Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Д Щ Ч Др С Т З




М Ж А М Ә Е Қ

Нәтижелерді өңдеу:1 ден 7 ші сұраққа дейін баланың белгілеген сантиметрлері өлшенеді, олар хаттамаға балдар түрінде енгізіледі (мысалы, 54 мм 5,4 балға сәйкес келеді). 8 ден 11 дейінгі сұрақтардағы балалардың жауаптары сол күйінде жазылады.

Жекедара хаттаманың үлгісі:

Оқушының Т.А. М Ж А М Ә Е Қ Балдардың жалпы саны
1.                        
2.                        

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Өзін-өзі бағалауды анықтау» әдістемесі
  Саны % Ескерту
Зерттелген барлық балалар      
1-7 сұрақтар бойынша 21 балдан аз    
1-7 сұрақтар бойынша 21 ден 42 балға дейін    
1-7 сұрақтар бойынша 42 ден 70 балға дейін    
8-11сұрақтарға басым жауаптар  

3. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі

Мақсаты:баланың өз-өзіне және өзінің айналасындағы жақындарымен қатынасын зерттеу.

Зерттеу барысы:балаға басына келген бірінші оймен сөйлемді аяқтауды ұсынады (сөйлемді көп ойланбай, ойыңа бірінші келген сөйлеммен жауап берген маңызды):

1. Мамам жиірек .... деп ойлаймын.

2. Папам кейде ...

3. Менің ағам (менің әпкем)...

4. Мен ойнайтын балалар...

5. «Өзін-өзі танудан» беретін менің мұғалімім...

6. Мен менде .... болмағанын қалаймын

7. Мен .... менде болғанын қалаймын

8. ..... Мен ылғи армандаймын

9. Әрбір адам ...

10. Мен өзім туралы ойланған кезде...

11. Менің денсаулығым...

12. Менің өмірім...

13. Мұғалім сабақ айтқан кезде...

14. Менімен бірге оқитын балалар...

Нәтижелерді өңдеу: кестенің «Қатынас…» деген әрбір бағанға реакция түрлері жазылады:

- «н» — нейтральды (мысалы «Мен менің мамам жұмыста жиі болады деп ойлаймын»),

- «т» — теріс (мысалы, «Папам кейде маған айқайлайды»),

- «о» — оң (мысалы, «Менің денсаулығым өте жақсы»).

«Тілектер» және «Армандар» бағанында тілектердің салалары жазылады:

- «о» — оқу, танып білу (мысалы, «Мен менде бестіктердің көп болғанын қалаймын»),

- «д» — достар (мысалы, «Мен өзімде көп дос болғанын қалаймын»),

- «ж» — жанұя (мысалы, «Мен өзімнің жанұям және балаларымның көп болғанын қалаймын»),

- «т» — тұлғалық бағыттылық, егер бағыттылықтың типі «бар болу» болса онда «тбб» қойылады (мысалы, «Менде көп ойыншықтар бар болғанын қалаймын»), егер бағыттылықтың типі «болғанды» болса онда «тб» қойылады (мысалы, «Үлке болғанда жүргізуші болғанды күнде армандаймын»).

«Адам образы» бағанына төмендегідей белгілер қойылады:

- «д» — егер әрекет көрсетілсе (мысалы, «Әрбір адам жұмыс істейді»),

- «а» — егер армандар көрсетілетін болса (мысалы, «Әрбір адам дені сау болғанын қалайды»),

- «м» — егер адамның мінезі мен қасиеттері көрсетілсе (мысалы, «Әрбір адам мейірімді»).

Жанұя мүшелеріне қатынасы — № 1, 2, 3 сөйлемдер.

Құрбыларына қатынасы — № 4, 14 сөйлемдер.

Мұғалімге қатынасы — № 5, 13 сөйлемдер.

Өз денсаулығына қатынасы — № 11 сөйлем.

Өзіне қатынасы — № 10 сөйлем.

Өз өміріне қатынасы — № 12 сөйлем.

Тілеулері мен олардың бағыттылығы — сөйлем № 7.

Армандар мен олардың бағыттылығы — сөйлем № 8.

Адам образы — сөйлем № 9.

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі Саны % Ескерту
Барлық зерттелген балалар      
Жанұя мүшелеріне басым қатынасы      
Құрбыларына басым қатынасы      
Мұғалімге, мектепке басым қатынасы      
Денсаулығына басым қатынасы      
Өзіне басым қатынасы      
Өз өміріне басым қатынасы      
Басым талаптану ниеті      
Басым армандары      
Басым адам образы      

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Хаттамада әр түрлі реакциялар саны әрбір баған бойынша саналады. Ескертпелерде баланың проблемалы, жанжалдық қатынастары жағдайларын жазу қажет.

 

Т.А. Жанұя мүшелеріне қатынасы Құрбыларына қатынасы Мұғалімге, мектепке қатынасы Денсаулыққа қатынасы Өзіне қатынасы Өз өміріне қатынасы Талаптану ниеті Армандар Адам образы
1.                  
2.                  

4. «Таңдау» әдістемесі

Мақсаты:Баланың құндылықты-мәндік сферасын зерттеу. Тапсырма жазбаша түрде орындалады.

Сұрақтар:

1. Сенің сүйікті ертегің, кейіпкерің қандай, неге?

2. Егер ертегідегідей, сенде сиқырлы таяқша болды дейік, сен 3 тілек тілей аласың. Не тілер едің?

3. Ержеткенде кім болатыныңды шештің бе?

4. Сенің өзіңнің жанұяң, балаларың бола ма?

5. Қалай ойлайсың адам не үшін өмір сүреді?

6. Сен не үшін өмір сүресің? Өз өміріңде не нәрсегее қол жеткізе аласың?

Нәтижелерді өңдеу:балалардың жауаптарыхаттамада толық жазылады.

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Т. А.
1.            
2.            

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Таңдау» әдістемесі Саны % Ескерту
Барлық зерттелген балалар      
1 сұраққа басым жауап      
2 сұраққа басым жауап      
3 сұраққа басым жауап      
4 сұраққа басым жауап      
5 сұраққа басым жауап.      
6 сұраққа басым жауап.      

 

ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ДАМУЫН МОНИТОРИНГТЕУ

(11-жылдық мектептің 5-9 сыныптары)

Оқушылар жайлы жекедара мәліметтер (мұғалім толтырады):

1. Тегі, аты, әкесінің аты, сынып.

2. Жасы.

3. Жанұя құрамы.

4. Ата-анасының білімі.

5. Оқудағы жетістіктері.

6. Оқудан тыс жетістіктері.

7. Оқушының қызығушылықтары, ермектері, бейімділіктері.

Оқушы жайлы жалпы мәлімет («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

11-жылдық мектептің 9 сыныбы Саны %
Зерттелген барлық оқушы    
Оқушылардың орташа жасы      
Жанұялардың басым құрамы      
Ата-аналардың басым білімі      
Оқудағы жетістіктері жоғары оқушылар      
Оқудан тыс жетістіктері жоғары оқушылар (нақты қандай)      
Оқушылардың басым қызығушылығы, бейімділігі, қабілеттілігі      

1. «Менің таңдауым» Анкетасы (сауалнамасы)

Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын, ермектерін, кәсіби бағыттылығын, құндылықтық бағытын, өмірдегі мақсаттарын, өмірлік мәселелерін анықтау.

1. Сенің сүйікті көркем шығармаң (фильм, кітап) қандай?

2. Сүйікті кейіпкерің қандай? Ол саған неге ұнайды?

3. Сенің өмірдегі басты ұраның қандай?

4. Сенің сүйікті ермегің, хоббиің қандай?

5. Өскенде, сен кім болатыныңды шештің бе?

6. Сенің өзіңнің жанұяң, балаларың бола ма?

7. Адам не үшін өмір сүреді деп ойлайсың?

8. Сенде өмірлік мақсаттарың бар ма? Сенің неге қол жеткізгің келеді?

9. Ойлап көрші, егер адам сиқырлы түрде өзінің өмірінде бірдеңені өзгерту мүмкіндігі болды дейік. Сен бірдеңелерді өзгертуді қалар ма едің, егер қаласаң нақты нені және не үшін өзгертер едің?

 

Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Менің таңдауым» Анкетасы Саны % Ескерту
Зерттелген барлық оқушы      
1 сұраққа басым жауап      
2 сұраққа басым жауап.      
3 сұраққа басым жауап.      
4 сұраққа басым жауап.      
5 сұраққа басым жауап.      
6 сұраққа басым жауап.      
7 сұраққа басым жауап.      
8 сұраққа басым жауап.      
9 сұраққа басым жауап.      

2. «Өзін-өзі талдау» әдістемесі

Мақсаты: өзін-өзі бағалау негізінде әлеуметтік мәнді қасиеттерді талдау.

Нұсқау:«Балалар! Сендерге сендердің тұлғаларыңның ерекшеліктері жайлы ойлармен келісімдеріңді білдіру ұсынылады. Бір парақ қағаз алып жоғары жағына өздеріңнің тектеріңді, аттарыңды, мерзімін, мектепті, сыныпты жазыңдар. Мен сұрақтың нөмірін оқимын, ал сендер сол нөмерді жазып оның қасына өз жауаптарыңды жазуларың керек. Жауап мүмкін болатын жауаптар шкаласынан таңдалып алынады:

 

Дұрыс емес Дұрысқа жақынырақ әрқалай толық дұрыс дұрыс

1 2 3 4 5

 

Сендер мүмкін болатын жауаптар шкаласына қарайсыңдар және қай жауаптың сендерге дұрыс келетіндігін шешесіңдер: 1, 2, 3, 4 немесе 5. Мысалы, № 1 ге сендер дұрысқа жақынырақ жауабын таңдадыңдар. Енді бірінші нөмірден кейін тире қойып екі цифрын жазасыңдар. Осылайша барлық сұрақтарға жауап беру керек.

Сұрақтар:

1. Мен адамдардың көбіне, сыныптастарыма, таныстарыма сыйластықпен қараймын.

2. Мен өзімде басқа адамдардың қиыншылығын көре білу, оларға белсенді көмектесу қабілетімді дамытамын.

3. Ұжым мүддесі үшін өз мүддемді қыюға дайынмын.

4. Мақтау немесе сыйлық күтпестен құрбыларыма көмектесем.

5. Менің еңбегімнің қоғамға пайда әкелгенін қалаймын.

6. Адамның қолымен жасалған заттарға құнттылықпен қараймын.

7. Кез-келген істе ең жақсы нәтижелерге ұмтыламын.

8. Жұмыстағы қиындықтарды өз бетімше шешуге ұмтыламын.

9. Іске өз тәсілдерімді жиі жасап кірісемін.

10. Жаңа істерді ұсынып және оны жүзеге асыруды ұнатамын.

11. Мен – мақсатқа қарай ұмтылатын адаммын.

12. Толық күш жігермен ұзақ уақыт жұмыс істей аламын.

13. Егер мен ата-анама немесе досыма көмектесуге жалқаулансам өзімді ұятты сезінем.

14. Өзіме наразы болу мені өз кемшіліктеріммен күресуге итермелейді.

15. Сыныптың жұмысына жауапкершілікпен қараймын, жалпы табыс үшін уайымдаймын.

16. Бірдемесі болмай жатқан балаларға жан ашушылық танытамын.

17. Егер адамдарға пайда әкелетін болса, ұнамайтын жұмыс болса да кез-келген жұмысты ынтамен істеймін.

18. Бізді қоршаған табиғатқа, жануарларға, өсімдіктерге, су бөгеттеріне және т.т. құнттылықпен қараймын.

19. Маған кез-келген істе мұқияттылық, адалдық тән.

20. Өз бетімше еңбек еткенді ұнатамын.

21. Жұмысты сүйемін оны өзім үшін де және басқалар үшін де қызықты және пайдалы қылуға ұмтыламын.

22. Қызметтің жаңа түрлерін, жаңа біліктіліктермен машықтарды игерген ұнайды.

23. Мен жұмыста ең бастыларын бөліп алып басқа маңыздылығы төмен есептерге алаңдамауға әдеттенгем.

24. Адамдармен жанжалдарда шыдамдылық пен табандылық сақтай аламын.

Нәтижелерді өңдеу:алынғанжеке дара мәліметтердің негізінде педагог барлық сынып бойынша алынған нәтижелерді беретін зерттеу хаттамасын толтырады. Онда жеке дара мен қатар орташа топтық нәтижелер жекелеген параметрлер бойынша талданады.

Бұл әдістеме келесі әдістемемен қатар жүргізіледі.

3. «Оқушылардың тұлғасын талдау» әдістемесі

 

Мақсаты:педагогикалық бағалау негізінде оқушылардың әлеуметтік мәні бар қасиеттерін талдау.

Нұсқау: «Сізге сіздің оқушыларыңыздың ерекшеліктері туралы ойлармен келісуіңізді білдіруді ұсынады. Бір парақ қағаз алыңыз да бірінші бағанға оқушылардың тегін, атын жазыңыз. Одан әрі қарай 24 баған жасаңыз, оларға сіз ой номеріне қарсы әр оқушының тұлғасын сипаттайтын өз жауабыңызды (1 ден 5 ке дейінгі балдар) жазасыз.

Жауап мүмкін болатын жауаптар шкаласы бойынша таңдалады:

 

Дұрыс емес Дұрысқа жақынырақ әрқалай толық дұрыс дұрыс

1 2 3 4 5

 

Сендер мүмкін болатын жауаптар шкаласына қарайсыңдар және қай жауаптың сендерге дұрыс келетіндігін шешесіңдер: 1, 2, 3, 4 немесе 5. Мысалы, № 1 ге сендер дұрысқа жақынырақ жауабын таңдадыңдар. Енді бірінші нөмірден кейін тире қойып екі цифрын жазасыңдар. Осылайша барлық сұрақтарға жауап беру керек.

 

Сұрақтар:

1. Адамдардың көбіне, сыныптастарына, таныстарына сыйластықпен қарайды.

2. Өзінде басқа адамдардың қиыншылығын көре білу, оларға белсенді көмектесу қабілетін дамытады.

3. Ұжым мүддесі үшін өз мүддесін қыюға дайын.

4. Мақтау немесе сыйлық күтпестен құрбыларына көмектеседі

5. Өз еңбегімен қоғамға пайда әкелгенді қалайды.

6. Адамның қолымен жасалған заттарға әрқашан құнттылықпен қарауға.

7. Кез-келген істе еңжақсы нәтижелерге жетуге ұмтылады.

8. Кез келген істегі қиындықтарды өз бетінше шешуге ұмтылады.

9. Іске өз тәсілдерімді жиі жасап кіріседі.

10. Жаңа істерді ұсынып және оны жүзеге асыруды ұнатады.

11. Ол – мақсатты адам.

12. Толық күш жігермен ұзақ уақыт жұмыс істей алады.

13. Егер мен ата-анама немесе досына көмектесуге жалқауланса өзін ұятты сезінеді.

14. Өзіне наразы болу оны өз кемшіліктеріммен күресуге итермелейді.

15. Сыныптың жұмысына жауапкершілікпен қарайды, жалпы табыс үшін уайымдайды.

16. Бірдемесі болмай жатқан балаларға жан ашушылық танытады.

17. Егер адамдарға пайда әкелетін болса, ұнамайтын жұмыс болса да кез-келген жұмысты ынтамен істейді.

18. Қоршаған табиғатқа, жануарларға, өсімдіктерге, су бөгеттеріне және т.т. құнттылықпен қарайды.

19. Оған кез--келген істе мұқияттылық, адалдық тән.

20. Өз бетінше еңбек еткенді ұнатады.

21. Кез-келген жұмысты өзі үшін және басқалар үшінде қызықты және пайдалы қылуға ұмтылады.

22. Қызметтің жаңа түрлерін, жаңа біліктіліктермен машықтарды игерген ұнайды.

23. Мен жұмыста ең бастыларын бөліп алып басқа маңыздылығы төмен есептерге алаңдамауға әдеттенген.

24. Адамдармен жанжалдарда шыдамдылық пен табандылық сақтай алады.

«Тұлғаның өзін-өзі талдау» және «Тұлғаны талдау» әдістемелеріне Кіліт:

I. Адамгершілік ұстанымының белсенділігі —№ 1, 2, 13, 14

I А — Адамдарға сыйластық, ұяттылық —1, 13

I Б — Өзін-өзі өнегелі тәрбиелеуге ұмтылу —2,14

II. Ұжымшылдық —№ 3, 4, 15, 16

II А — Ұжым алдындағы жауапкершіліктік —3, 15

II Б — Сезімталдық және өзара көмек — 4, 16

III. Еңбектегі азаматтылық — № 5, 6, 17, 18

III А — Өз еңбегінің қоғам үшін маңыздылығын түсіну — 5, 17

III Б — Еңбек нәтижелеріне, табиғатқа құнттылықпен қарау — 6, 18

IV. Еңбексүйгіштік —№ 7, 8, 19, 20

IV А — Адалдық —7, 19

IV Б — Қиндықтарды жеңудегі өзбетіншелік – 8, 20

V. Шығармашылық белсенділік — № 9, 10, 21, 22

V А — Жұмыспроцесін жақсартуға ұмтылу — 9, 21

V Б — Жаңаға ұмтылу, ынта — 10, 22

VI. Қайраттылық қасиеттері — № 11, 12, 23, 24

VI А — Мақсатқа ұмтылушылық —11, 23

VI Б — Табандылық және өзін-өзі ұстау —12, 24

Өңдеу және нәтижелерді интерпретациялау:

Оқушылардың әлеуметік мәнді қасиеттерінің деңгейі Мұғалімнің бағалары бойынша Оқушылардың өзін-өзі бағалаулары бойынша
Төмен (т) 1,00-3,32 1,00-3,65
Орташа (о) 3,33-4,32 3,66-4,32
Жоғары (ж) 4,33-5,00 4,33-5,00

 

Әр қасиеттің сұрақтары бойынша орташа арифметикалық баға есептеледі. Орташа арифметикалықтардың қосындысы топтың мәліметтерін есептеу кезінде топ мүшелерінің санына бөлінеді. Барлық қорытынды нәтижелер 1-5 балдар интервалында қарастырылады.

Педагог пен балалардың өзін-өзі бағалауының алшақтану дәрежесі олардың өза-ара қарымқатынас жасау сипатына, топтың психологиялық климатына әсер етеді. Үлкен алшақтық болған жағдайда (1 балдан артық) өзара сенім мен ынтымақтастық болмайды. Мұндай қатаң немесе балаларды түсінбейтін педагогтің қандайда бір қызметті ұйымдастыруы педагогикалық жағынан тиімді болуы екіталай. Жетекші бұл жағдайда жедел түрде өзінің педагогикалық қойылымдарын, қарым-қатынас жасау стилін және қызметті жоспарлау сипатын сыни талдап, қателерді табуы керек.

 

«Тұлғаның өзін-өзі талдау» және «Тұлғаны талдау» әдістемесінеЖеке дара хаттаманы толтыру мысалы:

Оқушылардың әлеуметік мәнді қасиеттерінің деңгейлері Оқушылардың өзін-өзі бағалауы бойынша
Т.А. I.   II.   III. IV. V. VI.
А Б А Б А Б А Б А Б А Б
1. ж ж о ж ж о о о ж ж т о
2.                        

 

 

Оқушылардың әлеуметік мәнді қасиеттерінің деңгейлері мұғалімнің бағалары бойынша
Т.А. I.   II.   III. IV. V. VI.
А Б А Б А Б А Б А Б А Б
1. о ж о о о о о о ж ж о о
2.                        

 

Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Тұлғаның өзін-өзі талдау» және «Тұлғаны талдау» әдістемесі
  Саны % Ескерту
Барлық зерттелген оқушылар      
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы Әлеуметтік-мәнді қасиеттердің басым деңгейі (т, о, ж), саны %
I. А    
Б    
II. А    
Б    
III. А    
Б    
IV. А    
Б    
V. А    
Б    
VI. А    
Б    
Мұғалімнің бағалары Әлеуметтік-мәнді қасиеттердің басым деңгейі (т, о, ж), саны %  
I. А    
Б    
II. А    
Б    
III. А    
Б    
IV. А    
Б    
V. А    
Б    
VI. А    
Б    

4. «Адамгершілік таңдау» әдістемесі

Мақсаты: оқушылардың адамгершілік нормаларына және сәйкес адамгершілік қасиеттерге (жауапкершілікке, өзіне сын көзбен қарау, принципиптілікке, сақтыққа, әділдікке) қатынасын анықтау.

Эксперименттің жүрісі: оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Нұсқау: «Келесі жағдайларда сен не істейсің? Сенің іс-әрекетіңе сәйкес келетін жауапты таңда, немесе өз жауабыңды жаз».

Сұрақтар:

1. Демалыс уақытында, сен демалуға кетейін деп жиналып жатқанда, мұғалім күтпеген жерден сенен оқу кабинетін ретке келтіруге көмектесуді сұрады. Сен қалай істейсің?

а) көмектесуге келісемін деп айтасың және демалысқа кетуіңді кейінге қалдырасың;

б) балаларды жинап, олармен бірге барлық жұмысты бір күнде орындайсың;

в) жұмысты қайтып оралғаннан кейін орындайым деп уәде бересің;

г) қалада қалатын біреуді көмекке шақыруды ұсынасың;

д) өз жауабың …

2.Сағанонша көңіліңнен шықпайтын жұмыс берді, бірақ ұжым үшін оны жедел орындау қажет. Сен не істейсің?

а) тапсырылған жұмысты адал орындайсың;

б) жұмысты өзің жасамас үшін тапсырманы орындауға жолдастарыңды тартасың;

в) саған басқа, қызықтырақ тапсырма беруді сұрайсың;

г) бас тартуға сылтау табасың;

д) өз жауабың …

3. Сен кездейсоқ бір топ кластастарыңның әділ бірақ саған ұнамайтын ескертулер айтып жатқанын естідің. Сен не істейсің?

а) балаларға, сенің мінез-құлқыңдағы қателіктердің не себептен болғанын түсіндіруге тырысасың;

б) әңгімені қалжыңға айналдырасың, бірақ қателіктеріңді тезірек түзетуге тырысасың;

в) ештеңе естімеген күй танытасың;

г) балаларға олардың сенен артық еместігін, себебі сенің сыртыңнан сен туралы айтып тұрғандарын айтасың;

д) өз жауабың …

4. Еңбек лагерінде мектеп участкесінде арам шөп отаған кезде сенің қолың ойылып кетті деп ойлап көр. Сен не істер едің?

а) ауырғанына шыдай отырып, барлығы сияқты нормаңды орындайсың;

б) жолдастарыңнан нормаңды орындауға көмектесуін сұрайсың;

в) сені бұл жұмыстан босатып, басқа жұмысқа ауыстыруды сұрайсың;

г) жұмысты аяқтамай тастайсың да демалуға кетесің;

д) өз жауабың …

5. Сенің көз алдыңда бір адамның басқа бір адамды себепсіз ренжіткеніне куәгер болдың. Не істейсің?

а) зәбір көрген адамнан ренжіткен адамның кешірім сұрауын талап етесің;

б) жанжалдың себептерін анықтап оны жоюға қол жеткізесің;

в) ренжіген адамға көңіл айтасың;

г) саған мұның қатысы жоқ кейпін танытасың;

д) өз жауабың …

6.Сен абайсызда, шағын зиян немесе басқаға мейірімсіздік жасадың. Сен не істейсің?

а) зиянды, мейірімсіздікті болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайсың;

б) кешірім сұрап, жапа шеккенге мұны қаламағандығыңды түсіндіресің;

в) сен келтірген зиянды ешкімге байқатпауға тырысасың, сен кінәлі еместей кейпіңді танытасың;

г) кінәні жапа шеккенге жаба саласың: тиіспесін, өзі кінәлі;

д) өз жауабың …

Нәтижелерді өңдеу:жауапты таңдау

а) сәйкес адамгершілік нормаларына белсенді, тұрақты-оң қатынасты көрсетеді;

б) бұл қатынас жеткілікті белсенді болғанымен, тұрақтылығы жеткіліксіз (ымыралар болуы мүмкін);

в) оқушының қатынасы пассивті және жеткіліксіз тұрақты екендігін айтады.

г) оқушының адамгершілік нормаларына теріс, тұрақты емес қатынасын көрсетеді.

 

Жеке дара хаттаманың формасы:

 

Т.А.
1.            
2.            

Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Адамгершілік таңдау» әдістемесі
  Саны % Ескерту(ең кең таралған жауаптарды келтіру д)
Зерттелген барлық балалар      
а жауабын таңдау    
б жауабын таңдау    
в жауабын таңдау    
г жауабын таңдау    

5. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін өзін-өзі бағалауын диагностикалау

(«Мен қандаймын?» әдістемесі)

 

Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау.

Кіріспе ескертулер:педагог, төменде берілген хаттамаларды пайдаланып, ол өзін тұлғаның әртүрлі он оң қасиеттері бойынша қалай бағалайтындығын оқушыдан сұрайды. Оқушылардың өзі-өзіне қойған бағаларын педагог сәйкес бағандарға қояды, содан кейін балдарға аударылады.

Тұлғаның бағаланатын қасиеттері Вербальды шкала бойынша бағалар
иә жоқ кейде білмеймін
Жақсы дос        
Мейірімді        
Еңбекқор        
Сыйлы        
Өз бетінше        
Ұқыпты        
Сыпайы        
Қабілетті        
Адал        
Өмірлік ұстанымы белсенді        

Өңдеу:

«иә» - 1 бал,

«жоқ» - 0 бал,

«білмеймін», «кейде» - 0,5 бал.

Оқушының адамгершілік қасиеттерін өзін-өзі бағалауы тұлғаның барлық қасиеттері бойынша алған балдарының жалпы соммасы бойынша анықталады.

Нәтижелерді интерпретациялау:

- 10 бал – өзін-өзі бағалауы өте жоғары.

- 8-9 бал – өзін-өзі бағалауы жоғары.

- 4-7 бал – өзін-өзі бағалауы орташа.

- 2-3 бал – өзін-өзі бағалауы төмен.

- бал – өзін-өзі бағалауы өте төмен.

 

Жеке дара хаттаманың формасы:

Т.А. Жалпы балл Өзін-өзі бағалау деңгейі Мұғалімнің ескертуі
1.      
2.      

 

Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

(«Мен қандаймын») адамгершілік қасиеттерін өзін-өзі бағалауды диагностикалау
  Саны % Ескерту(оқушыла қандай қасиеттерді ең жоғары, ал қандайларын жоғары емес бағалайтындығын көрсету керек)
Зерттелген барлық балалар      
Өзін-өзі өте жоғары бағалайтындар    
Өзін-өзі бағалауы жоғарыла    
Өзін-өзі орташа бағалайтындар    
Өзін-өзі төмен бағалайтындар    
Өзін-өзі өте төмен бағалайтындар    

 

ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ДАМУЫН МОНИТОРИНГТЕУ

(11-жылдық мектептің 10-11 сыныптары)

Оқушылар жайлы жекедара мәліметтер (мұғалім толтырады):

1. Тегі, аты, әкесінің аты, сынып.

2. Жасы.

3. Жанұя құрамы.

4. Ата-анасының білімі.

5. Оқудағы жетістіктері.

6. Оқудан тыс жетістіктері.

7. Оқушының қызығушылықтары, ермектері, бейімділіктері.

8. Кәсіби бағыталу

Оқушы жайлы жалпы мәлімет («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

11-жылдық мектептің 11 сыныбы Саны %
Зерттелген барлық оқушы    
Оқушылардың орташа жасы      
Жанұялардың басым құрамы      
Ата-аналардың басым білімі      
Оқудағы жетістіктері жоғары оқушылар      
Оқудан тыс жетістіктері жоғары оқушылар (нақты қандай)      
Оқушылардың басым қызығушылығы, бейімділігі, қабілеттілігі      
Оқушыларды кәсіби бағыттау (негізгі мамандықтарды және қызмет түрлерін атаңыз)      

1. «Менің қызығушылықтарым, ермектерім, өмірдегі мақсатым»

Мақсат: оқушылардың қызығушылықтарын, ермектерін, мектеп пәндеріне қатынасын, кәсіптік бағытын, құндылықтық бағытын, өмірдегі мақсаттарын, өмірлік мәселелерін анықтау.

1. Тегі, аты, әкесінің аты.

2. Жанұя құрамы.

3. Жанұяның әлеуметтік жағдайы (ата-анасының білімі қандай, қазіргі кезде немен айналысады).

4. Қандай пәндер саған көбірек қызығушылық тудырады?

5. «Өзін-өзі тану» пәні саған ұнай ма? Неге?

6. Қай салада біліміңнің жетіспейтіндігін және оны толықтыру керектігін сезінесің?

7. Өз қызығушылықтарыңды көрсет (ермектер, хоб­би және т.б.).

Қандай бір салада проблемалар кездеседі

 

8. өзіңді тану;

9. адамдармен қарым-қатынас жасау;

10. жанұялық қатынастар;

11. басқа …

9. Қандай мақсаттарды өз өміріңе лайық деп есептейсің?

12. Мектептен кейін қайда оқуға түскің немесе қайда жұмыс істегің келеді?

13. Өмірде (5-10 жылдан кейін, 20 жылдан кейін) неге қол жеткізгің келер еді?

14. Өміріңнің өткен бөлігіндегі басты нәтижелер не болып табылады?

15. Сен қалай ойлайсың, адамды және қоршаған әлемді не үшін зерттеп білу қажет?

16. Қалай ойлайсың адам не үшін өмір сүреді?

17. Сенің сүйікті шығармаң, кейіпкерің, өмірдегі ұраның қандай?

18. Нені » керемет» деп атар едің, ондай жай сенің өміріңде болып па еді?

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Менің қызығушылықтарым, ермектерім, өмірдегі мақсатым» Анкетасы Саны % Ескерту
Барлық зерттелген оқушы      
3 сұраққа басым жауап.      
4 сұраққа басым жауап.      
5 сұраққа басым жауап.      
6 сұраққа басым жауап.      
7 сұраққа басым жауап.      
8 сұраққа басым жауап.      
9 сұраққа басым жауап.      
10 сұраққа басым жауап.      
11 сұраққа басым жауап.      
12 сұраққа басым жауап.      
13 сұраққа басым жауап.      
14 сұраққа басым жауап.      
15 сұраққа басым жауап.      
16 сұраққа басым жауап.      

2. А.М. Прихожан модификациясындағы Дембо-Рубинштейн әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауды зерттеу

 

Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау.

Нұсқау: «Балалар, төменде ұсынылып отырған шкалаларға қараңдар. Өздеріңнің қасиеттеріңді 100-балдық шкала бойынша бағалаңдар және шкалалардың әрқайсысында қандайда-бір қасиеттердің көріну деңгейін белгілеңдер. Жауапты көп ойланбай тесті мүмкіндігінше тез өтуге тырыс».

Менің жеке бастық қасиеттерім

 

 

Денсаулық Ақыл Мінез Басқаларға әсер Қабілеттіліктер Сыртқы түрі Өзіне ете білу сенімділігі


Өңдеу:Межелік көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша барлық балдарды қосып және алынған санды 7 ге бөліп орташа арифметикалық мәнін есептеңіз.

Нәтижелерді талдау:

45 балдан аз – өзін-өзі бағалауы төмендетілген,

45-74 бал – өзін-өзі бағалауы адекватты,

75-100 бал – өзін-өзі бағалауы жоғары.

 

Жекедара хаттаманың үлгісі:

Т.А. Балдары Өзін-өзі бағалау деңгейі
1.    
2.    

 

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

А.М. Прихожан модификациясындағы Дембо-Рубинштейн әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауды зерттеу
  Саны % Ескерту
Барлық зерттелген балалар      
өзін-өзі бағалауы жоғары    
өзін-өзі бағалауы адекватты    
өзін-өзі бағалауы төмен    

 

3. «Эмпатия деңгейін зерттеу» тесті

Мақсаты:оқушылардың эмпатияға жан ашу, қайғысын бөлісу қабілеттілігін анықтау.

Нұсқау:«тест сұрақтарына білмеймін», «жоқ, ешқашан», «кейде», «анда-санда», «жиі», «ылғи» және «иә, әрқашан» сөздермен жауап беріңдер.

 

Утверждения не знаю нет, никогда иногда часто почти всегда да, всегда
1. Маған атақты адамдардың биографиясын сипаттайтын кітаптарға қарағанда, саяхаттар мен тосын оқиғалы кітаптар ұнайды            
2. Ата-анасының ерекше қамқорлығы ересек балалардың наразылығын тудырады            
3. Мен басқа адамдардың табыстары мен сәтсіздіктерінің себептері туралы ойланам.            
4. Барлық әуендік бағдарламалардың ішінен заманауи музыка туралы хабарларды ұнатам.            
5. Науқастың шәлкес мінезі менәрекетіне ол жылдар бойына созылса да шыдау керек.            
6. Науқас адамға сөзбен де көмектесуге болады            
7. Екі адамның арасындағы жанжалға басқаның араласуының қажеті жоқ.            
8. Егде жастағы адамдар әдетте себепсіз ренжігіш келеді.            
9. Мен көңілсіз әңгімелерді естіген кезде, көзіме өзінен өзі жас келеді.            
10. Маған менің ата-анамның күйіп-пысқаны немесе ашуланғаны әсер етеді.            
11. Мен өзіме айтылған сынға немқұрайды қараймын.            
12. Маған пейзажды суреттерден көрі портреттерді қараған көбірек ұнайды.            
13. Ата-анамдікі дұрыс болмаса да, мен ылғи кешіремін.            
14. Егер адам жамандық жасаса оны жазалау керек.            
15. Адамдардың өміріндегі драммалық оқиғалар туралы оқығанда, оның бәрі өзімменен болып жатқандай сезінемін.            
16. Ата-аналар өз балаларына әділеттілікпен қарайды.            
17. Жанжалдасып жатқан балаларды немесе ересектерді көргенде, мен араласамын.            
18. Мен ата-анамның жаман көңіл-күйіне қарамаймын.            
19. Мен басқа істерімді қоя тұрып жануарлардың іс-әрекетін бақылай аламын.            
20. Кітаптар мен фильмдер көңілі бос адамдарды ғана жылатады.            
21. Мен танымайтын адамдардың бет әлпеті мен іс-әрекетін бақылағанды ұнатамын.            
22. Балалық шағымда мен үйіме мысықтар мен иттерді алып келетінмін.            
23. Барлық адамдар негізсіз ызалы.            
24. Сырт адамға қарағанда, оның өмірі қалай болатынын дәл тапқым келеді.            
25. Балалық шағымда менен жасы кішілер менің артымнан қалмайтын.            
26. Бір жері ауыратын жануарды көрген кезде, мен оған бірдеңемен көмектескім келеді.            
27. Адамның шағымын зейін қойып тыңдасаң, ол жеңілденіп қалады.            
28. Көше оқиғасын көргенде, тезірек қасынан өтіп кетуге тырысамын.            
29. Жасы кіші балаларға менің қандай бір іс немесе ермек ұсынғаным ұнайды.            
30. Өз иелерінің көңіл-күйін жануарлардың сезіну қабілетін адамдар асыра бағалайды.            
31. Жанжалды жағдайдан адам өз бетінше шығуы керек.            
32. Егер бала жыласа, оның өзіндік себептері бар.            
33. Жастар қарттардың тілектері де, қыңыр талабын да орындауы қажет.            
34. Мен өз кластастарымның мінез-құлқы жайлы ойланам.            
35. Панасыз жануарларды ұстап жою керек.            
36. Егер достарым менімен жеке бастарының мәселелерін талқылай бастаса, мен әңгімені басқа тақырыпқа аударуға тырысамын.            

Нәтижелерді өңдеу:

- білмеймін – 0,

- жоқ, ешқашан – 1,

- кейде – 2,

- жиі – 3,

- әрқашан – 4,

- иә, әрқаша-5

Талдау:нәтижелерді санар алдында ашықтық дәрежесін тексеру керек. Егер оқушы № 3, 9, 11, 13, 28, 36 сұрақтарға «білмеймін» деген жауаппен, сондай-ақ 11, 13, 15, 27 сұрақтарға «иә, әрқашан» деп жауап берсе онда бұл респонденттің жақсы жағынан көрінгісі келіп ашық болғысы келмегендігін.

Тестілеу нәтижелеріне, берілген пайымдаулардың барлығы бойынша респондент 3 тен көп емес шынайы емес жауап берсе сенуге болады. Егерде шынайы емес жауаптар 4 болса, онда зерттеудің объективтілігіне күмәндану керек, ал 5 болған жағдайда жұмысты бос жасалған деп есептеуіңізге болады.

Енді , 5, 8, 9, 10, 12, 13, 15, 16, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 29, 32 пунктеріне берілген барлық


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 226; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты