби ойларын оның ата-анасы құптай ма (иә; егер жоқ болса, онда не ұсынады)?

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Т.А. Оқушы тұлғасын бағалау Ұжымдағы оқушы тұлғасын бағалау Оқуға қатынасынбағалау Еңбекке қатынасынбағалау Оқушының бос уақытын бағалау Кәсіптік бағыттылығын бағалау
  Жауаптарды жазу Жауаптарды жазу Жауаптарды жазу Жауаптарды жазу Жауаптарды жазу Жауаптарды жазу
             
             

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Педагогтарға арналған бақылау парағы Саны % Ескерту
Зерттелген барлық оқушылар      
Оқушылардың тұлғасын және қызметін бағалау Басым жауаптар    
Оқушылардың тұлғасын бағалау      
Ұжымдағы оқушы тұлғасын бағалау      
Оқуға қатынасынбағалау      
Еңбекке қатынасынбағалау      
Оқушының бос уақытын бағалау      
Кәсіптік бағыттылығын бағалау      

3. Оқушының рухани-адамгершілік қасиеттерінің тәрбиелілігін анықтаудың педагогтарға арналған диагностикалық картасы

(орта мектеп, колледждер, жоғары оқу орындары)

 

Мақсат: әрбір оқушының және сыныптың бүтіндей топтың тәрбиелілік деңгейін анықтау.

Нұсқау: Төмендегі қасиеттерді бағалау жүйесі бойынша әрбір оқушының рухани-адамгершілік қасиеттердің көріне беру (қалыптасқандылық) дәрежесін талдаңдар және бағалаңдар:

5 бал – қасиет көрініс береді,

4 бал – қасиет көрініс бермегеннен гөрі, көп көрініс береді.

3 бал – қасиет көрініс бермегеннен гөрі, аз көрініс береді.

2 бал – қасиет көрініс бермейді.

 

 

Т.А. адалдық   адамгершіліктік мейірімділік парасаттылық әдептілік Жылы шырайлы толерантнттылық құрмет     еңбексүйгіштік әділеттілік жауапкершілік сенімділік тәртіптілік Тәрбиелілік деңгейі (балдар қосындысы)  
1.                            
2.                            

 

Нәтижелерді өңдеу:

Сыныптың / топтың тәрбиелілік деңгейі (ТД) төмендегі формула бойынша анықталады:

УВ = Σ n1 n2 + Σnх

n

мұндағы, Σ – барлық оқушылардың бағаларының арифметикалық қосындысы,

n – сыныпта / топта оқитындардың саны.

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Рухани-адамгершілік қасиеттер тәрбиелілігінің диагностикалық картасы Қандай қасиеттер ең көп / ең аз қалыптасқан Ескерту
Барлық зерттелген оқушылар      
Сыныптың / 1 топтың тәрбиелілік деңгейі    
Сыныптың / 2 топтың тәрбиелілік деңгейі    
Сыныптың / n топтың тәрбиелілік деңгейі    

 

 

 


Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Рухани-адамгершілік қасиеттер тәрбиелілігінің диагностикалық картасы Қандай қасиеттер ең көп / ең аз қалыптасқан Ескерту
Барлық зерттелген оқушылар      
Сыныптың / 1 топтың тәрбиелілік деңгейі    
Сыныптың / 2 топтың тәрбиелілік деңгейі    
Сыныптың / n топтың тәрбиелілік деңгейі    


НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР «БОБЕК»
 
ПРОГРАММА МОНИТОРИНГА РЕЗУЛЬТАТИВНОСТИ НРАВСТВЕННО-ДУХОВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ДЕТЕЙ И МОЛОДЕЖИ РК    
Алматы, 2011

СОДЕРЖАНИЕ:

   
Предисловие……………………………………………………………...............................
- мониторинг нравственно-духовного развития воспитанников детских садов …………………………………………………………………………………………...
- мониторинг нравственно-духовного развития младших школьников (1-4 классы 11-летней школы) ……………………………………………………………………...
- мониторинг нравственно-духовного развития учащихся среднего звена и старшеклассников (5-9 классы 11-летней школы) …………………………………..
- мониторинг нравственно-духовного развития старшеклассников и выпускников средней школы (10-11 классы 11-летней школы) …………………………………...
- мониторинг нравственно-духовного развития студентов колледжей и вузов.……
- оценка педагогами уровня нравственно-духовного развития обучающихся ……..
- приложения.....................................................................................................................

ПРЕДИСЛОВИЕ

 

В целях мониторинга нравственно-духовного образования детей и учащейся молодежи Республики Казахстан Институтом гармоничного развития человека ННПООЦ «Бобек» разработана программа проведения мониторинга нравственно-духовного образования детей и молодежи.

Данная программа имеет 5 этапов, соответствующих уровням обучения (дошкола, начальная школа, среднее звено, старшее звено и студенты колледжей и вузов). Все предложенные методики проводятся в течение нескольких занятий педагогом «Самопознания». По каждой методике педагог заполняет индивидуальные и общие протоколы исследования.

Педагогов «Самопознания», которые будут проводить исследование в дошкольных организациях образования, общеобразовательных средних школах, колледжах, просим отсылать общие протоколы исследования и общие данные об обучающихся по электронному адресу prognoz-bobek@mail.ru в прогнозно-аналитический отдел Института гармоничного развития человека ННПООЦ «Бобек» для дальнейшей обработки и анализа результатов мониторинга. Индивидуальные протоколы, как и данные об учащихся, остаются в образовательном учреждении.

Кроме того, следует указывать область, название образовательного учреждения, информацию о педагоге (общий стаж, категорию, стаж преподавания предмета «Самопознание», какой предмет преподавался до «Самопознания»).

Педагогам и воспитателям, которые будут проводить предложенные методики в своих образовательных организациях, следует придерживаться следующих принципов:

1. Принцип личной ответственности за проводимую работу.

2. Принцип профессиональной тайны.

3. Принцип конфиденциальности.

4. Принцип научной обоснованности (результаты исследований должны соответствовать требованиям надежности, валидности, точности, объективности и т.д.).

5. Принцип добровольности участия обучающихся в диагностических исследованиях.

6. Принцип психопрофилактического применения результатов исследования (деликатность при проведении исследования, адекватность и доступность языка, учет возрастных особенностей обучающихся).

Все предложения и пожелания также просим направлять по адресу prognoz-bobek@mail.ru.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 219; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты